Құжаттарды ашу және жабу. Құжатты ашу, бұл бұрын даярланған және файл түрінде сақталған құжаттар үшін ғана мүмкін болады, ол Файл ->Открыть командасы көмегімен орындалады. Файл->Закрыть командасы арқылы ашылған құжатты жабуға болады, мұның басқа да тәсілдері бар.
Құжаттан фрагментті іздеу және ауыстырукелесі әрекеттерді қамтиды:
Правка ->Найти (немесе Ctrl+f пернелері) командасы орындалады;
Найти тұсындағы терезеге ізделінетін текст фрагменті жазылады;
Табылған фрагментті автоматты түрде бірден басқа текстпен ауыстыру үшін Заменить жапсырмасының элементтері қолданылады;
Заменить на нұсқауының тұсына алмастырушы жаңа текст жазылады.
Word бағдарламасы терезесі саймандар панелінде орналасқан негізгі командаларға сәйкес батырмаларды алып тастауға нмесе керісінше қосуға болады. Ол үшін Сервис→Настройка командасынан кейін пайда болатын Настройка терезесінен Команды жапсырмасы іске қосылады. Әрі қарай Категориялар тізімінен қажет батырма жататын топтың аты таңдалады, сол мезетте сол терезедегі Команды тізімінде таңдалынған топқа жататын батырмалардың белгілері шығады.
Құжаттың колонтитулдарыдеп құжат орналасқан беттің жоғарғы және төменгі жиектеріне сәйкес обылысты айтады. Құжаттың немесе құжат бетінің колонтиулын Вид→Колонтитулы командасы арқылы орнатады. Колонтитул ретінде тексттер, суреттер (беттің номері, мекеме эмблемасы, құжаттың аты, авторы және т. б.) алынады да олар міндетті түрде, құжат беттерінің жоғарғы немесе төменгі бөлігінде басылады.
Гиперссылка – бір құжат көлемінде фрагменттен - фрагментке немесе бір құжаттан екінші бір құжатқа, Интернеттегі Web-беттерге бірден көшіп отыруды қамтамасыз ететін асты сызылған, басқа түске боялған текст немесе сурет.
Текст фрагментін гиперссылка ретінде пайдалану үшін:
Гиперссылка ретінде қолданылатын фрагмент белгіленіп алып, Стандартная панеліндегі Вставить гиперссылку батырмасы шертіледі;
Пайда болған терезедегі Связать жапсырмасының Новый документ белгісі шертіледі;
Имя нового документа нұсқауының тұсына сілтеме жасалатын, яғни гиперссылка қызметін атқарып тұрған фрагментке шерткенде ашылатын құжаттың немесе файлдың аты (қажет жағдайларда маршрутымен қоса) жазылады;