Сабақтың тақырыбы: 1950 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси өмір



Дата07.02.2022
өлшемі147 Kb.
#86824
түріСабақ
Байланысты:
Лекция 1950-60жж Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір.

2 – курс. 8 – сабақ

Сарқан гуманитарлық колледжі

19.10 – 23.10. Қашықтықтан оқыту.

Қысқа мерзімді жоспар

Қазақстан тарихы 2 с. Лекция. С.Стамбеков.

Сабақтың тақырыбы: Тақырып 10.3. 1950-60жж Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір


1. Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды.
2.Ауыл шаруашылығы
3.Халықтың әлеуметтік жағдайы
4. Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру (1945–1950 жж.)
5.Еңбекшілердің тұрмыс жағдайының өзгеруі
6.Мәдениеттің дамуы
7.Экологиялық проблемалар (Семей полигоны, Арал теңізі)
Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.
Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғамда тоталитарлық, авторитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның басына табынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада коммунизмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады.
Коммунизмнің теориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде бағаланды. Республикада осылай қияли утопиялық көзқарас пайда болды. Коммунистік партия қияли коммунистік идеологияның мүддесін халықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қойды. Адам мүддесімен ешкім санаспады.
Ауыл шаруашылығы
Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылғын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді.
Халықтың әлеуметтік жағдайы
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып отырды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы ешқандай мәліметтерде айтылмайды.

Үкіметтің қолдауымен және жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар біртіндеп аяғынан тұра бастады. Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе Ферроқорытпа зауыты сияқты алыптардың қуаты артты. Екібастұз көмір кендері мен Маңғыстау мұнай кәсіпшіліктерінде жаңа құрылыстар салынды.
1950 жылы 483 шақырымға созылған Мойынты – Шу теміржолы салынды. Байланыс, коммуникация жүйелері де дамыды. 1949 жылы Алматы автоматтық станция арқылы республиканың 56 қаласымен байланыстырылды.
1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы
Республиканың экономикалық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ықпал етті. Егер 1945 жылы халық шаруашылғындағы жұмысшылар мен қызметкердің саны 1044 мың, олардың ішінде өнеркәсіпте еңбек ететіндер 304 мың болса, 1950 жылы олардың жалпы саны 1403,3 мың, ал өнеркәсіптегілер 366 мың адамға тең болды.
1945 жылы Қазақстанда 6737 колхоз болса; 
1952 жылы олардың саны 2047-ге тең болды.
1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды. Семей облысының жерінде орналасқан атом полигоны әлемдегі өзі тұрпаттас әскери объектілерінің ішіндегі ең ірілерінің бірі еді. Сондықтан да оның зардаптары да ірі болды. Батыс Қазақстанда Капустин Яр дегн жерде де атом полигоны жұмыс істеп тұрды. КСРО Қорғаныс министрінің хабарлауынша, Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде ауада қуаты әр түрлі 113 ашық жарылыс жасалған. 1964 жылдан 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150 килотоннаға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған. Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70%-ға жуығы Семей
Полигонында өткізілді, қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны 300-ге жетті.
Сынақ жарылыстары Қазақстан жері мен халқына аса ауыр зардаптар тигізді. Полигондар ең алдымен өздері орналсқан жерді тоздырды. Ол жердің ауа райы өзгеріп кетті. Суы тартылып, ауасы мен шөбі ластанды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы тіршілік үшін өте ауыр болды. Аумақтың флорасы мен фаунасы орны толмас шығынға ұшырады. Әсіресе адамдардың тартқан зардаптары жан түршігерлік болды.


Оқытушы: С.Стамбеков.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет