Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
№266 мектеп-лицейдің технология пәні мұғалімі.
Ербасова Асылзат Бегімбайқызы
7 класс
Сабақтың тақырыбы: Тоқу - өнердің бір түрі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тоқу дәстүрін қалыптастыру, өнерге бейімдеу, талғампаздығын, әсемдік ерекшеліктерін, жеке басына қажет нәрсені тоқып алу мүмкіндігін арттыру.
Міндеттері: білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсу.
тәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру,
шеберлікке, іскерлікке тәрбиелеу
дамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға
машықтау.
Көрнекіліктер:
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 минут түгелдеу
Жаңа тақырыпты түсіндіру: Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден қолданып келе жатқан дәстүрі. Бұл өнер қазіргі талап- тілектер тұрғысынан шығармашылықпен байытылып, тұрмыспен біргк ұласа дамып келеді. Адамдардың тұрмыс қалдерінің үнемі өрлеуіне сай, олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсуде. Сондықтан да әр адам киген киімнің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, өзінің талғампаздығын, қайталанбас даралығын танытуға тырысады. Міне осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі- тоқу.
Тоқумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқылады, сонымен бірге осы тоқу үстінде түрлі-түсті бояулар әлемінің үйлесімділігі, түрлі фасондар, түрлі тоқу әдістеріне оның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады.
Соған орай тоқу ісі де басқа істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет tntl/
Тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан сондай-ақ синтетикадан жасалған жіптер пайдаланады. Тоқуға арналған сым- болат никель сымнан жасалады. әр сымның номері диаметрінің милиметріне сәйкес келеді. Мысалы: 3 номерлі сымның диаметрі – 3мм, №5 – диаметрі 5 мм.
Ерте заманнан бері халқымыздың кисе киім, ішсе тамақ етіп келе жатқан төрт түлігінің бірі – қой малы. Қойдың етін тамақ, жүнін киім етіп (тоқып) киген және үй тұрмысына пайдаланған. Халықтың өмірімен, тұрмыс- тіршілігімен, табиғатымен, эстетикалық талғамымен байланысты болған шикізаттың бірі – жүн. Осы жүнді қалай өңдеуді, дайындауды, қажетті құралдармен өңдеп тоқуды тірек сызба арқылы зерделейік.
Қорытындылау. Оқушыларға мынадай сөздер таратылады: технология, тоқу, өнер, еңбек, қыз, кілем, білім сөздерін қатыстырып сөйлем құрау. Мысалы: технология- шеберлік, өнерлік, білгірлік, іскерлік деген мағналарды білдіреді.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Тоқу өнердің бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |