Сабақтың тақырыбы : Заттың тығыздығы. Сабақтың мақсаты


Неге сендердің ойларыңша бірінші цилиндірдің көлемі екіншісінен үлкен?



бет2/3
Дата29.06.2017
өлшемі243,3 Kb.
#20664
түріСабақ
1   2   3

Неге сендердің ойларыңша бірінші цилиндірдің көлемі екіншісінен үлкен?

Болжамды анықтау

Әртүрлі заттардан жасалған дене бірдей массада, көлемдері әр түрлі болады!


ІІІ. Жаңа сабақ.

Бізді қоршаған денелердің барлыңы қандайда бір заттан: ағаштан, темірден және тағы басқа көптеген заттардан жасалған. Барлық денелердің өздеріне ғана тән пішіні көлемі ауданы массасы және т.б. болады. Егер қажеи болса, денелердің осындай сипаттамаларын өлшулер, есептеулер жұргізу арқылы анықтай аламыз. Алдынғы парагрофта көрсеткеніміздей, дененің массасын анықтау үшін оны таразыға тартып өлшейміз. Дененің массасы оның өлшеміне және қандай заттан жасалғанына байланысты. Әр түрлі заттардан жасалған денелердің массаларды да түрліше болады. Мысалы, көлемі 1 м3 темірдің массасы көлемдері дәл сондай қорғасынның массасынан аз да, алюминийдің массасынан көп болады. Демек, біз көлемдері бірдей денелерді салыстыра отырып, олардың ауыр-жеңілдігін анықтай аламыз.

Бұдан заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындайды.

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.

Сонымен заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек.

 ; m=𝜌·V; 

Зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің Хылқаралық жүйесінде Си килограмының метр кубқа қатынасы (кг/м3) алынған. Бұл көлемі3 болатын, массасы 1 килограмға тең біртекті заттың тығыздығы.


IV. Қорытынды.

  1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?

  2. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?

  3. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?

Алтын мен күмістен жасалған екі кубиктің массалары бірдей. Ал қайсысының көлемі үлкен?


Денелердің әр қайссының массасы 1 т тең.

Қай дененің тығыздығы көп?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет