Сабақтың тақырыбы: «1 мамыр Халықтар бірлігі күні»


«7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» және «Жеңістің 70 жылдығына» арналған тәрбие сағаты



бет2/3
Дата09.05.2023
өлшемі0,56 Mb.
#176327
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Ашық тәрбие сағаты 1 мамыр-халықтар бірлігі күні!

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» және «Жеңістің 70 жылдығына» арналған тәрбие сағаты.

Кабинет мерекеге сай әдемі,әсем безендірілген. Көңілді әуенмен қолдарына әдемі гүл шоқтарын,әсем шарларын ұстаған балалар көтеріңкі көңіл-күйде отырады.


Жүргізуші:
Құрметті асқар таудай әкелер,арқа сүйер аталар және де біздің кішкентай ұландар!
Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойымен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт,
бірлік,береке тілейміз.
Жеңіс күні,Жеңіс жыры
Асқақтата шырқалсын.
Ардагерлер қалауы
Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы
Жеңіс күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады.
Инкара:Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі көп балаға.
Әміржан:Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән болып.
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып.
Елдана:Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия-аты көңілде,
Әкпеміз деп жүреді.
Дастан:Даламыздың даңқысыз,
Балауса гүл,балғын қыз.
Жанын қиып,халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Баян:Мәншүк апай батырқыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Жүргізуші: Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн. Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін,аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлын,осы соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,әкелеріміздің есімін қашанда мақтанышпен айтамыз.Олардың ерліктері ешқашанда ұмтылмайды. Ендеше осы
батырларымыздың құрметіне ән орындаймыз.
Ән:«Жеңіс күнін тойлаймыз».
І-шумақ:От жалыннан жаралған,
Отан – біздің анамыз.
Жауды жеңіп оралған,
Ортамызда – ағамыз.
Қайырмасы:
Ерлігіне бар адам
Таңдана қағар тамсана
Омырауға қадаған
Ордендері қаншама!!!
ІІ-шумақ: Айтқан сайын жақсы аға,
Әңгімеге тоймаймыз.
Біздер бүгін бақшада,
Жеңіс күнін тойлаймыз!
Жүргізуші: Ертеңгі күнде әскери борыштарыңды өтеп келіп, бүгінде Отанымызды қорғайтын азамат болып қаласыңдар. Мейрамдарың құтты болсын Отан қорғаушылар!
Бірнеше спорттық жаттығулар жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет