Сабақтың тақырыбы : VIII бөлім. Жүрек-қан тамырлар жүйесі. Қанайналым мүшелері



Дата10.03.2017
өлшемі55,02 Kb.
#11294
түріСабақ
№ 18 жалпы білім беретін орта мектеп» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биология пәні мұғалімі: Макажанова Айман Хамитовна

Семей қаласы.

Ашық сабақ жоспары



Сынып ____8___

Сабақтың тақырыбы: VIII бөлім. Жүрек-қан тамырлар жүйесі.

Қанайналым мүшелері.

Сабақтың мақсаты: қанайналым мүшелері мен жүректің құрылысы туралы негізгі түсініктерді беру. Олардың организм тіршілігі үшін маңызын көрсету.

Міндеттері:

1.Білімділік: қанның құрылысы мен қызметтері және иммунитет туралы білімді бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өзін-өзі бақылау дағдыларын бекіту. Жинақылыққа, зейін қоя білуге үйрету. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық-гигиеналық дағдысын қалыптастыру. Салауатты өмір сүру салтын ұстануға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың оқулықтағы мәтінмен және суреттермен жұмыс істей білу біліктілігін қалыптастыруды жалғастыру.



Сабақ типі: жаңа білімді хабарлап, қалыптастыру.

Әдістемелік шешім: дәріс-сұхбаттасу, мұғалімнің әңгімелеуі, көрнекіліктер көрсету, өзіндік жұмыс.

Көрнекіліктер: «қанайналым», «қан тамырлары жүйесі», «Жүректің құрылысы», «Қан тамырларының типі» деген кестелер, жүректің құрастырмалы үлгісі, оқулықтағы суреттер, электронды оқулықтан үзінділер, электронды көрсетілімдер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша білімді өзектеу.

Таратпа материалдар арқылы үй тапсырмасы сұралынады.

ІІІ. Жаңа материалды оқыту.

1.Жануарлар туралы өткен курстардан материалдарды қайталау негізінде білімді өзектеу (сұхбаттасу).

Сұрақтар: Қанайналым дегеніміз не? Оның сүтқоректі жануарлар тіршілігіндегі рөлі? Қан тамырлары жүйесін құрайтын қанайналым мүшелерін атаңдар.

2. Қанайналым мүшелері. Тамырлар, олардың құрылысы мен қызметтері. (оқулықтағы мәтінмен өзіндік жұмыс, оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып сұхбаттасу, өткен курстардан алған білімдерді қолдану).

Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Олар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамрлар) деп 3 топқа бөлінеді.




Артериялар

Веналар

капиллярлар

1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады.

Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды.

Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады.

2. Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары қалың, әрі серпінді

Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары жұқа, әрі әлсіз.

Микроскопиялық өте ұсақ, қабырғасы бір қабатты эпителий жасушаларынан түзілген, өте жұқа

3. Қан қысымы жоғары.

Қан қысымы өте төмен

Қан қысымы шамалы

4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады, көрінбейді

Теріге жақын да, терең де жатады, білеуленіп, көк түсті болып көрініп тұрады

Дененің барлық мүшелеріне таралады

5. Ең ірі артерия тамырлары – қолқа және өкпе артериясы.

Ішіндегі қақпақшалар қанды кері бағытқа өткізбейді. Ең ірі вена тамырлары – төменгі, жоғары қуысты веналар және 4 өкпе веналары

Капиллярлар арқылы газ және заттар алмасады, қан өте баяу ағады, ұсақ артериялар мен ұсақ веналарды байланыстырады
Артерия қантамырлары (грекше «аrteria» - қантамыр) – қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан басталатын - өкпе артериясының ішінде вена қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын – қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия қаны. Артериялардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты – бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты - жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. Жүректен алыстаған сайын артерия қ.т-ры тармақтанып, жіңішке капиллярларға айналады.

Вена қантамырлары (латынша «vena» - қантамыр, сіңір) – мүшелер мен ұлпалардан СО2-на, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т.б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия сияқты веналардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады.

Капилляр қантамырлары («capillaris» - шаш тәрізді қылдай) – адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды.



Қантамырлар және олардың құрылыс ерекшеліктері

3. Жүректің құрылысы мен қызметтері.

Жүректің қабырғалары неліктен әртүрлі қалыңдықта болады?

Оқулық мазмұнымен және суреттерімен, жасанды үлгілермен өзіндік жұмыс, «Жүректің құрылысы» сызбанұсқасын тақтаға, ал оқушылар дәптерлеріне толтырады.

1)Үшжақтаулы қақпақша; 2)Қосжақтаулы қақпақша; 3) Сіңір жіпшелері; 4)Оң жақ қарынша; 5)Қолқаның айшық тәрізді қақпақшасы; 6)Оң жақ жүрекше; 7)Өкпе діңінің айшық тәрізді қақпақшасы; 8)Төменгі қуыс вена; 9)Жоғарғы қуыс вена; 10)Қолқа (аорта); 11)Өкпе веналары; 12)Өкпе артериялары; 13)Қарыншааралық қалқа; 14)Сол жақ жүрекше; 15)Сол жақ қарынша; 16)Емізікшелі бұлшықеттер.



IV.Оқытылған тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.

Тақырыптық оқу картасы.

  1. Сурет және дене үлгісі көмегімен жүректің адам денесінде қалай орналасатындығын анықтаңдар. Жүрек неге осылай аталған деген сұраққа жауап беріңдер. Жүректің ұшын табыңдар. Ол қалай бағытталған?

  2. Оқулық мәтінен жүректің көлемі қандай болатынын аныңтаңдар. Жүрек бұлшықетінің құрылысындағы ерекшеліктерді қайталап айтыңдар.

  3. Жүрек немен қапталған? Жүрек қабынан бөлінетін сұйықтықтың қандай маңызы бар?

  4. Жүректің сол және оң жағын анықтаңдар.

  5. Жүрек үлгісінің бетін қарап, сонымен қатар оқулықтағы суреттер мен мәтінді пайдалана отырып, жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы шекараларды табыңдар. Олардың қабырғаларының қалыңдығы қандай? Мұның қандай маңызы бар?

  6. Ең ірі артерия мен өкпе артериясы – қолқаны табыңдар. Неліктен оқулықтағы суретте және үлгіде олар түрлі түстермен белгіленген?

  7. Жүректің оң және сол жақтарына келіп құятын тамырларды табыңдар. Оларды атаңдар.

  8. Кесіп көрсетілген қарыншалардың ішінен жақтаулы қақпақшаларды табыңдар, сіңір жіпшелерін және бұлшық етті емізікшелерін қараңдар. Жақтаулы қақпақшалардың, сіңір жіпшелерінің қызметтері қандай?

  9. Қолқадағы және өкпе артериясындағы айшықты қақпақшаларды табыңдар. Олардың қызметінің қандай маңызы бар?

  10. Жүректің құрылысы мен атқаратын қызметі арасындағы байланыс неден байқалады? Қорытынды жасау.

  11. Оқулықты жауып қойып, мынадай тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдеріңді тексеріп көріңдер. Тақырыптық карта суретінде 1-12 сандарымен е белгіленгенін дәптерлеріңе жазыңдар.

V.Үй тапсырмасы. §36 (жаңа кітап). Тапсырманы дәптерге орындау, сұрақтарына жауап беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет