Бөлім
|
ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ
|
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
|
Күні
|
|
|
Сынып: 2
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
11-сабақ. Шынықсаң, шымыр боласың
|
|
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары
|
2.1.1.1 баяу және анық айтылған сөзді тыңдау және интонациясы бойынша сұраулы және лепті сөйлемдерді ажырату;
2.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1–1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/сипаттау.
|
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар жасай алады: сөйлемдерді ажыратады, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көбі жасай алады: сөйлем түрлерін ажыратады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, суретті сипаттайды.
|
|
Сабақтың кезеңі
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Ауа, Жер, От» психологиялық тренингі. Мақсаты: оқушылардың бой сергітуіне, қимыл-қозғалыс жасауына көмектеседі. Мұғалім: «Ауа», «Жер», «От» деген сөздерді кезек айтады. Ал егер де екеуін қатар айтса, онда қатысушылар екеуін де бірге тез-тез
жасайды.
|
Оқушылар мұғаліммен бірге жасайды.
Ауа: екі қолды жайып ұшады;
Жер: екі аяқты жай қозғалтады;
От: бір-бірінің арқасынан қағады.
«Ауа – құс ұшты» дегенде оқушылар
екі қолды екі жаққа жайып, ұшқан құстың бейнесін жасайды.
|
ҚБ: «Бес саусақ» әдісі
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сөздер: жарыс, жетістік, шымыр, жаттықтырушы.
1-тапсырма. Тыңдайық.
|
Жаңа сөздерді тыңдалым мәтінінен қайталайды.
Дәптермен жұмыс.
Өз ойын ашық айтады.
|
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі
|
Тақы рыпқа сәйкес
|
|
|
Оқушылар қандай спорт түріне қатысты?
Дәптердегі №2 тапсырма.
2-тапсырма. Оқиық.
3-тапсырма. Айтайық.
Жаттығуды дауыстап айту.
4-тапсырма. Жазайық.
Кестені толтыр. Көшіріп жаз.
|
Сергіту сәті.
Өн бойымды тік ұстап, Таянамын бүйірді.
Бастап кетем дұрыстап, Бір! Екі! Бір! Екі!
Дәптермен жұмыс.
Сипаттап жазады. Сұраққа жауап береді.
Жаттығуды айтып орындайды.
Дескриптор:
мәтінді мұқият тыңдайды;
сұрақтарға жауап береді.
Жазылым тапсырмасын орындайды.
|
Дескриптор:
әкесін сипаттап жазады.
|
интербелсенді тақта
кесте
|
|