Сабақтың тақырыбы: 1836-1838 жылдардағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата12.04.2017
өлшемі84,97 Kb.
#13687
Сабақтың тақырыбы:1836-1838 жылдардағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға туған жердің тарихын, соның ішінде 1836-1838 жылдардағы көтерілістің себептері, қозғаушы күші, нәтижесі, тарихи маңызы туралы түсінік беру, Махамбет пен Исатайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Қосымша деректер арқылы тарихи білімдерін көтеру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, өздігінен және топ болып жұмыс істеуге дағдыларын жетілдіру, әдебиет пен өнерге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды Исатай мен Махамбет бейнесі арқылы азаматтыққа, жерін сүюге, ұлтжандылыққа, намысшылдыққа, өршілдікке, бірлікке,өз елінің тарихын құрметтеуге, ел қорғаған бабалардың ерліктеріне тағзым етуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдістері: түсіндірмелі, сұрақ- жауап, баяндау, топтастыру, Венн диаграмма

Көрнекілігі: буклет, плакат, слайд

Жабдығы: интерактивті тақта

Пән аралық байланысы: әдебиет, математика, география

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

Оқушыларды топқа бөлу



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Балалар, біз өткен сабақтарымызда 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті өткен болатынбыз. Сол бойынша тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді білу мақсатында тапсырмалар беремін.



10 (жоғарғы) Көтерілістің басталу себебі, қозғаушы күші

10 (ортадағы) Кенесары кім, біз оның бойынан өзімізге қандай үлгі өнеге қасиет аламыз?

10 ( төменгі) Кенесары бастаған көтерілістің жеңілу себебі, салдары, тарихи маңызы

20 (жоғарғы) Патша үкіметі көтерілісшілерді жазалау үшін қандай әрекеттер жасады?

20 (ортадағы) Кенесары Қоқан хандығының қандай бекіністерін тартып алды?

20 (төменгі) Хан алым-салықта, сауда-саттықта қандай өзгеріс жасады?

30 (жоғарғы) Ұлы жүздің батырлары

30 (ортадағы) Көтерілістің басты мақсаты

30 (төменгі) Қарулы күштерде әкелген өзгерістер

40 (жоғарғы) 1845 жылы хан сарайына жіберген елшілердің қызметі қалай аяқталды.

40 (ортадағы) «Менің мұнда келуімнің келгенімнің мақсаты, сендермен жауласу, қан төгу емес, қайта қазақтармен сендердің бастарыңды қосып, күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады» - деген үндеуді хан кімдерге арнады?

40 (төменгі) Қазақ хандығын қалпына келтіруде қандай өзгерістер әкелді?

ІҮ. Үй тапсырмасын бекіту

Біз өткен сабағымызда 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы мәлімет алсақ. Біз бүгін сол оқиғаның жалғасы ретінде Ресей үкіметіне қарсы болған тағы бір баскөтеру 1836 - 1838 жылдардағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс туралы айтпақпыз.



Ү. Жаңа сабақ

Жоспары:

  1. Көтерілістің шығу себептері

  2. Көтерілістің басталуы

  3. Көтерілісшілердің хан ордасын қамауға алуы

  4. Тастөбе түбіндегі шайқас

  5. Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті

  6. Көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдарлары

  7. Көтерілістің тарихи маңызы

Көтерілістің шығу себептері:

  1. Шаруалардың жерден айырылуы

  2. Алым-салықтың көбейтілуі

  3. Халықтың малдан, жерден, еркінен айырылуы

  4. Шаруалардың ата-бабаларының жерінде отырып айып төлеуі

  5. Жәңгір хан салған салықтардың түрінің көбеюі

Көтерілістің басталуы

Көтерілістің басталған уақыты-1836 жыл.

Қозғаушы күші- бақташы қазақтар.

Жетекшілері: Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы

Осы көтеріліс жетекшілеріне жеке- жеке тоқталсақ:

Исатай Тайманұлы

Дүниеге келуі: 1791 жылы Атырау облысы , Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген.

