Сабақтың тақырыбы: 1920-1945 Жылдардағы Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы. Сабақтың мақсаты



Дата27.07.2017
өлшемі68,86 Kb.
#22168
түріСабақ
Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Шәкен ауылы

134 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Оразалы Ерболат Қасымұлы



Сабақтың тақырыбы: 1920-1945 Жылдардағы Қазақ кеңес әдебиеті мен

өнерінің қалыптасуы.



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: 1920-1945 жылдар арасындағы көркем әдебиеттің

дамуы, өнердің қалыптасуы және ғылым мен

өнердің майданға тигізген көмегі туралы түсіндіру.

ә) Дамытушылық: Ортада ашық, жүйелі сөйлей білу, ой-пікірін

қалыптастырып, сауал қоя білу дағдыларын дамыту.

Қосымша деректер мен құжаттарды пайдалана білу

арқылы ізденіштік, шығармашылық қабілетін

дамыту.
б) Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа және Отан тарихына

деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық

тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, хабарлама жасау, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың түрі: Интерактивті ақпараттандыру сабағы (Онлайн жүйесі арқылы сабақ жүргізу).
Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер, интернеттен алынған мәліметтер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, класты түгелдеу, кластың

тазалығы, сабаққа назар аудару.
II. Үй тапсырмасымен жұмыс:

§16. Білім және ғылым

«Уақыт сызығы» ойыны.

III. Жаңа сабақ
1920-1945 жылдары мәдени мұра ішінде қазақ әдебиеті ерекше орын алады. Ол көп ұлтты кеңес әдебиетінің бір бөлігі ретінде қалыптасты. Сол жылдары қазақ кеңестік әдебиетінде С.Сейфуллин, С.Мұқанов, И.Байзақов, Б.Майлин, Ж.Аймауытов, С.Ерубаев, Ғ.Мұстафин, С.Торайғыров сынды әдеби өкілдер үздік шығармаларымен қосылды. 1927 жылы С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» атты тарихи тартысқа толы романында қазақ халқының 1916 жылғы азаттық қозғалысына, Ақпан ревалюциясы мен Қазақ қозғалысына, Азамат соғысына қатысуын шынайы бейнеленді.

Қазақ драматургия жанрында да зор табыстарға қол жетті.

М.Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Түнгі сарын», Б.Майлиннің «Жалбыр», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Ж.Аймауытовтың «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» сияқты бірегей туындылары дүниеге келді.

1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдары қазақ әдебиетшілерінің қатарына дарынды жастар Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев, Ә.Сәрсенбаев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекқожин келіп қосылды. Қазақ жазушыларының әдебиетті өзара байыту ісіне қосқан үлесі зор болды. М.Жұмабаев Гетенің, Гейненің, М.Горькийдің, А.Байтұрсынұлы, И.А.Крыловтің, Ж.Аймауытов, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Ф.Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Алайда 1930 жылдардағы Сталиннің жазалаулар қазақ әдебиетінің даму барысына зор зиянын тигізді.

Қазақ кеңестің өнерінің қалыптасуында да үлкен жетістіктер болды. Орынборда, Алматыда, Ақмолада,Семейде, Петропавлда, Оралда, Қостанайда және Қазақстанның басқа да қалаларды клубтар, халық пайда болды. Қазақ және орыс тілдерінде хор, драма, әдебиет үйірмелері, халық театрлары ұйымдастырылды.

Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып «Қырғыз-қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтар жариялады.

Сазгерге 1932 жылы Қазақстанның халық әртісі атағы берілді. 1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік қолданбалы өнер көрмесінде және 1927 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен дүниежүзілік музыка көрмесінің концерттеріне қатысқан қазақтың үздік әншісі Әміре Қашаубаев өзінің дарыны мен Еуропаның көрермендерін тәнті етті.

1926 жылы қаңтарда Қызылорда да ұлттық қазақ театры ашылды. Театрды дарынды драмашы, режисер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы болды. 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді. 1930 жылдары Семейде, Ақтөбеде, Шымкентте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды. 1937 жылы Қызылорда да Корей театры ұйымдастырылды.

