Білім беру ұйымының атауы
|
«Kemel» қалалық физика-математика мектебі
|
Пәні:
|
Әдебиеттік оқу
|
Бөлім:
|
Менің отаным-Қазақстан
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Маштаева Әсия Жәнәділқызы
|
Күні:
|
06.09.2024ж
|
Сынып: 4 « »
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
№3 Отан туралы өлең-жыр оқимыз
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын
мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну
|
Сабақтың мақсаты:
|
-шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын
мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеп айтады;
-шығармашылық жұмысын сызба түрінде ұсына алады.
|
Құндылықты дарыту
|
Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, еңбек пен шығармашылықты дарыту
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері:
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
10 мин
|
І.Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
«Нейро жаттығу»
ІІ. Өткенді бекіту.
«Балмұздақ таяқшасы»әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.
|
Тақтада көрсетілген суреттер бойынша арқылы «Нейро жаттығулар» жасайды.
Әр оқушы жасырынған мозайканы таңдап, топқа бөлінеді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру.
|
Суреттер
Слайд 1
Слайд 2
|
Ортасы
25 мин
|
Жаңа сабақ
3-сыныпта оқыған М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін есіңе түсіріп, адамға қажет үш ұғымды ата.
1-тапсырма.
Автормен таныс. «Қойын дәптер» әдісі жүргізіледі. Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.
Аты-жөні
|
|
Туған жылы
|
|
Шығармалары
|
|
Ақпарат
|
|
Жаңалық
|
|
Өлеңді мазмұнына сай мәнерлеп оқы.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. «Атаның рухына балау» деген сөз тіркесінің мағынасын ашу. Атаның рухына балау – ата-бабамыз сияқты құрметтеу.
2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс
-Отан қайдан, неден басталады?
Тақырыбына эссе жаз
3-тапсырма
(Т) «Зертте» тапсырмасы бойынша әр жұп өлеңнен ақынның негізгі ойын тауып оқиды. «Отаныңның өткені, қазіргісі, келешегі туралы қайдан, неден білдің?» деген сұраққа жауап іздейді.
4.(ЖЖ) «Салыстыр» айдары «Ақынның Отан туралы түсінігі сенің ойыңмен ұқсас па?» деген сұрақ төңірегінде ойланып, «Венн» диаграммасы арқылы әр оқушы Отан жайлы өз ойын ақын ойымен салыстырады.
5.(Ж) Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы «Отан» өлеңінің мазмұны бойынша үлгіге қарап, Отан сөзіне кластер жасайды. Қазақстан Республикасының астанасы туралы «бес жолды өлең» жазады.
|
М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін есіңе түсіріп, адамға қажет үш ұғымды атайды.
Тұманбай Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.
Өлеңді мәнерлеп оқиды.
«Атаның рухына балау» деген сөз тіркесінің мағынасын ашады.
Отан тақырыбына эссе жазады.
Өлеңнен ақынның негізгі ойын тауып
оқиды.
«Венн» диаграммасы арқылы әр оқушы Отан жайлы өз ойын ақын ойымен салыстырады.
|
Дескрипторы:
- тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.(1б)
- Өлеңді мәнерлеп оқиды;(1б)
Дескриптор: -«Отан неден басталады?» тақырыбына эссе жазады(1б)
Дескрипторы:
-Өлеңнің негізгі ойын анықтайды;(1б) - Автордың ойын деректер келтіре отырып дәлелдейді;(1б)
-Сұраққа жауап береді.(1б)
Дескрипторы:
- Отан туралы өз ойын білдіреді;(1б) -Өз ойын ақын ойымен салыстырады.(1б)
Дескрипторы:
- Отан сөзіне кластер жасайды;(1б)
-«Астана» тақырыбына бес жолды өлең жазады.(1б)
|
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
|
Соңы
10 мин
|
Сабақты бекіту.
Бүгінгі сабақта:
-іштей түсініп оқыдың;
-қажетті ақпаратты тауып, шығарманың тақырбы мен негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігі мен сөйлемді анықтадың.
Рефлексия
Үйге тапсырма. Оқу.12-13-бет
Өлең мазмұны бойынша , Отан ұғымына топтастыру құрып, жазып кел.
|
Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды.
|
Оқушылар 1-10 балдық жүйеен бағаланады.
|
Слайд 8
|