Денсаулық психологиясы – ғылыми және клиникалық психологияның, психоаналитикалық және психосоматикалық медицинаның тереңге жайылған тамыры. Денсаулық психологиясының міндеті – теорияны қолдану, психологиялық денсаулықтың дамуы және физикалық денсаулықты сақтау, системалық позициясын, аурудың ерекше түрін қарастыру.
Адамның психикалық денсаулығын сақтауда есінің өзгеруі, өмірлік денсаулық мотивациясы, өмірлік құндылықтарын дамытуы ескеріледі. Адамның физикалық денсаулығы жалпы денсаулық жағдайын құрайды. Психика – жоғарғы ұйымдастырылған материясын, миын, субъектісі мен объектісінің шындық формасының белсенділігін көрсетеді.
Психикалық денсаулық мінездемелері туралы әдебиеттерде көптеген мысалдар келтірілген. Декарт жан денсаулығын, ал Гельвеций ақыл – ұқсастық пен айырмашылықтың көзі дейді. Ал А.Ф.Лазурскидің айтуы бойынша, тұлғаның денсаулығы - әлеуметтік ортада өз-өзін басқаруына және іс-әрекетін басқара алуына байланысты. Жан денсаулығының басты көзі ол ойын, эмоциясын, моторлық функциясын, өзін-өзі басқара алуында дейді.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, психикалық ауытқушылықтардың пайда болуы өмірлік жағдайына көп көңіл бөлінуінен болады.
Зерттеулердің көрсеткіші бойынша 48% жұмысшылардың медико-психикалық қиындықтары бар екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде оның 10% -да әлеуметтік-психологиялық дезадаптация құбылысы байқалған. Яғни әлеуметтік ортаға бейімделе алмауы. Оның қиындықтары төмендегі жағдайларға байланысты пайда болып отырған:
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Психология тарихының даму кезеңдері.
Психология ғылымының салалары мен тармақтары.
Қазіргі психологиының негізгі методологиялық принциптері.
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Қолданылған әдебиеттер: Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет