Балалар менің алдымда қиылған суреттер жатыр.Бұл суреттерді құрастырмас бұрын мына жұмбақтың шешуін табуымыз керек.
Жұмбақ
Қырда жүрер ол жортып
Іні де жоқ бармайтын
Құйрығымен бұлаңдап
Қандай аң ол алдайтын
-Жұмбақтың шешуін таптыңдар
Тапсырма: жұмбақтың шешуін дұрыс па бұрыс па қиылған суретті құрастыру арқылы білеміз.
-Тамаша, дұрыс құрастырдыңдар.Міне жұмбақтың дұрыс шешуі шықты.
-Енді бәріміз сиқырлы суреттерге назар аударайық.
Презентация:
Түлкі туралы суреттер көрсетіледі.
-Түлкі орманда тіршілік етеді.Ол жабайы аңдарға жатады Түлкінің баласын «Түлкішек деп атайды.
Қысы-жазы далада жүретін аң болғандықтан
Мезгілге байланысты жүні түлейді, яғни өзгереді.
Қыс мезгілінде жүнднрі қалыңдап, тұяқтары қатаяды. Қыста жүндері қызыл –сары түске өзгереді.Сондықтан халық оны қырдың қызыл түлкісі деп атайды.
-Енді бәріміз түлкінің қыста тамағын қалай тауып жейтінін көрейік.
Бейнесюжет
Бейнесюжеттен кейін балаларға сұрақтар қойылады.
-Ал, балалар сендер түлкі туралы не білесіңдер?
Қандай жануарларға жатады?
Түлкі қайда мекендейді?
Түлкінің түсі қандай?
Түлкі туралы тағы не білесіңдер?
Үй жануарларынан қандай айырмашылығы бар? Сергіту сәті «Түлкі қалай жүреді,
|