Сабақтың тақырыбы: №2 Кімге ұқсағың келеді? (8-сабақ)



Дата27.01.2022
өлшемі49,35 Kb.
#129946
түріСабақ
Байланысты:
8-саб. Кімге ұқсағың келеді



Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2- бөлім. Болашақ мамандықтары А. Машанов «Жер астына саяхат»

6 гимназия

Нұр-Сұлтан қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байгозина Гүлім Мағзұмқызы

СЫНЫП: 6

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

2 Кімге ұқсағың келеді? (8-сабақ)


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары :

6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу.


Сабақтың мақсаттары

  • диалог құрады;

  • ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі.




Бағалау критерийлері

  • қажетті сөздермен сөйлемдер құрайды;

  • мәтіннен тірек сөздерді теріп жазады;

  • диалог құрайды;

  • сөздердің синонимдерін табады.




Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Әлем, сала, дамыту, ұрпақ


Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлаған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы -

3 мин


Кіріспе.

Оқушылардың зейінін шоғырландыру.



Жаңа сөздер: оқушылар, сабағымыздың жаңа сөздерімен таныс болайық.

Сөздер

Мағыналары

әлем

дүниежүзі

сала

тармақ, тарау, бөлік

дамыту

жетілдіру

ұрпақ

үрім-бұтақ, тұқым



1-тапсырма

Сөздермен сөйлемдер құраңыз.

Бұл тапсырманы орындау үшін, алдымен бейнежазбаға назар аударыңыз.



Жас дарын, әнші, танымал, әлем, атақты.

Дескриптор

  • сөздермен сөйлемдер құрайды.




https://www.youtube.com/watch?v=0st6wvTQVtk

Сабақтың ортасы

14 мин.


Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.

Димаш Құдайбергенов – жас дарын, танымал әнші. Қазіргі таңда Димашты бүкіл әлем таниды. Оның әндерін сүйіп тыңдайды
Сабағымыздың мәтінін бірге оқиық!

Әлемде мамандық өте көп. Маған гуманитарлық сала, өнер саласының мамандықтары ұнайды. Себебі бұл саланың мамандары өнерді сақтауға, ұлттық мәдениетті дамытуға қызмет етеді. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие береді. Абай айтқандай, “Адамның жақсы болуы жақсы ұстаздан”

2-тапсырма

Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазыңыз.

Дескриптор

  • мәтіннен тірек сөздерді теріп жазады.



Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.



3-тапсырма

Кімге ұқсағың келеді?” деген тақырыпта диалог құраңыз.



Қалай ойлайсың? Дұрыс айтасың! Керемет! Кешке кездескенше! Ойың жақсы екен! және т.б. этикеттік сөз орамдарын қолданыңыз.

Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.

Сәлем , қалың қалай?

Мен сені кешке Димаштың концертіне шақырғым келеді. Барасың ба?

Әрине, барамын. Ол керемет әнші ғой!

Дұрыс айтасың! Керемет!

Қалай ойлайсың, мен де өскенде Димаш сияқты атақты әнші бола аламын ба?

Ойың жақсы екен, меніңше бола аласың, сен әнді өте жақсы айтасың!

Рақмет! Кешке кездескенше!



4-тапсырма

Берілген сөздердің синонимдерін тауып, олармен сөйлем құраңыз.


Өз жауабыңызды тексеріп көріңіз.

Сөздер

Синонимдер

Сөйлемдер

Білім

Білік, ақыл, ой

Ол білімді маман.

Тәрбие

Тәлім, тағлым

Ол тәрбиелі бала.

Ұрпақ

Үрім-бұтақ, тұқым

Ақын өлеңдері ұрпаққа мұра.

Ұстаз

Оқытушы, ақылшы, жетекші, мұғалім

Ұстаз білім береді.






Сабақтың соңы – 3 мин.

Тақырыпты бекіту

  • мәтінді түсіндіңіз;

  • диалог құрадыңыз;

  • ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білдіңіз.

Қосымша тапсырма

  • Димаш Құдайбергенов туралы қосымша мәлімет білгіңіз келсе, келесі сілтемеге өтіңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=Bbr2fLKoppE


https://www.youtube.com/watch?v=Bbr2fLKoppE






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет