Сабақтың тақырыбы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі. Сабақтың мақсаты



Дата12.04.2017
өлшемі87,58 Kb.
#13696
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтерілісі.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Кіші жүздегі көтеріліс тарихымен таныстыру. Көтерілістің өз құқыларын қорғаулары үшін қажет болғанын түсіндіру. Көтерілістің алғышарттарын, себептерін анықтап, көтеріліс басшыларының ықпалын баға беру.

Оқушыларды салыстырмалы талдау жасау мен іздену жұмыстарын жүргізуге машықтандыру, дұрыс жоспар құруға, пікірін жеткізе білуге үйрету.

Оқушылардың көтерілісшілерге деген көзқарастары арқылы оларға патриоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Ізденіс сабағы.

Ұйымдастыру кезеңі:

Псхологиялық ахуал: «От шашу» әдісі.

«Мозайка» әдісі бойынша сурет (Исатай, Махамбет, Жәңгір,)арқылы сыныпты топқа бөлу, топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастыру. 1-топ «Махамбет»; 2-топ «Исатай»; 3-топ «Жәңгір» Топтастыру әдісін қолдану. Кім? Не істеді? Несімен танымал?




«Егер мен...» ойыны (Махамбет, Исатай, Жәңгір)

«Атадан асыл ұл туса, елінің қамын жейді» деп халық даналығында айтылғандай, қазақ халқы тарихында елі үшін еңіреген, халқы үшін күңіренген ұлдар аз болған жоқ. Солардың бірі – 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс.

Ендеше, осы тақырып бойынша алған білімдеріңізді ортаға салайық. 

Қызығушылығын ояту кезеңі: Электронды оқулық бойынша тыңдау.

Сабақ жоспары:



1. Көтерілістің шығу себептері

2. Көтерілістің барысы

3.Тастөбе түбіндегі шайқас.

4.Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептрі мен салдары
Мағынаны ажыратукезеңі :

Тапсырмалар:

1-топ. Сәйкестендіру әдісі. Жылдар мен оқиғаларды өз орындарына қою .

2-топ. Картамен жұмыс. Картамен жұмыс. Көтерілістің негізгі ошақтарын картаға түсіру.

3-топ. Көтерілістің жеңілу себептрі мен тарихи маңызы. Постерге түсіру.
Жылдармен жұмыс түрі:

1791-1838 жж- Исатай Тайманұлы


1804-1846жж- Махамбет Өтемісұлы

1836 ж.ақпан- Жәңгір ханға қарсы ашық шабуылға шықты.


1836 жылы көктемде- Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы көтерілісшілер қосына жақын келді.
1837 жылдың бас кезінде- байбақты руының беделді старшыны Жүніс Жантеліұлының қолы көтерілісшілерге қосылды.
1837 ж. 15 қараша – Тастөбе шайқасы
1837 ж. 13 желтоқсан- көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті.
1838 ж. 12 шілде- Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойындағы шайқаста Исатай Тайманұлы мен 80-ге жуық адам қаза тапты.
Құрманғазының Кішентай куйінің шығу тарихын айту. Оқушылармен күй әуенін тыңдап, екінші рет Махамбет өлеңдерін оқи отыра топқа бөліну 1-топ «Зерттеушілер»; 2-топ «Тарихшылар»; 3-топ «Әдебиетшілер»
Ой толғаныс кезеңі:

1-топ «Зерттеушілер» Исатайдың бейнесін суреттеу. Қосымша деректермен жұмыс.

2- топ «Тарихшылар» Жәңгір ханның жағымды және жағымсыз тұстарын салыстыру. Көрініс көрсету.

3-топ. Хат «Махамбет пен Исатай рухымен сырласу» Бес жол өлең құрау .


Көріністің түрі.

Сарайда отырған Жәңгір хан. Айналасында Баймағамбет сұлтан, сарайдың билері, уәзірлері, т.б.



Жәңгір хан Махамбетті шақырып:

- Ау, Махамбет! Арамыздан шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе? Жырла мені мақтап мына жұртқа.



Махамбет:

- Айтсам айтармын хан Жәңгір, жұртқа жасаған ісіңді. Қарапайым халықтың ақысын жеп, табаныңа таптамадың ба мына жұртты? –

Хан емессің қасқырсың,

Қас албасты басқарсың.

