Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау. 2.Топ ережесін еске түсіру. 3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға тапсырма: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! 3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады.
Миға шабуыл Білу және түсіну сұрақтарына жауап береді: 1. Ядро, оның қызметі және құрам бөліктерін біледі
2.Ядро, оның қызметі және құрам бөліктері
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
1-Тапсырма Төмендегі терминдердің мағынасын жаз
Дескриптор: Терминдердің анықтамасын өз түсінгендері бойынша айтады;
Хромосомалар — жасуша ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен жасушалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын органоидтар.
Хроматида — жасушаның бөліну процесі кезінде хромосомалардың екі еселенуі барысында түзілетін екі нуклеопротеидті жіпшелердің бірі.
Хроматин - жасуша ядросының негізгі компоненті
Ген - тұқым қуалаудың қандай да бір элементар белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік
2-Тапсырма Эукариот пен прокариоттың құрылыс ерекшеліктерін айтыңыз
Дескриптор:Эукариот пен прокариоттың құрылыс ерекшеліктерін нақты суреттерді пайдаланып айтады;
Биологиялық диктант 1
Жасушалардың екі негізгі түрі бар: ....... жасушалар және ....... жасушалар.
2
Ядроны цитоплазмадан екі мембраналы ядро қабықшасы – ...... шектейді.
3
Кариолемма ішіндегі сұйықтық –..... шырыны немесе ...... болады.
4
Химиялық құрамы бойынша хромосомалар ДНҚ мен нәруыздардың қосылысы ..... (нуклеопротеид) болып табылады.