Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. Сабақ мақсаты: Білімділік



Дата31.12.2019
өлшемі31,58 Kb.
#55292
түріСабақ
«М.Хасенов атындағы Бестерек орта

мектеп-бақша және мектеп жанындағы интернат» КММ

Тарих пәні мұғалімі: Жағалбаева Маржан Нұрушевна

Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы өзі батыр, өзі хан, өзі көсем, өзі дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт-азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулу.

Дамытушылық: 1837–1847 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбын қортындылай келіп, түйіткілдерді сұраққа жауап беру барысында оқушыларды әлеуметтік – экономикалық және саяси дамудың тарихи құбылыстардың күрделі кешендері талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу.

Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатын қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Интерактивті, топтық, жұптық, картамен жұмыс, Веен диаграммасы.

Көрнекілігі: Карта, оқулық, слайд-шоу,видео ролик

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назар аудару.

Шаттық шеңбері

  • II. Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.

Тест

1 нұсқа

1.Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы болған жыл:

А)1772ж-1775ж В)1773ж -1775ж С) 1775ж -1777 ж Д) 1774ж-1776ж

2 .Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша қай жылы Исатай Тайманұлы сотқа тартылды:

A) 1815-1817 B) 1817-1823 C) 1823-1825 D) 1824-1828 E) 1825-1833

3. ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыды:

A) 750 000 шақырым B) 850 000 шақырым C) 100 000 шақырым

D) 950 000 шақырым E) 650 000 шақырым

4. Бөкей Ордасының территориясы

A) Еділ мен Амударияның жоғарғы ағысына дейін

B) Тобылдан Сырдарияның төменгі ағысына дейін

C) Ембіден Жайық бойына дейін

D) Еділ мен Жайықтың аралығы

E) Жайық пен Тобылдан Сырдарияның төменгі ағысына дейін

5. Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:

A) Жасқұста B) Сарайда C) Теректіқұмда D)Жаманқалада E) Тастөбеде салынды

6. Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл:

A) 1820 жыл B) 1815 жыл C) 1810 жыл D) 1801 жыл E) 1827 жыл

7.1836-1838 жылғы шаруалар көтерілісінің шығуына Жəңгір ханның Каспий теңіз аумағындағы тайпаларға кімді басшы етіп тағайындауы себеп болды:

A) Есентемірді. B) Нұралыны. C) Иманбай сұлтанды. D) Қарауылқожаны.

E) Қаратай сұлтанды.

8. 1836-1838 ж.ж. Ішкі Ордада шаруалар көтерілісін басқарған қолбасшылар:

A) Нұралыұлы, Байжанұлы. B) Тайманұлы, Өтемісұлы. C) Жəнібек Қандыбайұлы.

D) Еділұлы, Тайсойғанұлы. E) Наурызбайұлы, Жанболатұлы.

9. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады:

A) Баймағамбет сұлтанның B) Жəңгір ханның C) Балқы бидің

D) Табылды Шерғазыұлы сұлтанның E) Нұртазғани сұлтанның

10.. Исатайдың подполковник Геке мен Жəңгірдің біріккен əскерімен шайқасы болды:

A) 1836 ж. қазанда B) 1837 ж. қазанда C) 1837 ж. Қарашада D) 1838 ж. қаңтарда

E) 1838 ж. Шілдеде



2 нұсқа

1. Исатай көтерілісін тездетіп басуға əсер еткен жағдай:

A) Жоламан Тіленшіұлының көтерілісі. B) Исатай жасағының 3000 асуы.

C) Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы. D) Исатайдың хан ордасын қоршауы.

E) Оның жеке басына тігілген 1000 сом.

2. "Хан емессің ылаңсың, қара шұбар жылансың " деген өлең жолдары қай ханға айтылған:

A) Абылай ханға .B) Нұралы ханға.C) Əбілқайыр ханға. D) Жəңгір ханға. E) Бөкей ханға.

3.Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері.

А)Ұлы және Кіші жүз В) Кіші және Орта жүз С) Орта және Ұлы жүз Д)Барлық үш жүз Е)Тек қана Кіші жүз

4. Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары:

A) И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы B) А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы C) Қ.Өтемісұлы мен Б.Сарұлы Д) Құндағұлұлы мен Қоштайұлы Е)Дәуітбайұлы мен Мантайұлы

5 .Орынбор губернаторы Игельстромның мақсаты:

А)Көтерілісшілерді қолдау. В)Хандық билікті жою С)Қытаймен сауданы күшейту Д)Жоңғарияны талқандау Е)Қазақ хандығымен елшілік қатынас орнату.

6.Патша үкіметі жарлығымен Орал деп өзгертілген өзен.

А)Еділ В) Ембі С) Жайық Д) Сағыз Е) Ертіс

7. Сырым Датұлының қызметі

А)Кіші жүздің аға биі В) Байбақты руының старшыны С) Беріш руының старшыны Д) болыс Е)Сұлтан

8.1784 ж қарашада Сырым тобындағы көтерілісшілер саны:

А) 1000-ға жуық В) 900 –дай С) 1500-ге жуық Д)2000 –дай Е)500 –ден астам

9.1785 ж күздегі Кіші жүз билерінің мәжілісіне қатысқан ру өкілдері:

А) 12 В)15 С)30 Д) 20 Е)2914.

10. 1774-1775 жылдары үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан əскер саны:

A) 4 500 адам. B) 4 000 адам. C) 3 500 адам. D) 3 000 адам.

E) 2 500 адам.



3 нұсқа

1. Сырым Датұлы старшын болған Кіші жүз руы:

A) Адай. B) Əлімұлы. C) Байбақты. D) Табын. E) Шекті.

2 . Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші:

A) Рубасылары. B) Феодалдар. C) Қазақ шаруалары. D) Жалданбалы жұмысшылар. E) Ақсүйектер.

3 . 1797 жылдың наурыз айының 17-сінде Сырым тобы тұтқиылдан шабуыл жасады:

A) Орынбор қаласына. B) Қаратай сұлтанның жасағына. C) Хан сарайына.

D) Майор Назаров бастаған жазалаушыларға. E) Кулагин бекінісіне.

4. Сырым Датұлының Орал казак əскерлерімен ашық арпалыс жолына түсуі басталды:

A) 1778 жылы. B) 1797 жылы. C) 1783 жылы. D) 1785 жылы. E) 1786 жылы.

5. Патша үкіметі Сырымды өзіне жақындату үшін:

A) Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды. B) Қазақ руларының Еділ бойына дейін көшіп- қонуларына рұқсат етті. C) Бар билікті оның қолына берді. D) Нұралы ханды биліктен тайдырды.

E) Əкімшілік билікті шекаралық сотқа берді.

6. С.Датұлы бастаған 1783-1797 жылдардағы көтерілістің қамтыған аймағы:

A) Ұлы жүз. B) Жетісу жəне Оңтүстік Қазақстан C) Орта жүз. D) Кіші жүз. E) Бүкіл Қазақстан аумағын.

7. Кіші жүзде хандық билікті жойып, оны отарлауды жүзеге асыру туралы реформасының жобасын дайындаған:

A) П.И.Рычков. B) майор Назаров. C) князь Татищев. D)барон О.Игельстром.E) генерал-губернатор М.М.Сперанский.

8. 1797 жылы наурыз айының 17-сінде С.Датұлы тобы тарапынан өлтірілген Кіші жүз ханы:

A) Нұралы. B) Ералы. C) Есім. D) Айшуақ. E) Досалы.

9 . Сырым Датұлы көтерілісі кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан қысқы жұт болды:

A) 1774-1775 жж. B) 1782-1783 жж. C) 1796-1797

D) 1794-1795 жж. E) 1790-1791

10.Сырым басқарған көтеріліс кезінде құрылған хандық кеңестің төрағасы

А) Сырым В) Бөкей С) Аайшуақ Д) Қаратай Е)Нұралы



Тест кілті:

1нұсқа: 1 –В 2-В 3-В 4-Д 5-А 6-Е 7-Д 8-В 9-С 10-С

2 нұсқа: 1-С 2-Д 3-В 4-В 5-В 6-С 7-В 8-А 9-Д 10-С

3нұсқа: 1-С 2-С 3-С 4–С 5-А 6-Д 7-Д 8-С 9-В 10-С



Топқа бөлу (Геометриялық фигуралар арқылы)

III. Жаңа сабақ:

Жоспар:

Тақырыпты ашу «Ой тастау»

Тарихта Ұлы Отан соғысы, азамат соғысы, ұлт азаттық көтеріліс деген ұғымдар бар. Ендеше соларды бір –бірінен ажыратып көрейік...

Қазақстанда қанша ұлт –азаттық көтеріліс бар?

Соның ішінде хан тұқымынан шыққан көтеріліс басшысын атаңдар?



Жалғасын тап!

Арқада Көкшетауға жер жетпейді.

Басқа жер көңілді ондай тербетпейді,

Ту тіккен Абылай ата кең далада,



Қазақта ................. ер жетпейді

Сабақтың тақырыбы ашылғанан кейін

Ұлт азаттық көтерілістерге тоқталу

Басшылары Себептері

Тарихи маңызы Көтеріліс Мақсаты

Жеңілу себептері Барысы



Жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин) ментальдық карта арқылы

  1. Оқулықпен жұмыс ( 12-13. 78-87 беттер

1.Өздік жұмыс (Өз бетінше тақырыпты оқу, түсіну).

2.Жұптық жұмыс ( Бір –біріне тақырыпты түсіндіру).

3.Топтық жұмыс (Ақылдасып ортақ шешімге келіп ментальдік картаны құру).

2) Қорғау

1 топ: Көтерілістің алғы шарттары мен себептері, мақсаты.

2 топ. Көтерілістің барысы:

3 топ. Көтерілістің жеңілуі мен тарихи маңызы.

3)Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек

Сабақты бекіту.

III Деңгей: Тест

1.Кенесары бастаған көтеріліс қашан басталды?

А) 1847 ж В) 1837 ж С) 1836 ж

2. 1838 жылы Кенесары сарбаздары шабуыл жасаған бекініс?

А)Ақмола В) Ақмешіт С) Жаңақорған

3. Кенесарының саяси көзқарастарына әсер еткен

А)Әкесі Қасым В) Ағасы Саржан С) С.Датұлы

4. Кенесары бастаған көтерілісшілерге рух берген алғашқы ірі жеңіс:

А) Сотников тобын талқандау В) Ақмола бекінісін өртеу

С) Ұлы жүзге ену

5. 1845 ж Кенесары Сарыарқаданқай жаққа бет алды?

А)Ұлытауға В) Ұлы жүзге С) Қырғыз жеріне



Жауап кілті:

1.Кенесары бастаған көтеріліс қашан басталды?

В) 1837 ж

2. 1838 жылы Кенесары сарбаздары шабуыл жасаған бекініс?

А)Ақмола

3. Кенесарының саяси көзқарастарына әсер еткен

А)Әкесі Қасым

4. Кенесары бастаған көтерілісшілерге рух берген алғашқы ірі жеңіс:

В) Ақмола бекінісін өртеу

5. 1845 ж Кенесары Сарыарқаданқай жаққа бет алды?



В) Ұлы жүзге

II деңгей: Кенесары Қасымұлына сипаттама беру ( топтастыру)

I деңгей: Кенесары Қасымұлы мен Исатай Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс (Веен диаграмасы )

Кенесары Қасымұлы И.Тайманұлы менМ.Өтемісұлы

бастаған көтерілістің бастаған көтеріліс



Шығармашылық тапсырма: Жоба қорғау «Шоқтығы биік көтеріліс»

ІV. Қорытынды. Бағалау.

Мен сабақты қалай түсіндім?



  • Мен өте жақсы меңгердім

  • Мен сабақты түсіндім, бірақ толық емес

  • Мен сабақты түсінген жоқпын

V.Үйге тапсырма

§12 -13 оқу



Кенесарыға арнап эссе жазу
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет