Сабақтың тақырыбы: «1 мамыр – Халықтар бірлігі күні»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер.
Сабақтың барысы:
І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар және оқушылар!
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
І жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Зобаланда көп шеккен қасіретті,
Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.
Риза көңілменен елге деген,
Арнайды барша халқы ақ тілекті.
ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
І жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Олай болса бүгінгі бірлік күніне арналған салтанатты кешімізге қонаққа келген ұлттармен таныс болайық.
8 «А» сынып «Корей» ұлты
8 «Ә» сынып «Орыс» ұлты
8 «Б» сынып «Қытай» ұлты
8 «В» сынып «Өзбек» ұлты
8 «Г» сынып «Түрік» ұлты
8 «Ғ» сынып «Қазақ» ұлты
ІІ жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
І жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сығат түспесе екен.
ІІ жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:
1 кезең: Таныстыру. Ұлттар өз тілдерінде өздерін таныстырып өтеді.
2 кезең: Құттықтау кезеңі. Бүкіл қазақ елін ұлттар өз тілдерінде құттықтап өтеді.
3 кезең: Өнерлі ұлт. Бұл кезеңде ұлттардың өнерін тамашалаймыз. Әр ұлттық өнері ән, би, өлең т.б.
4 кезең: Сән үлгісі. Әр ұлт өздерінің ұлттық киімдерін таныстырады.
5 кезең: Мақал-мәтел сайысы. Ұлттар достық, ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтел айтады.
6 кезең: Ас – адамның арқауы. Бұл кезеңде әр ұлтттың ұлттық тағамдарын әзірлейді.
Әр ұлт өкілдерімізге әділ баға беретін әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар.
Жас мамандар жетекшісі – Ержанова Жанаргул
Информатика пәні мұғалімі – Инятова Эльмира
Дене шынықтыру пәні мұғалімі – Инятова Маржангул
І жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 24 жыл толғалы отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 24 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.
І жүргізуші: Ендеше бірінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттарымызды ортаға шақырамыз. Корей ұлты, Орыс ұлты, Қытай ұлты, Өзбек ұлты, Түрік ұлты, Қазақ ұлтықарсы алыңыздар.
ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізде біз 6 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
І жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
ІІ жүргізуші: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан – дей отырып бірінші кезеңіміз таныстыру кезеңін бастаймыз.
І жүргізуші: Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы – дей келе біз екінші кезеңімізді бастаймыз. Екінші кезең бойынша әр ұлт құттықтау тілектерін айтады.
ІІ жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы - дей отырып, үшінші кезеңімізді бастаймыз. Үшінші кезеңде әр ұлт өз өнерін көрсетеді. Келесі кезекті корей ұлт өкілінің өнерін тамашалауға шақырамыз.
І жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған! –дей отырып біз төртінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттардың сән үлгілерін тамашалаймыз.
ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде- дей отырып біз бесінші кезеңімізді бастаймыз. Ұлттарды ортаға шақырамыз. Сіздерге тапсырма достық, бірлік, ынтымақ жайлы мақал-мәтел айту.
І жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! – дей отырып алтыншы кезеңімізді бастаймыз. Әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарын ұсынады. Ол тағамның аты, қалай жасалғандығын және қандай көкеністерден дайындалатынын айтып өту керек.
ІІ жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Айбатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
І жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
ІІ жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспенгн елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгелі сүіегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз»
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
ІІ жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін №21 орта мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Умирбекова Мереуерт апайға және әділ-қазылар алқасына беріледі.
І жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Осымен бүгінгі мерекелік кешімізі аяқтаймыз. Қош сау болыңыздыр!
Достарыңызбен бөлісу: |