1934 жылы қаңтарда Қазақ мемлекттік музыка театры ашылды. 1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды.

1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ашылды. Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өнерлерін көрсетіп, толыға түскендегін көрсетті. Онкүндікте «Қыз Жібек», «Жалбыр» опералары көрсетілді. Әйгілі әнші Күләш Байсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді. Кітапхана мамандары көптеп дайындала бастады.

1930 жылы Республикада 290 кітапхана болса, 1939 жылы олардың саны 3304-ке жетті. 1939 жылы А.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы (қазіргі Ұлттық кітапхана ) ашылды.

1920-30 жылдары мәдениет саласында күрделі, қайшылықтарға толы құбылыстар орын алды. Бір жағынан, саутсыздықты жою қарқынмен жүргізіліп, жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жүзеге асырылды, жоғарғы оқу орындары мен техникумдар құрылып, зиялылардың жаңа топтары қалыптастырылды. Екінші жағынан әсіреқызыл ланкестік ешкімді аямады, ұлттыұ зиялылар қынадай қырылды.


Соғыс басталған соң «КСРО ғылым академиясының Орал, Батыс Сібір және Қазақстан байлықтарын қорғаныс мұқтажына жұмылдыру жөніндегі комиссиясы» құрылды. Құрамына Комаров, Байков, Бардин, Скочинский, Шевяков, Обрасцов сияқты кеңестің ірі ғалымдары енген комиссияның ғылыми ұсыныстары Қазақстанның әскери экономиясын дамытуды негізге алды.

Республикада 20-дан астам ғылыми зерттеу институттары еңбек етті.

Қ.И.Сәтбаев бастаған Қазақстан ғалымдар қара, түсті және сирек кездесетін металдарды, жанатын қазбаларды, су және су энергетикалық қорын майдан қажеттеріне жұмылдыру бағытында жұмыс жүргізді. Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін 1942 жылы мемлекеттік сыйлық берілді. Осы игі істердің нәтижесінде 1946 жылы 1 маусымда Қазақ Ғылым академиясы ашылды.

Әдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақстаннан жүзге жуық жазушы мен ақындар соғыс майдандарында шайқасты. Мұхтар Әуезовтің «Абай» эпопеясының бірінші кітабы, Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» повесі Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» повестері қазақ кеңестік прозасына кемеліне келгенін көрсетті.

Қазақ әдебиеті Бауыржан Момышұлы, Баубек Бұлқышов сияқты жаңа есімдермен толықты. Жамбылдың «Ленинградтың өренім» өлеңінің маңызы бүкілодақтың дәрежеге көтерілді.

1941 жыл Мосфильм мен Ленфильм Алматыға көшіріп әкелініп, майдан картиналары туралы кинолар түсірді.

Қазақстанның өнер қызметкерлерінен құрылған екі концерт бригадасы майдан даласында концерт қойып, жауынгерлердің рухын көтеріп, жеңіске жігерлендірді. Осының бәрі майдан мен тыл бірлігінің нығаюына жәрдемдесіп, кеңес адамдарының жеңіске деген сенімін күшейтті.

IV. Жаңа сабақты бекіту
Тарихи бас қатырғылар.

Шарты: берілген сөздердің оң жағына тұлғалардың атын орналастыр, сол жағына басы артық әріпті орналастыр.

Ә -ӘБИСӘТ- Сәбит

Д -ДНҒАДИБЕ- Ғабиден

Е -ЕХАТЕМ- Ахмет

Б -БЖАМБЛЫ- Жамбыл

И -ИТАБҒИ- Ғабит

Е -БЕУАБКЕ- Баубек

Т -ҰМХРТАТ- Мұхтар

пен


Ө -ТЛӨЕБВЕАӨ- Төлебаев

Н -НӘБЛНАХІН- Әбілхан

Е -ТЗЕАЧВАИЕ- Затаевич

Р -РМЕІӘР- Әміре



V. Үйге тапсырма
А) Мазмұны
Ә) Өзі ұнатқан тұлға бойынша мәнжазба жазып келу және қосымша деректер жинау.
Б) Сөзжұмбақ және тест құру.

VI. Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет