Ергежилі (оқиды) : (Good morning!) Гуд монинг! Қайырлы күн! Ойын сауық кешіне шақырамыз. Барлық қыздар қауымын. Ханымыз солай бұйырды.
(Ергежейлі хатты тапсырып, басын иіп кетеді)
Ө.Ш:
Рахмет, өте қуаныштымыз.
Міндетті түрде барамыз
Күлше қыз киім дайында
Ойын сауық кешіне
үшеуміз бірге барамыз.
(Екі қызы ортаға шығып)
Күлше қыз: Ооо, мен де кешке барамын
1 қыз: Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? !
2 қыз: Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ!
(Күлше қызды мазақтап Өгей шеше мен залдан шығып кетеді)
Күлше қыз:
Онда қандай көңілді
Шам шырықтар жағылған,
Барлық қыздар билейді
Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)
(Өгей шеше қолында екі шелегі бар ортаға шығады, (біреуінде горох, екіншіде – фасоль)) .
Ө.Ш:
Тапсыра мен ойлап таптым,
Көңілді сен босатпа,
Біз келгенше кешімізден
Мыналарды жинақта!
(Еденге шелектегіні төгіп тастайды.)
Күлше қыз:(басын ұстап) :
Не істеймін енді мынаны
Қалай жинап үлгерем?
Жүргізуші: Do we help our, Cinderella? (Ду уй хэлп ауа Синдрелла?)
Балалар: Yes!
Жұмыстан біз қашпаймыз,
Бәрін жинап тастаймыз!
Ойын: "Бұршақтарды жинақтау" (2-3 рет) .
(балалар ойнап жатқанда К.Қ орындыққа отырады, Ө.Ш ортаға шығады)
Ө.Ш:
Қыздарым менің әдемі!
Сұлулықтың әлемі
Ойын сауық кешінде
Боласыңдар сендер әдемі
(Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына кетеді)
(Ортаға патша мен ханзада шығады)
Ханзада: I am so bad! (ай эм сөу бәд)
Ойын сауық кештерің
Көңілсіз болды мен үшін (есінеп)
Патша:
Ұлым жан – жағыңа қарашы,
Бәрі қандай тамаша.
Көңіл көтер жараса.
Мысықтар қандай тамаша.
(Ортаға мысықтар шығып «Мысық» биін билейді)
Достарыңызбен бөлісу: |