IV Жаңа сабақты түсіндіру
Қорытынды. Бекіту.
|
Балалар, бүгінгі таным саласының математикалық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде бізге қонақтар келіпті.
- Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
- Әжелерің сендерге ертегі айтып берді ме?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
- Балалар, басына үнемі қызыл телпек киіп жүретін қызды білесіңдер ме?
«Қызыл телпек» слайдта суреті болады.
Ендеше мен сендерге «Қызыл телпек» ертегісін әңімелеп берейін.
Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал болыпты. Олардың жалғыз қызы бар екен. Қыз үнемі қызыл телпек киіп жүретін болғандықтан, балалар оны «Қызыл телпек» деп атап кетіпті. «Қызыл телпек» білімге өте құштар болыпты. Бір күні «Қызыл телпек» мектепке барғысы келіп, ата-анасынан рұқсат сұрайды. Ата-анасы жалғыз жібергісі келмепті. Балалар ол бізге де келіп қалуы ғажап емес.
«Ғажайып сәт».
Естідіңдер ме, балалар, есік қағылған сияқты?
Осы кезде есік ашылып, «Қызыл телпек» кіреді.
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен де сендер сияқты мектептен білім алғым келеді.
Осы кезде есік ашылып, бір қоян кіреді. Қоян: Балалар, мен Қызыл телпекті жібермеймін. Тек мына тапсырмамды орындасаңдар ғана босатамын.
Қане, балалар, Қызыл телпекке көмектесеміз бе?
Қоянның тапсырмасы: «Жоғалған сан» ойыны.
Санамақтар айту.
1 саны: Достар мені бір дейді,
Қарайды да бүйдейді.
Мұқтажсың қол, аяққа,
Ұқсап тұрсаң таяққа.
3 саны: Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы,
Шідерлі аттай тұсалып,
Жүр біреулер үш алып.
4 саны: Достарым мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді.
Қуанады анасы,
Төрт алғанда баласы.
5 саны: Әр қолыңда бес саусақ,
Жетпейді оған еш саусақ
Бір мен екі алмаңдар,
Үшке алданып қалмаңдар.
Балалар, байқадыңдар ма, қандай сан жоқ?
2 саны жоқ.
Ендеше, екі санын шақырайық.
2 саны: Мен екімін балалар,
Алңғасар жалқаудың
Алатыны екілік
Басын шайқап өкініп.
Қане, балалар, «орныңда тап» ойынымен сандарды орналастырайық.
Тура, кері санату.
Балалар, көрдіңдер ме, 2 саны 1 саннан кейін 3 санының алдында тұрады. 2 саны жұп сан. 2 санына байланысты мәліметтер айтам.
Слайдтан көре аласыздар.
Сондай-ақ 2 санының нашар жағын айтсам, 2 санын жалқау, еріншек
балалар алады екен. Сондықтан да балалар 2 алып қалып ата-аналарымызды ренжітуден сақ болайық.
Балалар: Қоянның тапсырмасын орындадық.
Қоян: Ендеше Қызыл телпекті босатайық.
Осы кезде қасқыр кіреді.
Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Қызыл телпек мен сені жібермеймін. Балалар, тек менің екі тапсырмамды орындасаңдар ғана босатамын.
Қасқырдың 1-тапсырмасы: «Құрамын тап» ойыны.
Қасқырдың 2-тапсырмасы: «Кім тапқыр ойыны».
Қасқыр: Ендеше, мен Қызыл телпекті босатайын.
Қызыл телпек балаларға рахметін айтады. Осы кезде есіктен аю кіреді.
Аюдың 1-тапсырмасы:
Балалар ұйқыдан тұрғанда біздің неше көзіміз ашылады? (2)
Адамда қанша қол бар? (2)
Бір қоянда құлақ нешеу? (2)
Бос ыдыста неше жаңғақ бар? (0)
Аюдың 2-тапсырмасы: Балалар, сендер сандарға байланысты жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
Жұмбақтар.
Бірі үй күзетіп қалса,
Бірі жүрер қалтада. (құлп пен кілт)
Апалы-сіңілі келеді,
Бір-біріне ереді. (екі аяқ)
Екі анадан он бала,
Есімі біреу бәрінің. (саусақ)
Мақал-мәтелдер.
Айла-алтау, ақыл жетеу,
Айла мен ақыл қосылса
Алдырмайды екеу.
Алтау ала болса
Ауыздағы кетер.
Төртеу түел болса,
Төбедегі келер.
Жаңылпаштар.
Төсек үстінде төрт бөрік
Төртеуі де көк бөрік.
Есет атам ет асатар
Ет асатса, бес асатар.
Аю: Балалар мен де Қызыл телпекті босатайын. Осы кезде есіктен қу түлкі кіреді.
Қызыл телпек, сен ешқайда кете алмайсың. Орындасаңдар ғана босатамын.
Түлкінің 1-тапсырмасы:
Балалар, мен сендерге «Қоржын» ойынын ала келдім. Қасымда қоржын бар. Қоржын ішінде зат бар. Қане, қандай зат екен?
Геометриялық фигураларды атап, анықтайды.
Түлкі: Балалар, Қызыл телпекті босатайын. Сендер сондай білімді екенсіңдер.
Мұғалім: Балалар, Қызыл телпекті ортамызға қосамыз ба? Ол үшін «Танграмм» ойыны таяқшаларынан түрлі пішіндер жасау керек.
-Балалар, мен сендерге риза болдым. Ал енді Қызыл телпектің ортамызға келуімен қандай санмен таныстық?
1+1= 2
Қызыл телпек: Құрметті балалар! Сендердің білімдерінің арқасында мен аңдардан оңай құтылып, білім ордасына жеттім. Сендерге көп-көп рақмет. Мына әжем пісірген тәтті тоқаштарды сендерге арнаймын.
Мұғалім: Балалар, біз Қызыл телпекке көмек беру арқылы 2 санымен таныстық. Ертегі сендерге ұнады ма? Енді Қызыл телпек білімін әрі қарай жалғастырып, оқу озаты боларына сенім білдіреміз. Сендер де әрқашан 2-лік алудан аулақ жүргейсіңдер.
|