Сабақтың тақырыбы: §14,15. Деформация. Серпімділік күші. Гук заңы


ҚБ. Фигуралар арқылы «Түртіп алу»



бет2/2
Дата09.12.2019
өлшемі148,09 Kb.
#53272
түріСабақ
1   2
Байланысты:
кмж деформация
Колумбийский университет в Нью Йорке (Columbia University) - стоимость обучения в год, факультеты - StudyLab, биология -46-60

ҚБ. Фигуралар арқылы


«Түртіп алу» әдісі бойынша

Жұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыш фигуралар





Сабақтың соңы
Бекіту


Білу, түсіну, қолдану


«Жұптық жұмыс» .

1. Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

2. Шиыршық серіппенің ұзындығы 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады.

Оны 2,1 см ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?

3. Есікті ашқанда оның серіппесі 12 см ұзарды, сонда серпімділік күші 0,004кН тең, серпімділік

күші 10Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?

4. 320Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9мм-ге сығылады. 1,6кН күштің әсерінен

серіппе қаншаға сығылады?

5. Қатаңдығы 100 Н /м –ге тең сымды 1см –ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіреді?


  1. 6. Массасы 0,2 кг балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 500 Н / м -ге тең қармақ бауы қаншаға созылады? (0,04 м)

7. . Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Жүкті осындай деформацияға ұшыратқан

күштің шамасы неге тең?

8. Серіппеге ілінген массасы 3 кг жүк, оны 1,5 см созады. Егер 4 кг жүк ілінсе, онда оның созылуы?





Дескриптор

- Деформация түрлерін ажыратады




ҚБ: «Ауызша бағалау»

(Мұғалім шығарылған есептерге комментарий береді)



Үйге тапсырма: §18,19. 3.5 -жаттығу.

Берілген тапсырмаларды орындайды.



Рефлексия

2 минут

Рефлексия. «Мишень» әдісі

Бөліктерін толтырады.

  1. Қызық болды

  2. Жаңалық

  3. Белсене қатыстым

  4. Түсінікті болды



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушылар топта бірлее отырып жұмыстанады. Яғни бұндай жұмыс нәтижесінде өзара көмек жүзеге асырылады. Олар тақырып бойынша білімдерін толықтырады, өз ойларын айтады, бір-біріне көмектеседі, әрі бәсекелестік орта қалыптасады.

Топтық жүмыста бірлесе отырып 2,3 топтар тапсырма орындаған кезде дұрыс мәліметтер алу мақсатында, карточкалар беремін. Бұл қабілетті оқушылардың көмегімен жүзеге асырылады. Сабақтың бекіту бөлімінде «Жұптық жұмыс» жасаймын, яғни есептер шығаруда қабілеті төмен оқушыларға өзімнің тарапымнан көмек ұйымдастырылады.


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Сабақ бойында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Яғни топтар бір бірін бағалайды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындағанда оқушыларды жетелеу мақсатында өзім «Ауызша бағалау», «Фигуралар» жүргіземін. Мақсатым оқушыларды алға қарай жетелеу. Сабақтың соңында «Мишень» әдісі бойынша рефлексия аламын.




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы:

  • Физика оқу кабинетінде тәжірибе жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау.

  • Психологиялық ахуал орнату.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Дұрыс қойылған, және де мақсат бойынша оқушылармен бірлесіп, сабақтың мақсатына жеттік.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Оқушылармен бірлесіп, тапсырмалармен жұмыстандық. Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау ұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақтың уақыттық кезеңдері өз жүйесімен сақталды.

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Алдыңғы білім бойынша оқушылар біртіндеп сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытуы.

2:Жаңа сабақ барысында берілген әдіс бойынша оқушылардың тақырыпты толық ашуы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлыныңыз)?

1: Сабақтағы әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар.

2: ҚБ арналған тапсырмалар.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Көбірек логикалық тапсырмалар мен есептер оқушыларға ұсынып, беру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет