Сабақтың тақырыбы : Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі



Дата11.02.2020
өлшемі152,46 Kb.
#57616
түріСабақ
Байланысты:
Абдуллаева А


Сабақтың тақырыбы :

Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Тербелістер мен толқындар

Оқу мақсаттары:

9.2.5.4- тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау

Сабақ мақсаттары:


  • Қайталанбалы механикалық қозғалыстағы энергиялардың түрленуін түсіндіру
  • Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы толық механикалық энергияға тең екенін сипаттау
  • Механикалық тербелістердегі энергияның сақталу заңының формуласын есептерді шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері:

-Механикалық энергияның қайталанбалы қозғалыста түрленуін түсіндіре алады

-Тербелмелі механикалық қозғалыстағы энергияның сақталу заңының орындалуын сипаттай алады

-Механикалық тербелістердегі энергияның сақталу заңының формулаларын есептер шығаруда қолдана алады

Салыстыру мен салғастыруға арналған графикалық органайзер

«Зерттей біл» әдісі

«Алмастыр» әдісі

"Элективті тест“ әдісі

Екі не одан да көп нысандардың санаттары арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды сәйкестендіру үшін қолданамын

Ойлау қабілеттерін арттыруда оқушыларға бейнежазбадан үзінді көрсету арқылы ойлау танымдарын байқаймын

Оқушылар мәтін оқи отырып, мазмұнды карта құрап, топпен өзара алмасады. Топтар картаны ала отырып, жасаған топқа өз сұрақтарын қойып жауаптарын аламын.

Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылаймын.

Белсенді оқу әдістері

«Стоп» әдісі

Сабақта оқушының орындаған тапсырмасын келесі оқушы жалғастыру арқылы алған білімдерін жинақтап, есте сақтау қабілеті мен зейінін арттырамын.



Зерттеушілік, көрсетілім, ойлау, жазылым

Зерттеушілік, көрсетілім, СТО, айтылым, пәнаралық байланыс

Ізденушілік, ынтымақтастық,СТО, айтылым, бірлескен оқу, ынтымақтастық

Зерттеу, жазылым, ойлау, есеп шығару, жолдасқа көмек

Логикалық ойлау, айтылым, ақпаратпен жұмыс

«Саралау» саралап оқыту тәсілі аркылы оқушылардың жеке басының ерекшелігі мен қабілетіне қарай оқытуды бейімдеу.

Дерек

Қарқын

Қорытынды

Бағалау
    • Оқушылар әр тапсырма соңында бағаланып , қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылады.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Салыстыру мен салғастыруға арналған графикалық органайзер

әдісі арқылы үй тапсырмасына жауап береді

Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамаларды, өлшем бірліктерін, формулаларды жаза алды

«Зерттей біл» әдісі

арқылы өз бетінше жұмыстар орындайды

1.Қозғалыстардың қайталанбалы екенін, яғни механикалық тебелістер ұқсастығын ажыратып және ерекшеліктерін айтты

2.Механикалық тербелістер кезіндегі кинетикалық энергияның , потенциалдық энергияға, потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға түрленуін түсіндірді.



3.Дене тепе-теңдікке жеткендегі энергияның өзгерісін және амплитудасы азайған кездегі тербелістердің аталуын білді

«Алмастыр» әдісі

арқылы топпен бірлесе отырып жұмыстар орындайды

Механикалық энергиялардың түрлеріне мыалдар келтіріп,анықтама берді бір-бірінен ажырата алды

Механикалық энергияның сақталу және айналу заңын мысалдар арқылы сипаттай алды

Тербелмелі қозғалыс кезіндегі энергиялардың түрленін сызбаға салып көрсетті

“Стоп” әдісі арқылы алған білімдері жинақталады

Физикалық шамалардың белгіленуі, өлшем бірліктерін және есептің шартын жазды.

Тербелістер санын,периодын және тербелмелі қозғалыстағы толық энергияның формулаларын қолданып,нәтиже алды

Өлшем бірліктерін ХБЖ-ға келтірді

"Элективті тест“ әдісі арқылы тақырып бойынша ой қорытындылайды

Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның мөлшерін анықтай алды

Механикалық тербеліс кезіндегі потенциалдық энергияның шамасының тәуелділігін анықтай алды

Толық механикалық энергияның формуласын таба білді


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет