Сабақтың тақырыбы: §12. Материктер мен аралдар



Дата24.10.2019
өлшемі45,5 Kb.
#50578
түріСабақ
Байланысты:
Materikter men araldar Zharatylystanu 5 synyp 1420861961 83900

Күні: 27.11.2014 ж.

Сыныбы: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: §12. Материктер мен аралдар

Сабақтың мақсаты: Жер шарындағы материктердің орналасу жағдайы, аралдардың шығу тегіне

қарай бөлінуі туралы, материк пен аралдардың айырмашылығы туралы мағұлмат

беру, оқушыларға бағыт-бағдар беру арқылы ынталандыру, сыни тұрғыдан

ойлауын қалыптастыру.

а) Оқушылар материк пен аралдың айырмашылығын біледі;

б) Оқушылар аралдардың пайда болу жолдарын түсінеді;

в) Материктер мен аралдарды танып білуде карта мен интерактивті тақтаны

қолданады;



Күтілетін нәтиже: Материктер туралы білімін толықтыра алады, аралдардың пайда болу жолдары

және түрлерімен таныстады, архипелаг және жасанды аралдарды, сондай-ақ дүние

жүзіндегі ең ірі аралдарды біле алады.

Ресурстар: Оқулық, дәптер, карта, атлас, кескін карта, жетон, үлестірмелі материалдар, интерактивті

тақта, плакат, маркер, стикер, пламастер, доп




Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің оқытудағы іс-әрекеті

Оқушының танымдық іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс, құрал-жабдық

Ұйымдастыру кезеңі


3 мин

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгелдеу, жетон бойынша топқа бөлу, назарын сабаққа аудару

Мұғаліммен амандасады. Жомарт күлкі сыйлау. Өз топтарына бөлініп отырады




Оқулық, дәптер, жетон

Үй тапсырмасын тексеру

10 мин

Ең зерек оқушы. Интерактивті тақтаға жасырын сұрақтар шығару арқылы білімдерін тексеру.

1. Жердің ішкі құрылымы жер қыртысы, мантия және ..... қабаттарынан тұрады.

2. ........... латын тілінен аударғанда «жамылғы» деген мағынаны білдіреді.

3. ......... сыртқы және ішкі болып бөлінді.

4. Жанартаудың атқылауы нәтижесінде ............... жыныстар пайда болады?

5. Пайдалы қазбалар ............. қабығында орналасқан.



Сұрақтарға жауап беру, білімін толықтыру. Жеке жұмыс. Өздеріне берілген тапсырмаларды үлестірмелі материалға орындайды. Интерактивті тақтадағы дұрыс жауабымен жұмыстарын тексереді.

Өзін-өзі бағалау.

Критерий (ұпай бойынша) 0-0 – «0» ұпай, 1-2 – «2» ұпай,

3 – «1» ұпай,

4 – «1,5» ұпай, 5 – «2» ұпай



Карта, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта

Жаңа сабақты меңгерту

22 мин

Материктер мен аралдарға саяхат. Бағыт-бағдар береді, қызығушылығын оятады. Топтық жұмыс бойынша 1 топқа постер (материктер мен аралдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары), 2 топқа кескін картамен жұмыс (ірі аралдарды түсіру), 3 топқа аралдарға сипаттама (қай мұхитта? қай ендікте?) 4 топқа кесте (мұхиттарға тиесілі аралдарды кестеге толтыру).

Қызығушылық таныту. Топтық жұмыс. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Топтық жұмысты бағалау. Топтар бір-бірін бағдаршаммен бағалайды. Жұмысқа «2» ұпай, белсенділікке «1» ұпай.

Карта, оқулық, атлас, кескін карта, дәптер, плакат, интерактивті тақта, пламастер, маркер, стикер

Жаңа сабақты бекіту

6 мин

Ақылды доп. Мұғалім допты оқушыларға беру арқылы сұрақ-жауап алмасады..


Оқушылар допты сұраққа жауап беру арқылы мұғалімге қайтып береді.

Дұрыс жауапқа 1 ұпай

Доп

Үйге тапсырма

2 мин

Тексереді, толықтырады, қорытындылайды, тапсырма береді. Тақырыпты мазмұндау. Атлас 12-13 бет. Кескін картаға ірі араларды салу. Материктердің шектесіп жатырған жерлерін кестеге толтыру.

Оқып түсінгенін айтады. Берілген тапсырманы орындайды. Атлас

12-13 бет. Кескін картаға берілген тапсырманы орындайды. Кестені толтырады.






Оқулық, дәптер, атлас, кескін карта

Рефлексия

2 мин




Сабақта не ұнады? Сабақта ұнамады?

Ұнады, бірақ .....






Стикер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет