№62 орта мектеп
АШЫҚ САБАҚ
WordPad мәтіндік редакторының
қосымша мүмкіндіктері
7а сыныбы
Информатика пәні мұғалімі: Құрмашова Нұргүл
2013-2014 оқу жылы
Өтетін күні: 21.04.2014 жыл.
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
|
Оқушыларды WordPad редакторының қосымша мүмкіндік түрлерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге графикалық объектілерді енгізуді үйрету.
|
Дамытушылық:
|
Оқушылардың логикалық ой өрісін кеңейту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
|
Тәрбиелік:
|
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, тапсырманы тиянақты орындауға үйрету. Оқушылардың пәнге, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру.
|
Көрнекі құралдар: Дербес компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі. Топқа бөлу.
Психологиялық жаттығу.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Балаларды топқа бөлемін. Әр түрлі жемістер арқылы 3 топқа 5 баладан бөлінеді. Бағалау парақтарын таратып, оны қалай қолдану керектігін түсіндіремін.
2. Үй тапсырмасын тексеру
а) Кім жылдам? /Тест тапсырмалары/
б) Перфокартамен жұмыс
3.Жаңа сабақ. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері тақырыбы бойынша әр топқа сұрақтар беріледі. Топ бойынша ойларын ортаға салып, бір оқушы қорғайды.
1-топ.
Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру. Күн мен уақыт кірістіру.
ІІ-топ.
Мәтінді іздеу. Мәтінді ауыстыру.
ІІІ-топ.
WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасынан шығу.
Электрондық оқулық бойынша сабақ түсіндіремін.
4. Практикалық жұмыс.
5.Жаңа білімді бекіту.
а) Сәйкестікті анықта
б) Информатикалық диктант
д) Өзің таңда! Деңгейлік тапсырма.
6. Оқушылардың білімін бағалау
7.Үй тапсырмасын беру
8.Қорытынды
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Кім жылдам? /Тест тапсырмалары/ WordPad мәтіндік редакторы бойынша компьютерлерде тест тапсырмаларын орындайды.
б) Перфокарта.
WordPad мәтіндік редакторының құрал-саймандар тақтасының батырмаларын есте сақтадың ба? Оқушылар төмендегі перфокартаны толтырады.
3.Жаңа сабақ. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Мәтіннің үзіндісі дегеніміз не? Үзінді – мәтіннің бөлінген бөлігі.
Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру
батырмасын басамыз немесе Өңдеу – көшіру (Правка-Копировать)
батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қиып алу(Правка – Вырезать)
Мәтін үзінділерін қою
батырмасын басамыз немесе Өңдеу – Қою (Правка-Вставить)
Күн мен уақыт кірістіру
батырмасын бір рет шертеміз немесе Кірістіру – Күн мен уақыт (Вставка –Дата и время)
Мәтінді іздеу
батырмасына бір рет шертеміз немесе Өңдеу – Іздеу (Правка – Найти)
Мәтінді ауыстыру
Өңдеу – Ауыстыру (Правка – заменить)
WordPad құжатына сурет кірістіру
Құжатқа суреттерді Paint графикалық редакторынан немесе басқа жердегі суреттерді кірістіруге болады.
Сурет кірістіру үшін:
Суретті белгілеп, Правка – Копировать командасын таңдау
Мәтіндік құжатты ашып, Правка – Вставить командасын орындау.
4. Практикалық жұмыс.
Тапсырма:
Қайталанып тұрған үзінділерді көшіре отырып, өлеңді теру
Көшірілген үзінділерді басқа түске боя
Мәтін астына күн мен уақытты кірістір
ө әрпін о әрпіне ауыстыр
Мәтін астына көбелектің суретін енгіз
Көбелек
Ақ қанатты көбелек,
Көк қанатты көбелек,
Қызыл қанатты көбелек,
Бақшамызға келе кет.
Гүлдер , гүлдер көктесін,
Көбелектер көп келсін.
Ақ қанатты көбелек
Бақшамыздан кетпесін.
5.Жаңа білімді бекіту.
а) Сәйкестікті анықта
Мәтін үзінділерін көшіру
|
|
(Правка-Вставить)
|
Күн мен уақыт кірістіру
|
|
(Правка-Копировать)
|
Мәтін үзінділерін қою
|
|
(Правка – Найти)
|
Мәтін іздеу
|
|
(Вставка –Дата и время)
|
Достарыңызбен бөлісу: |