Достарың келіп табалап,

Дұшпаның сені басқа ұрсын.

Хан емессің аянсың,

Айыр құйрық шаянсың, - деп айта бергенде Жәңгір хан:

- Тоқтат! Жетеді енді!

Сабақты бекіту кезеңі: «Жеңіс тауы» ойыны. (Жауаптардың артығын алып тастау)

Рефлексия кезеңі. Екі жұлдыз бір тілек. Стикерлерді толтыру.

Ерболат Құдайбергеновтың орындауындағы өлеңге шеңбер болып тұрып, сабақтан алған әсерлерімен бөлісу

(«Мен мен мен едім» өлеңі қойылады.)

Бағалау:


Үйге тапсырма: Тақырыптағы жылдармен байланыстырып тест құру. Сырым Датұлы көтерілісі мен 1836-1838 жж көтерілісті салыстыру.

1791-1838 жж- Исатай Тайманұлы

1804-1846жж- Махамбет Өтемісұлы

1836 ж.ақпан- Жәңгір ханға қарсы ашық шабуылға шықты.

1836 жылы көктемде- Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы көтерілісшілер қосына жақын келді.

1837 жылдың бас кезінде- байбақты руының беделді старшыны Жүніс Жантеліұлының қолы көтерілісшілерге қосылды.

1837 ж. 15 қараша – Тастөбе шайқасы

1837 ж. 13 желтоқсан- көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті.

1838 ж. 12 шілде- Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойындағы шайқаста Исатай Тайманұлы мен 80-ге жуық адам қаза тапты.

«Тарихшылар» тобы


Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай

Еңеу-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темірқазық жастанбай

Қу толағай бастанбай

Ерлердің ісі бітер ме?!


«Зерттеушілер» тобы
Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,

Басын кессем деп едім,

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім,

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім!

«Әдебиетшілер» тобы

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты мойның бос.

Исатайдан айырылып, Жалғыздықпен болдым дос.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!

Ел қорғаны мен едім

Мен де айырылдым елімнен

Көл қорғаны сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен

Аспанда ұшқан қызғыш құс!

Сені көлден айырған-

Лашын құстың тепкіні.

Мені елден айырған-

Хан Жәңгірдің екпіні.

Айтып- айтпай немене,

Құсарлықпен өтті ғой,

Махамбеттің көп күні!




Ішкі Орданы құруға рұқсат бере отырып, патша үкіметі қандай мақсатты көздеді?

Қазақтарды Жайықтан өткізбеуге, Кіші Жүзді бөлшектеу үшін, «бөліп ал да, билей бер!» саясатын жалғастыру үшін

Жәңгір ханның жеке басы мен тарихтан алатын орны туралы әңгімелеңдер, осы бір тарихи тұлғаға байланысты өз көзқарастарыңды білдіріңдер

Жәңгір хан қазақ хандарының ішіндегі тарихта ерекше орын алатын хандардың бірі, ол орысша, татарша еркін сөйлеген, Ішкі Ордада мектеп ашқан, кей деректерден оның қарапайым балаларды өз қаржысына шет жақта оқытқаны белгілі

Бөкей ордасының «Ішкі Орда» деп аталуы неліктен?
Кіші Жүздің өзі бір орда болса, оның ішінде құрылғандықтан ол Ішкі Орда саналады. Патша өкіметінің қаржысына Жасқұс деген жерде хан сарайы салынған.


Бөкей ордасының «Ішкі Орда» деп аталуы неліктен?

Жәңгір ханның жеке басы мен тарихтан алатын орны туралы әңгімелеңдер, осы бір тарихи тұлғаға байланысты өз көзқарастарыңды білдіріңдер

Ішкі Орданы құруға рұқсат бере отырып, патша үкіметі қандай мақсатты көздеді?
Каталог: uploads -> doc -> 0699
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0699 -> Сабақ тақырыбы: Қыс қашан келеді?
0699 -> Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер жəне ресурстар Сілтеме
0699 -> Семинар сабақ жоспары. Тақырып: Ұбт-да кездесетін күрделі есептердің шығарылу жолдары
0699 -> Сабақтың тақырыбы: Washington Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет