Оқушыларды әдептілік туралы түсініктерін кеңейту арқылы
айналадағы адамдармен қарым – қатынас орнатуда әдептілік қағидаларын сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
Ой қозғау
Қазақ халқында әдептілік, сыпайылық тәрбиедегі басты ұстанымдардың бірі. Адамның қандай жағдайда да әдептілік сақтауы ұнамды қасиет. Халқымыздағы әдептіліктің, кішіпейілділіктің бір көрінісі үлкенді сыйлау, құрметтеу, «сіз» деп сөйлеу, атын атамай, есімінің соңына еке деген сыпайылықты білдіретін жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек − Қазеке, Дәулет − Дәуке, Бауыржан − Бауке деген сияқты. Мұндай жұрнақ басқа тілдерде кездеспейді.
Мұны XX ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л. Баллюзек те байқап былай деп жазған: «Қазақтардың сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) сөзін қосып айтуы». Үлкен кісіге «сіз» деп сөйлеу де әдептіліктің белгісі еді.