Беріш ---- Тыныс, Наурыз, Бақай, Дәулет----- Тілеуке ------Есіркеп, Шағатай,Ағатай ----- Боқай-----Сарт, Жаңғабыл, Бекәлі -----Тайман----- Исатай----Ақай, Оспан, Жақия, Дінислам --- Шахмет----Ақан, Шомақ, Ахмет, Сары----Құрмет, Құрман (қазіргі ұрпақтары Атырау облысында тұрады)



Шешесі:Нағибала,әйелі - Несібелі

Қызметі: 21 жасында Беріш руының старшинасы

Тұлпары: Ақтабан

Қайтыс болған жері: 1838 жылы 12 шілдеде Қиыл мен Ақбұлақ өзендерінің бойында

Сүйегі: Қиыл өзені бойындағы Шолақмолада жерленген.
Махамбет Өтемісұлы

Дүниеге келуі: 1804 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарайтын Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген.

Беріш ----Нәдір----Мәлінің(Құлмәлі, Құлманияз) қалмақ әйелінен ------Қобылай, қазақ әйелінен-----Шыбынтай , Өтеміс----Бекмағанбет, Махамбет, Исмайыл, Досмайыл, Қожахмет, Қабыланбай, Хасен, Сүлеймен, Ибрайым, Мұса, Махамбеттен----- Нұрсұлтан--- Сауғабай--- Мырзағали, Шәкір (қазір ұрпақтары Башқұртстанда тұрады)



Ақын, күйші

Күйі: 11, «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен 1982 жылы жарық көрді.

Қайтыс болған жылы: 1846 жылы өз үйінде қастандықпен қаза табады.

Бейіті: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қараой деген жерде.

Хронологиялық кесте

Жылдар

Оқиғалар

1836 жыл ақпанда

Көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашықтан-ашық шабуылға шықты.

1836 жылы көктемде

Көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді.

1836-1837 жылдары

Исатай шағым мен петиция (талап) беру арқылы Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілерді көпшілік алдында әшкерелемек болып, шеруге шықты.

1836 жылдың күзі


Исатай әр рулардың ауылдарын аралап жүріп,Жайық казак әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды.

1837 жылың бас кезінде

Көтерілісшілерге байбақты руының беделді старшыны Жүніс Жантеліұлының қолы келіп қосылды.

1837 жылдың жазы мен күзі

Көтерілісшілер ірі байлардың ауылына шабуыл жасады.

1837 жылы қазанның аяқ кезі

Көтерелісшілердің хан ордасын қоршауға алуы

1837 жылы 15 қараша

Тастөбе түбіндегі шайқасы

1837 жылы

13 желтоқсан



Көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті


1838 жылы 2 шілде

Қиыл мен Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасындағы шешуші шайқас



Көтерілістің жеңілу себептері:

  1. Қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады

  2. Көтеріліс басшылары К. Қасымұлы мен Ж. Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады.

  3. Патша үкіметінің әскерлері жақсы қаруланған

  4. Екі бағытта - әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді.

  5. Көтерілісшілер патша әскерінің қоршауында қалды.

Тарихи маңызы:

Патша үкіметіне қарсы қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Кетеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалға берді.



ҮІ. Бекіту кезеңі

«Хандар» тобына - Венн диаграммасы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс пен И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтерілісті салыстыру.

«Билер» тобына- Математикалық ойын

1759+32=1791 /Исатай дүниеге келген жыл/

950+1000-114= 1836 /Көтеріліс басталды/

400+720-1118= 2 /1838 жылы 2 шілдеде Қиыл мен Ақбұлақ өзеніндерінің бойындағы шешуші шайқас

1200+500-103=1803 /Махамбет туған жыл/

144х2-267=21 /21 жасында старшын болды/

800х2+238=1838 /Көтеріліс аяқталды/

«Батырлар» тобына- Махамбеттің өлеңдерін жатқа оқу

ҮІІ.Қорытындылау кезеңі

Ал ендеше балалар біз бүгінгі сабағымызды қорытындыласақ. Халық жазушысы, мемлекет қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен ары төгілмеген-арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз». Біз бүгін еліміздің қорғаны болған, күрескер, патриот батырлары туралы әңгімеледік. Біз бүгін бір саты биіктедік, рухани нәр алдық. Рухы өр тәні бекем, қайсар халықтың ұлдарын дәріптедік. Солардың ерлігін паш еттік, бойға сіңірдік. Мақтандық марқайдық. Ерлердің ісі өнеге, ұрпаққа үлгі болары хақ.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1. Тақырыпты оқу



2. Махамбеттің Исатайға арналған бір өлеңін жаттау

ІХ .Бағалау кезеңі

Сабаққа белсенділікпен қатысқан оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет