Пәні: физика
|
Мектеп: «Н.Төреқұлов атындағы №121 жом» кмм
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты –жөні:Козыбекова Дуйсенкул Жумановна
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі. Тогы бар шарғының магнит өрісі.
|
Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
8.4.3.2- магнит өрісінің сипаттамаларын түсіну.
8.4.3.3 тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтың айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау.
|
Сабақ мақсаттары
|
Магнит өрісінің сипаттамаларын білу.
|
Тогы бар түзу өткізгіштіңжәне соленоидтың айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау.
|
Жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру.
|
Бағалау критерийлері
|
Магнит өрісінің сипаттамаларын біледі.
Тогы бар түзуөткізгіштіңжәне соленоидтың айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтайды.
Жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстырады.
|
Ойлау деңгейлері
|
Білу, түсіну, қолдану, талдау
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
Соленоид-ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтары параллель және оны сырт жағынан орап тұрады.
Грек тілінен аудармасы –құбыр дегенді білдіреді.
Электромагнит-ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы.Оқушыларға мағынасын ауызша айтып түсіндіріп өтемін.
|
Құндылықтарды дамыту
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын басшылыққа ала отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеймін.
|
Пән аралық байланыс
|
Жердің магниттің полюстері -георафия , магниттің түрлері -жаратылыстану, магнит өрісінің сызбалары – геометрия.
|
Бастапқы білім
|
Жаратылыстану пәнінен магниттер және жердің магнит өрісі туралы түсініктері бар.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтын жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс –әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
10 мин
Білу, түсіну
айтылым
тыңдалым
|
Психологиялық ахуал орнату.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жүрегіміздің демалуы үшін бір-бірімізге жақсы тілектерімізді шаттық шеңберін құру арқылы білдірейік.
«Құпия зат» әдісі арқылы өткен тақырыпты түсіну деңгейін арттыру және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін кобдишаға салынған құпия затты көрсетемін.
Оқушылар тұрақты магнитті толық сипаттап беруге атсалысады.
Тұрақты магниттер дегеніміз магниттелуін ұзақ сақтайтын денелер.
Магниттің екі полюсі болады.
Оларды солтістік және оңтүстік деп белгілейміз.
Тұрақты магниттің өзіне тән қасиеті -магниттелуі ұштарында жақсы дамыған .
Магнит өрісі солтүстік полюстен шығып оңтүстік полюске енеді.
Магниттің түрлері бойынша топқа бөлемін.
|
Жылы лебіз
|
Сабақтың ортасы
25 минут
білу, түсіну
сыни ойлау
ақпаратпен жұмыс
айтылым
оқылым
тыңдалым
қолдану
талдау
сыни ойлау
айтылым
тыңдалым
қолдану
талдау
зерттеу
тыңдалым
айтылым
|
Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалаукритерийлерін оқушыларға айтып таныстырамын.
1-тапсырма:
«Денотатты граф» әдісі арқылы топтық жұмыс ұйымдастырамын. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды. Мәтінді оқып түйінді сөз арқылы тақырыптың негізгі ұғымын белгілейді. Түйінді сөздің қасиеттерін, сызбаларын, ережелерін сипаттайтын етістіктерді анықтайды. Түйінді сөзді тармақтарға жіктейді.
Дескриптор:
1.Магнит өрісіне анықтама береді.
2. Магнит өрісінің қасиеттерін талдайды.
3.Магнит өрісінің бағытын анықтайтын бұрғы және оң қол ережесін айтады.
ҚБ. Ауызша тиімді кері байланыс беремін.
2-тапсырма:
Бағалау критерийі:Тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтың айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтайды.
«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы кітапта берілген суреттермен жұмыс.
Магнит өрісінің айналу бағытын анықтау.
2. Суретте көрсетілген өткізгіштегі токтың бағытын анықтаңыз. Бағдаршалармен (стрелка) электр тогының айналасындағы магнит өрісінің күш сызықтары көрсетілген
Дескриптор:
1.Бұрғы сабының айналу бағыты арқылы магнит өрісінің бағытын анықтайды.
2. Оң қол ережесін қолданады, токтың бағытын анықтайды.
3.Бас бармақ токтың бағытын білдіретінін айтады.
ҚБ. Оқушылар бірін бірі бағалайды.
Өзара кері байланыс береді.
3- тапсырма
Бағалау критерийі: Жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстырады.
«Сен келісесің бе?» әдісі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырамын. Сұрақты жұп болып талқылайды . Жауабын айтады. Қалған жұптар дұрыс болса дұрыс деп, дұрыс болмаса өз ойларын ортаға салып дәлелдейді.
Соленоидтің полюстеріне қарап токтың бағытын анықтау.
Соленоидтің магниттік полюстерін анықтау.
Дескриптор
1. Оң бұранда ережесін қолданып, шарғының магнит өрісінің индукциясының бағытын анықтайды;
2.Магнит өрісінің индукциясының бағыты арқылы электромагниттің солтүстік және оңтүстік полюсінің орнын анықтайды.
ҚБ. Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалайды.
|
Кітап, магнит түрлері.
Кітап, суреттер, слайд
А4 парағына сызылған суреттер
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
4-тапсырма
“3 таяқша” әдісі арқылы бүгінгі тақырыпқа байланысты білімдерін пысықтаймын. 3 таяқша ұсынамын. Біреуін таңдайды. Топта талқылайды. Сұрақ түссе сұрақ қояды. Т.с.с
1 сұрақ –білгім келеді.
1 жауап-білдім.
1 идея –білемін.
Үйгетапсырма:
26-жаттығу ауызша жауаптар дайындап келу.
|
|
Қосымша ақпарат
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
|
Магнит өрісінің сипаттамасын түйінді сөздер арқылы меңгереді.Сызбаларға қарап магнит өрісі мен токтың бағыттын анықтайды. Білімдерін тапсырмалар арқылы саралаймын.
Қабілеті жоғары оқушыға жолақ магнит пен соленоидтың күш сызықтарын токтың бағыты арқылы салыстыруды ұсынамын.
|
Сабақ барысында бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Бағалау критерийлеріне сай тапсырмалар беріледі. Әр тапсырманы орындау барысында оқушыларға дескрипторлар ұсынылады. Дескрипторларға қарап тапсырманы орындай отырып оқушылардың білімі қалыптасады. Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау жүргіземін.(өте жақсы, жақсы, керемет, жарайсын.) Сабақтың әр кезеңінде кері байланыс жүзеге асарылады.
|
-Оқу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.
-Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.
|