Би: «Мысықтар»
Ханзада: Шаршатты бұл мысықтар,
Қызықты нәрсе табыңдар! Ән: Шырша жыры
Патша: Алыс аймақ жерлерден
Келді әдемі сұлулар
Қарашы оның билерін.
Сұлулыққа көз тоймар
Элана:
Қане босқа тұрмайық
Көтеруге көңілді
Қандай өнер ылайық
Би: « Шығыс биі».
(Ортаға Ө.Ш. қыздары шығып.)
Ө.Ш: Мәртебелі патшамыз,
қонақтарды қарсы алып,
ортаға бері шығыңыз
Би билейік, ән салып.
( патша өгей шешесін, мысықтар қыздарын биге шығады) барлығы билейді.
( барлығы орындарына отырады)
(к. қыз ортаға шығып жылайды) күлшеқыз әуені ойнап тұрады.
(Ортаға фея шығады қолында сыйқырлы таяғы бар)
Күлше қыз:
Сәлем бердім сізге мен
Келгеніңе қуанып
Фея: жылама қызым жылама
Жақсылықтың бәрі алда
Орындалып арманың
Сенде кешке барарсың.
Күлше қыз:
Бәрінде сіз білесіз.
Фея: Қолымнан келеріде көп!
К.қыз:
Қандай ғажап адамсыз,
Ризамын мен өмірге,
Ойын сауық кешіне,
Кір көйлекпен қалай барамын.
Фея: аймен жұлдыз жарығы
Жол көрсетер сендерге
Құпия сиқыр таяғы
Ергежейлер көмекке келер біздерге(сиқырлы таяғымен сермейді, жарық өшіп, қолдарына фонарик ұстаған ергежейлілер шығып к.қызды ортаға алып билеп шыршы артына алып кетедіде ,әдемі киіндіріп алып шығады.)
Фея: тыңда қызым бері қара
Айтар сөзім бар саған
Сағат тілі он екіні соққанда
Сиқыр күші жоғалар!
К.қыз: Thank you! (сәэнк ю) Рахмет сізге, бәрінде мен түсіндім.
(Фея мен к.қыз қоштасып шырша артына кетеді. Аттың дүбірі естіледі)
Патша: Let’s go dance! (летс гөу данс) (би бейлейік)
(К.қыз кіреді)
Патша:
Бұл не деген бейбастық
Тағы қонақ келгенбе?
Танымайтын ханшайым
Қайдан келдің қайжақтан.?
Ханзада:
Келгеніңе қуанып
Көтерілді көңілім.
Бейтаныс қыз қолыңды бер
Кел, билейік танысып.
(Ханзада мен күлше қыз билейді)
Ханзада: Мен сіздің осы сарайда қалағаныңызды қалаймын.
К.қыз: Бұл кешті мен ұмытпаймын,
Бірақ та мен қала алмаймын.
(сағат тілі он екіні соғады)
К.қыз: Ханзада қош болыныз!
(К.қыз кетіп бара жатқанда оны аяз ата мен ақшақар тоқтатып алады)
Аяз ата:
Тоқта, ботам, асықпа
Бүгінгі кеш ерекше,
Бәріміз қарысы алайық
Жаңа жылды ерекше!
Ақша қар:
Айтқан тілек жаңа жылда,
Орындалар әрқашан
Тілек тілеп әрқайсымыз
Жаңа жылды тойлайық
К.қыз: Жаңа жыл да келіп қалды,
Тілек тілер уақыт болды.
Аяз ата: Армысыңдар жарандар
Атқан таңға қараңдар
Шуағын шашып алтын күн
Жаңа жылмен құттықтап
Келіп жеттім алыстан
Қуаныштымын мен бүгін. Бұл жерде не айқай шу болып жатыр? Не болды? Кім ренжіткен Күлше қызды?
Достарыңызбен бөлісу: |