Басталуы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Өзі туралы кластер» тренинг
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б
|
1-топ:
Жазушылар
2-топ: Зерттеушілер
3-топ: Суретшілер
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
|
Жаңа білім
10 минут
|
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?
2. Молекула дегеніміз не?
3. Заттардың молекулалары бірдей ме?
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
|
Оқулық,
мәтіндер.
|
Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Ертедегі грек ғалымдары барлық заттар бөлінбейтін өте кішкентай бөлшектерден тұрады деп жорамалдаған екен. Демокрит ондай бөлшектерді атомдар деп атады. ХІХ – ХХ ғасырларда зат құрылысы туралы Демокрит болжамының дұрыстығы практикада дәлелденді. Алайда ХХ ғасырдың басында атомның да күрделі бөлшек екені, оның бір ғажабы: әлемдегі сан жетпейтін неше түрлі заттардың барлығы да 92 ғана химиялық элементтің атомдарынан тұрады. Әлемдегі бүкіл заттар осындай санаулы ғана элементтің атомдарының бір - бірімен байланысы арқасында түзілген, өзінен де кіші бірнеше бөлшектерге бөлінетіні белгілі болды. Элементтердің аттары жоғары сыныпта Д. И. Менделеев жасаған кестеде беріледі. Олардың ең жеңілі – сутегі, ал ең ауыры – уран атомы. Әлемдегі заттардың 99 пайызы екі - ақ элементтен: сутегі мен гелийден тұрады. Ғалымдардың пайымдауынша, ғарыш денелеріндегі 10 000 сутегі атомына гелийдің 500 атомы, сондай - ақ басқа элементтердің бір ғана атомы келеді.
Әр заттың молекуласы – сол заттың қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі. Атомдар мен молекулалардың кристалындағы орналасу ретін, олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады. Ұсақ бөлшектерді электрондық микроскоптар жүздеген мың есе үлкейте алады, ал иондық проекторлардың үлкейтуі миллиондаған есеге жетеді.
Жаңа сабақты бекіту. (8 мин)
Интерактивті тақтада оқушыларға слайд арқылы физикалық диктант беріледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |