Қойшығалиева Зауреш Сидағалиқызы
Батыс Қазақстан облысы,Жаңақала ауданы,
Қызылоба ауылы
Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:оқушыларға Ю ю дыбысын тыныстыру,әріптің жазылу элементтерін үйрету.сөздегі орны туралы түсінік беру.Ю дыбысы кездесетін сөздерді дұрыс оқу мен жаза білуге дағдыландыру.Ю ю дыбысының орыс алфавитінен енген қосарлы дауысты дыбыс екендігін меңгерту,өлең жолдарын шапшаң оқи білуге үйрету
2.Дамытушылығы:Ю ю дыбысына қатысты жаңа сөз ойлату,сөйлемдер құрау. Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрістерін,тілін дамыту.
3.Тәрбиелігі:оқушылардың ой-өрісін,тіл байлықтарын,тапқырлық іздемпаздық қасиеттерін дамыту
Көрнекілігі: дыбысына байланысты плакаттар мен суреттер,қима әріптер.
Түрі:дәстүрлі,жаңа білімді игеру
Әдісі: сұрақ-жауап,жазбаша бақылау
Пән аралық байланыс: дүние танымын кеңейту,шығармашылық қабілеттерін ұштау
Сабақтың өтілу барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен сабақты қайталау
-Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Я я дыбысы қандай дыбыс?
-Сөздің қай бөлігінде кездеседі?
-Я я дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірейік.
-Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер ойлайық.
Сергіту сәті
Аю отыр партада ,
Екі қолы қалтада.
А – дейді,Б-дейді
Р-ға тілі келмейді.
-Балалар ,бұл өлеңде қандай аң туралы айтылған?
-Ол аң туралы не білеміз?
-Аю деген сөз неше дыбыстан тұрады? Атаймыз.
-Қима әріптерден оларды тауып алып,көрсетеміз.
-Қай әріп таныс,қай әріп таныс емес
-А әрпі таныс.Дұрыс! Келесі әріп таныс емес,ол - Ю
Жаңа сабақ.
Оқушыларды әр түрлі көрнекіліктердің көмегімен Ю ю дыбысын таныстыру,меңгерту.Сөздер тізбегін хормен қайталау. Й+у=ю қосарлы дыбысты меңгерту
А)тізбек сөздерді оқу
(ю дыбысының сөздегі орнын анықтау)
Ю ю дыбысының әріптік таңбасын салып үйрену
Есіңе сақта!
Ю ю-дауысты,қосарлы дыбыс.Сөздің ортаңғы,соңғы буындарында кездеседі. Ю ю дыбысының жазба,таспа түрлерін жаздыру.
Кітаппен жұмыс.
Оқулықта берілген «Таңқурай мен қорбаңбай»өлеңімен танысу,талдау,ойларын айту, мәнерлеп оқуға үйрену.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа әріпті дәптерге толтыру.кітапта берілген тізбектер сөздерін анықтау.жазу.Кітаппен жұмысты орындау.Кітаптағы сөздерді жазу жолдарымен қатесіз көшіруге дағдыландыру.Жалғаулардың жалғану,яғни дыбыс үндестігіне көңіл аудару.
Тірек сөздерді пайдаланып сөздің жекеше және көпше түрлерін ажырату.
Рефлекция
-Бүгін не үйрендік?
-Қандай дыбыспен таныстық?
-Ол туралы не білеміз?
-Мысалдар келтіре отырып , дәлелдеу
Мадақтау
Бағалау
Ақпарат жинақтау.(өзіндік ізденіске тәрбиелеу мақсатында)
Ю дыбысы кездесетін тағы қандай сөздерді білесің және олар туралы не айта алар едің?
Сабақтың тақырыбы: П п дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:оқушыларға П п дыбысын тыныстыру,әріптің жазылу элементтерін үйрету.Сөздегі орны туралы түсінік беру.Ол арқылы берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету.
2.Дамытушылығы:П дыбысына қатысты жаңа сөз ойлату,сөйлемдер құрау.Б дыбысымен салыстыру.Қатаң және ұяң дыбыстарды ажырата білу.Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрістерін,тілін дамыту.
3.Тәрбиелігі:оқушылардың кітапқұмарлықтарын арттыру.Кітапқа деген сүйіспеншіліктерін дамыту.Кітапханамен байланыс орнату.Сабақтан тыс уақытта кітапханаға саяхат.
Көрнекілігі:Пп дыбысына байланысты плакаттар мен суреттер,қима әріптер
Түрі:дәстүрлі,жаңа білімді игеру
Әдісі: сұрақ-жауап,жазбаша бақылау
Сабақтың өтілу барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен сабақты қайталау
-Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Үү дыбысы қандай дыбыс?
-Сөздің қай бөлігінде кездеседі?
-Үү дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірейік.
-Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер ойлайық.
Сергіту сәті
Жаңа сабақ.
Оқушыларды әр түрлі көрнекіліктердің көмегімен Пп дыбысымен таныстыру,меңгерту.Буындар тізбегін хормен қайталау.(по,па,пе,пи,пу,пі)
А)тізбек сөздерді оқу
(П дыбысының сөздегі орнын анықтау)
П дыбысының әріптік таңбасын қайталау.
Пп-дауыссыз,қатаң дыбыс.Сөздің барлық буындарында кездеседі. Ойлан,тап мысалдарында көрсетілген суреттердің көмегімен сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау.
Пп дыбысының жазба,таспа түрлерін қайталау
Кітаппен жұмыс.
Оқулықта берілген «Кітап»текстісімен танысу,талдау,ойларын айту, мәнерлеп оқуға үйрену.
Ойланайық. П дыбыстары кездесетін (суреттегі)сөздерді оқи отырып,оларды салыстыру,айырмашылықтары мен дыбыстың қай буында кездесетіндігін ажырату.
Шығармашылық тапсырма.Мазмұнды суретпен жұмыс.
Төмендегі тірек сөздерді оқып,солардың көмегімен шағын мәтін құрау.
Құраған мәтін тақырыбын ойлау,тағайындау.(сөйлем құрылысының дұрыстығына, ой желісінің жүйелілігіне үнемі көңіл бөліп,бағыттап отыру)
Дәптермен жұмыс.
Жаңа әріпті дәптерге толтыру.Кітапта берілген сөздер тізбегін анықтау,жазу.
-жазу дәптерімен жұмыс.
Рефлекция кезеңі.
-Қандай жаңа дыбыспен таныстық?
-әріпті ауаға жазу арқылы көрсетеміз
-Осы дыбысқа қатысты мысалдар ойлап,Пп дыбысының қай буында тұрғандығын дәлелдейміз
- парта,піл сөздерін қатыстырып,шағын ұйқас өлеңдер шумағын құрастырамыз.
1.Оқушының орны
Парта екенін біл....(әрі қарай ұйқастар құрау)
2.Үнді елінен келді,
Біздің елге ПІЛ... (әрі қарай ұйқастар құрау).Сыныпта құрастыру және ата-аналарымен біріге отырып,тағы да қандай ұйқастар шығаруға болады.(балаларға ой тастау,ата-аналармен байланыс)
Мадақтау
Сабақ аяқталды
Сабақтың тақырыбы: Ү ү дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:оқушыларға Үү дыбысын тыныстыру,әріптің жазылу элементтерін үйрету.сөздегі орны туралы түсінік беру.Ол арқылы берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету.
2.Дамытушылығы:Ү дыбысына қатысты жаңа сөз ойлату,сөйлемдер құрау.Ұ дыбысымен салыстыру.Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрістерін,тілін дамыту.
3.Тәрбиелігі:оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып,құстарды қорғауға,аңдардың түрлері мен олардың пайдасы туралы ұғымдарын кеңейтуге үйрету.
Көрнекілігі:Үү дыбысына байланысты плакаттар мен суреттер,қима әріптер
Түрі:дәстүрлі,жаңа білімді игеру
Әдісі: сұрақ-жауап,жазбаша бақылау
Сабақтың өтілу барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг.
- Әрбір атқан таң шуағы сіздерге жақсылық,қуаныш әкелсін.
- Біз бір-бірімізге де жақсы тілек айталық.
-Ақылды бол! Инабатты бол!
-Кішіпейіл бол! Бақытты бол!
-Шыншыл бол! Үлкенді сыйла!(т.б)
2.Өткен сабақты қайталау (сұрақ – жауап әдісі бойынша қайталау,толық жауапты талап ету)
-Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Ұұ дыбысы қандай дыбыс?
-Сөздің қай бөлігінде кездеседі?
-Ұұ дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірейік.
-Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер ойлайық.
Сергіту сәті
Жаңа сабақ.
А)Жұмбақ шешу: үкі,түлкі
Халық қу деп,қылған күлкі.
Айласы көп, бұл- ... (түлкі.)
Жарықта соқырмын,
Ұша алмай отырмын.(үкі)
Ә) Ұйқасын тап:
Баласын тізіп соңына,сүңгіп жүріп үйретті
Су жұқпайтын жонына,Кім біледі ....(үйректі?)
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты ...(жүзім)
(Ү дыбысының сөздегі орнын анықтау)
Ү дыбысының әріптік таңбасымен таныстыру.
Үү-жіңішке айтылатын,еріндік,дауысты дыбысты белгілейтін әріп.Көбіне сөздің 1,2 –ші буындарында кездеседі.( түсіну,есте сақтау)
Үү дыбысының жазба,таспа түрлермен таныстыру.
Кітаппен жұмыс.
Оқулықта берілген «Ормандағы аңдар»текстісімен танысу,талдау,ойларын айту.
Ойланайық. Ұ-Ү дыбыстары сөздерді оқи отырып,оларды салыстыру,айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
Мазмұнды суретпен жұмыс.
Төмендегі тірек сөздерді оқып,солардың көмегімен шағын мәтін құрау.
Құраған мәтін тақырыбын ойлау,тағайындау.
Дәптермен жұмыс.
Жаңа әріпті ауада жазу,дәптерге толтыру
-жазу дәптеріндегі суреттермен жұмыс,көптік жалғауларды жалғау арқылы қосымша дәптерге тапсырмалар орындау.
Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты қорыту.
Мадақтау
Тақырыбы: 68+2 және 70-2 жағдайындағы жазбаша қосу мен азайту.(2сынып)
Мақсаты: 68+2 және 70-2 жағдайындағы қосу және азайту амалдарын орындаудың үлгісін көрсету кестелік қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту Жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үлестірмелер,
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:№ 6
ІІІ Білімдерін тексеру:Математикалық диктант
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:
№ 1
Кесте бойынша теңдеулер құрастыру және оларды шешу
Азайғыш
|
78
|
|
|
Азайтқыш
|
|
2
|
3
|
Айырм.мәні
|
72
|
44
|
14
|
Қосылғыш
|
4
|
|
2
|
Қосылғыш
|
|
3
|
|
Қос.мәні
|
36
|
76
|
25
|
№2.Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында орындалатын тапсырма
1.Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қосу.
Мыс: 68 + 2 = 60 + ( 8 + 2 ) = 70
60 8
№3.Тақтамен жұмыс.Түсіндіре тұрып орындау
№6.Есептер бойынша теңдеу құрастыру,есептерді шығару.
Х-8=32
х=32+8
х= 40
40-8=32
№7.Өзіндік шығармашылық тапсырма.
Сызбада неше төртбұрыш бар?
ҮІ.Сабақты қорыту
ҮІІ .Бекіту:Бүгін не білдік?
ҮІІІ. Бағалау . Үйге тапсырма:№ 5 , 113 бет,
Тақырыбы: Есептер шығару
Мақсаты: Өткен сабаққа сәйкес жағдайындағы қосу және азайту амалдарын орындаудың үлгісін көрсету кестелік қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту Жауапкершілікке тәрбиелеу.Алдыңғы тақырыптар бойынша меңгерген білімдерін тексеру
Көрнекіліктер: үлестірмелер,
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сабаққа әзірлік
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:№ 4
ІІІ Білімдерін тексеру:Математикалық диктант
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Өткен сабақты еске түсіру.
Ү. Жаңа сабақ:
№ 1
Еске түсіру тапсырмасы,талдай отырып шығару
№2.Еске түсіру, қайталау
І-вагонда – 35 жолаушы
ІІ-вагонда - ? 5 жолаушы артық
Екі вагонда неше жолаушы келе жатыр?
Ш: 35+(35+5)=75
Ж: барлығы 75 жолаушы келеді
№3.Есепті шығар.Орындау арқылы жаттығу.
Ш: 64-10=54(қорап артық сатылды)
59-9= 50 (қорап кем сатылды)
№4.Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.Шамаларды еске түсіру.
№5.Шамаларға байланысты мысалдарды орындау.
Өткенді қайталау арқылы еске түсіру.
ҮІ.Сабақты қорыту
ҮІІ .Бекіту:Бүгін не білдік?
ҮІІІ. Бағалау . Үйге тапсырма:№ 6 , 115 бет,
Тақырыбы: Өткенді пысықтау
Мақсаты:
а)Білімділігі : Өтілген тақырыптар бойынша меңгерген білімдерінің сапасын анықтау.Шамаларға байланысты есептер шығарту ,бұрыш түрлерін ажыраттыра отырып,тапсырмалар орындау
ә)Дамытушылығы:есепті шапшаң және дұрыс есептей алу қабілеттерін дамыту,логикалық ойлау қабілеттері мен өзіндік шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту.
б)Тәрбиелілігі: Бірлік пен ұйымшылдыққа,сабырлылық пен ұстамдылыққа тәрбиелеу
Көрнеліктер: оқулық, қосымша тапсырмалар
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:жалпы талдай отырып тексеру
ІІІ. Өткенді пысықтау:
а)шамаларды еске түсіру
ә)Сандарды ондықтардан аттап қосу және азайту тәсілдерін еске түсіру
б)бұрыштың түрлерін еске түсіріп ,қайталау,сызу
в)теңдеулерді.соның ішінде күрделі теңдеулерді шеше білуге жаттығу
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: өткен сабақтарды еске түсіру
Ү. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс.
№1.Кітаппен жұмыс.Еске түсіру қайталау.Тізбектей қосу және азайту
25+9 34-17 17+20 37 -14 23 +17 =40
№2.Салыстыр.Өзіндік жұмыс.
№3.Есептерге өрнек құрастыру және жазу.
а) с + ( с+ ь )
ә) 26 (26 – х )
в) (17+9) – 13 =13 (хабарды көре алмады )
г) (17 + 17 ) -13 =21 (хабарды көре алмады)
№4.Есепте.Тақтамен жұмыс.
50 79 52 64
42 62 64 40
8 96 86 40
58 83 92 60
№5.Есеп құрастыру,сызбаның көмегімен талдай отырып шығару.
№6.Үшбұрышты сызғыштың көмегімен бұрыш түрлерін ажырату,атауларымен жазу.
ҮІІ. Қорыту: Бүгін не білдік?Балалар білімін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 7 128 бет.
Тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер.
Мақсаты:
а)Білімділігі : Белгісіз үшінші қосылғышты табу үшін,қосындыдан белгілі қосылғыштарды азайту керек екендігін түсіндіру,есептер шығарта отырып, меңгерту.
ә)Дамытушылығы:есепті шапшаң және дұрыс есептей алу қабілеттерін дамыту,логикалық ойлау қабілеттері мен өзіндік шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту.
б)Тәрбиелілігі: Бірлік пен ұйымшылдыққа,сабырлылық пен ұстамдылыққа тәрбиелеу
Көрнеліктер: оқулық, қосымша тапсырмалар
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:жалпы талдай отырып тексеру
ІІІ. Өткенді пысықтау:
а)шамаларды еске түсіру
ә)Сандарды ондықтардан аттап қосу және азайту тәсілдерін еске түсіру
б)бұрыштың түрлерін еске түсіріп ,қайталау,сызу
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: үшінші белгісіз қосылғышты табу жолдары.
Ү. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс.
№1.Кітаппен жұмыс.Еске түсіру қайталау.Ереже бойынша да,теңдеу құру арқылы шығаруға болады.
№2.Есептерді салыстыр, оларды шығару
А)Мата 3 бөлікке бөлінеді1/7м ,2/4м , 3/8м құрайды.Барлығы - ?м
?
7 м 4 м 8 м
Ә) 19м мата 3 бөлікке бөлінді.1/7м , 2/4м ,3/?
19 м
7м 4м ?
Белгісіз үшінші қосылғышты табу үшін.қосындыданбелгілі қосылғыштарды азайту керек.
№3.Үшбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын тап.(Р=? табуды еске түсіреміз )
№4.Бүгінгі меңгерген білімдерін толықтыру мақсатында орындалатын жұмыс.Сызба арқылы талдай отырып орындалатын жұмыс.
№6.Топтық жұмыс.Шығара отырып көмектесу,тексеру,сайысу.
88 86 55 84
64 26 31 70
№7.Уақытқа берілген тапсырма.Өзіндік жұмыс.
65 53 43 63 38
15 83 53 77 96
ҮІІ. Қорыту: Бүгін не білдік?Балалар білімін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 5,8 130 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |