2-тапсырма. Тест.
1.Өсімдік жасушасының қабықшасы неден тұрады?
А)жасұнықтан Ә)гликогеннен Б)Крахмалдан В)нуклеин қышқылдарынан
2. Жануар жасушасының қабықшасы неден тұрады?
А)липидтер мен нәруыздардан
Ә) сыртқы қабаттан және астыңғы жағында орналасқан плазма мембранасынан
Б) вакуольдерден В) гликокаликстен
3. Өсімдіктердің жасуша қабықшасымен салыстырғанда жануарлар жасушасының қабықшасы қандай?
А)қалың Ә) жұқа Б) орташа В)тегіс
4. Плазмалық мембрана жасушаның тіршілігі үшін қандай қызмет атқарады?
А) тасымалдау Ә) өткізгіштік Б) қорғаныштық В)зат алмасу
5. Цитоплазмамен жанасып жататын жасушаның астыңғы қабаты?
А) вакуоль Ә)ядро Б) плазмалық мембрана В)қабықша
6. Нәруыз бен полисахаридтердің ірі молекулалары, тағамның ірілеу түйіршіктері,
бактериялар жасушаға қандай жолмен өтеді?
А) пиноцитоз Ә)фагоцитоз Б)осмос В)диффузия
Яндекс.Директ
7. Цитоплазманың құрамына нелер кіреді? А) органоидтар
Ә) организм тіршілігіне қажетті органоидтар, гиалоплазма және матрица
Б)ферменттер В)май қышқылдары
8. жарық микроскобының көмегімен жасушаның қандай бөлімдері табылған?
А) ядро Ә)сыртқы мембрана Б)ядро қабықшасы В)цитоплазма
9. Электрондық микроскоптың көмегімен жасушаның қандай бөлімдері анықталған?
А) жасуша орталығы Ә)ядро Б) ядрошық В)митохондрия
10. Жасуша органоидтеріне не жатады?
А) цитоплазма Ә) митохондрия Б)мембрана В)ядро
11. жасушаның қандай органоидтерінде нәруыз синтезі жүреді?
А) митохондрияда Ә)рибосомада Б) ЭПТ-да В)ядрода
12. Қандай органикалық зат жасушада негізгі энергия көзі болып табылады?
А) нәруыз Ә)май Б)көмірсулар В)АТФ
13. Энергияның босап шығу процесі жасушаның қандай органоидінде жүреді?
А) митохондрияда Ә) рибосомада Б) ядрода В)лизосомада
14. Жасушадағы матрицаның рөлін қандай макромолекула атқарады?
А) ДНҚ Ә) АТФ Б) РНҚ В)НАДФ
15. Адам жасушасының ядросында қанша хромосома болады?
А)48 Ә) 36 Б) 46 В)32
16. Вирустарды қандай ғалым ашты?
А) Д.И.Ивановский Ә)Л.Пастер Б)И.И.Мечников В)С.Н.Виноградский
17. Өсімдіктер мен жануар жасушасының тұрақты құрамды бөлігі?
А) митохондрия Ә)лизосома Б) цитоплазма В)ядро
18. Хромосоманың алғашқы кермесі қалай аталады?
А) хроматида Ә) центромера Б) гистон В)метацентрлі хромосома
19. Жасушаның «асқорыту мүшесі» деп аталатын органоид?
А)Гольджи жиынтығы Ә) Лизосома Б)рибосома В)ЭПТ
20. Өсімдіктер мен жануар жасушасының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс?
А) цитоплазма Ә) жасуша орталығы Б)вакуоль В)митохондрия
|