1. Күш, күштің өлшем бірлігі, күшті өлшейтін құралдар, деформация туралы түсінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
IІІ. Жаңа білімді бекіту.
ІV. Қорытындылау.
V. Үйге тапсырма.
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әр түрлі денелердің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әр түрлі күштер түсіруіміз керек. Мысалы:
Күш векторлық шама болып табылады, яғни ол өзінің сандық мәнінмен қатар өзінің әрекет ету бағытымен де сипатталады. Күшті үстінде нұсқамасы бар әрпімен, ал оның модулін де сол F әрпімен белгілейді, бірақ нұсқама көрсетілмейді.
ІІ. Жаңа сабақ.
Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама.
Сызбада күш ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді түрінде беріледі.
SІ жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. Бұл күш бірлгі ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютонның құрметіне аталған. 1Н -1с ішінде массасы 1кг дененің жылдамдығын күштің әрекет ету бағытына 1м/с –қа өзгертетін күш. Сонымен, 1Н=1кг·м/с2. Бұдан үлкен күш бірлігі –килоньютон (кН), меганьютон (мН) және т.б. қолданылды.
Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атайды. Латынша деформация –өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Серпімділік күш –дененің деформациялау кезінде пайда болатын күш және деформациялау кезінде ол дене бөлшектерінің ығысу бағытында қарама –қарсы жаққа қарай бағытталған.
IІІ. Жаңа білімді бекіту.
Физикалық шамалар мен өлшем бірліктерді сәйкестендіру
t
V
m
s
м
Орын ауыстыру
с
уақыт
м
жол
масса
м/с
кг
м
3
жылдамдық
көлем
ІV.Қорытындылау.
Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әр түрлі денелердің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әр түрлі күштер түсіруіміз керек.
Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атайды. Латынша деформация –өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Серпімділік күш –дененің деформациялау кезінде пайда болатын күш және деформациялау кезінде ол дене бөлшектерінің ығысу бағытында қарама –қарсы жаққа қарай бағытталған.