2 мин
|
І. Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Оқушыларды психология
лық дайындау.
Өзін -өзі реттеу.
|
Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу.
Шаттық шеңберін құрғызып: Бүгінгі күнге сәттілік тілеп, бір - бірімен төс қағыстырып амандастыру. Бүгінгі сабағымызды сондай жылылықпен бастаймыз.
|
Шаттық шеңберін құрып
Бір – бірімен төс қағыстырып, амандасып, жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді.
|
|
3 мин
|
Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.
|
Қазақтың асыл қазыналары арқылы үш топқа бөлу.
І топ: «Киіз үйлер»
ІІ топ: «Ұлттық салт-дәстүрлер»
ІІІ топ: «Ұлттық ойындар»
|
Оқушылар берілген сөздерді оқып, оның қай топқа қатыстығын анықтап, шағын топтарға бөлінеді.
|
Бауырсақ суретіндегі сөздер.
|
10 мин
|
Үй тапсырмасы
|
"Баспалдақ" әдісі арқылы сабақ сұрау.
1 - баспалдақ - сұрақтар қою, 2 - баспалдақ - Наурыз көже өлеңін оқытып, мазмұнын сұрау, 3 - баспалдақ - Наурыз мейрамына жазған эссесін оқып, мазмұнын сұрау.
|
Әр топ оқушылары "Баспалдақ" суреті салынған плакаттарды алып, ондағы сұрақтарға жауап береді.1 - баспалдақ - сұрақтарға жауап беру, 2 - баспалдақ - Наурыз көже өлеңін оқып, мазмұнын айту, 3 - баспалдақ - Наурыз мейрамына жазған эссесін оқып, мазмұнын айту.
|
Баспалдақтар салынған плакаттар
|
20 мин
|
Негізгі бөлім(жаңа сабақ)
Наурыз тойының мәнін түсіну.
Наурыз көже өлеңінің мазмұнын ашу
Салт дәстүрлер мен ұлттық ойындар туралы түсінік.
|
"Миға шабул" Интербелсенді тақта арқылы Наурыз мейрамы болып жатқан үзінді көрсету арқылы оқушылардың ойларын айтқызу.
Наурыз тойы өлеңінің авторы жайлы мағұлмат беру. "Елші" әдісі арқылы Наурыз өлеңін оқытып, бір - бірлеріне барып, түсінгендерін айтқызу.
Наурыз тойы, қазақтың салт - дәстүрлері жайлы, ұлттық ойындар жайлы мағлұмат беру."Сергіту сәтін" орындату. "Қара жорға" биі.
114 - жаттығуды орындауды тапсыру.
Шығармашылық тапсырма беру.
Керекті сөздерді беру: оянды, керілді, малынды, бөленді, шомылды, тұрды.
|
1 топ - Наурыз тойы тақырыбына сурет салып, қорғайды.
2 топ - Салт - дәстүрлер тақырыбына постер қорғайды.
3 топ - Ұлттық ойындар тақырыбына постер қорғайды.
"Сергіту сәтін" орындайды.
Дәптермен жұмыс.
114- жаттығуды оқушылар өздігінен орындайды.
Оқушылар өлең ұйқастарын табады: Таң шуағы арайлап,
Дала нұрға ............
Балалардың барлығы,
Ұйқысынан ..............
Берілген сөздерге сұрақтар қояды.
|
Әр топқа берілетін тапсырмалар жазылған А4 қағазы, оқулық, флипчарт, маркерлер, түрлі түсті бояғыштар, қаламдар, өшіргіштер.
|