Сабақтың тақырыбы: §26-27. Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы. Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі106,1 Kb.
#31028
түріСабақ
Джугунысова Айнур Дощановна

47 Жалпы білім беретін орта мектебі


Сабақтың тақырыбы: §26-27. Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды Монғол империясының тарихымен таныстыру;

  • Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығы мен оның ауыр зардаптарын көрсету;басқыншыларға қарсы халықтар күресі мен ұлыстардың құрылуы туралы түсінік беру.

  • Жалпыдан негізгі мәселені ажырата алу үшін танымдық қабілеттерін дамыту, отанымыздың тарихынан сабақ алып, дұрыс қорытынды шығаруға, үйрету;

  • Оқушыларды Отанын қорғауға батылдыққа, ерлікке ұлтжандылыққа тәриелеу

Сабақтың түрі:аралас, бейнематериал көрсету

Әдісі: интерактивті


ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

1 Моңғол империясының құрылысы.

2 Заңы,шаруашылығы.
Моңғол империясының қоғамдық құрылысы
(Империяның құрылымы слайд арқылы интерактивті тақтадан көрсетуге болады).

1155 ж ақпан – Темучин – 1227 ж тамыз 1206 ж Монғол құрылтайы (Онон – Керулен жағасы «ШЫҢҒЫС ХАН»



«шың» - тау, «ғыс» - нұр - «жеңіс хан»

Меркіт, найман, керейлер монғол, татар, қият



МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІ

Қытай деректерінде Монғолия халқы “татарлар” деп аталған. Шыңғыс хан мен халқы өздерін монғолдар деп, ал мемлекетін Монғол мемлекеті деп атаған.

XІІ ғасырда монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеді.


  • XІІ ғ. аяғы-XІІІ ғ. басы - әскери-феодалдық монғол мемлекеті құрылды. Астанасы- Қарақорым.

Оның негізін салушы- бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадүрдің баласы Темучин (1155-1227 ж.ж.). Ол 20 жылға созылған күресте барлық монғол тайпаларын біріктірді. 1206 жылы Онон өзені бойындағы құрылтайда хан болып сайланып, Шыңғыс хан атанды. Монғол тайпалары Шыңғыс хан ұлысы саналып, 3 қанатқа бөлінді:

  1. Оң қанат- баруңғар.

  2. Сол қанат- жоңғар (зұңғар).

  3. Орталық- гол (кул)

Әр қанатта ондыққа негізделген әскер болды:

  • Түмен- 10 мың әскер, басқарушысы – түменбасы;

  • Мыңдық - 1 мың әскер, басқарушысы – мыңбасы.

  • Жүздік- 100 әскер, басқарушысы – жүзбасы.

  • Ондық- 10 әскер, басқарушысы – онбасы.

Шыңғыс ханның әскері 95 мыңдықтан құрылды2. Саяси құрылымы: Ұлы хан – Құрылтай (ең жоғ. жиын), хан кеңесі – Заң шығару (Яса, Жасақ, Билік – нақыл сөздер, шешімдер, әскери – азаматтық іс, жалпы заң, жаза.) – Әкімшілік билік (95 түмен, әкімшілік – аймақ – мыңдық – жүздік - ондық).

1962 ж Кендітау жерінде Гурван көлі жағасында үлкен мәрмәрден ескерткіш орнатылған, онда төмендегі Шыңғыс ханның өсиет сөзі жазылған: «Құлаш денем құласа құласын, құраған елім, қолымдағы байрағым құламасын».


МЕМЛЕКЕТ 3 ӘСКЕРИ ӘКІМШІЛІККЕ

аймаққа бөлінген

оң қанат-баруңғар

Сол қанат-жоңғар

Орталық –кул

Қанаттар түмендерге бөлініп басқарылды.

Түмен-10мың әскер,басқарушысы-түменбасы.

Мыңдық-1мың әскер,басқарушысы-мыңбасы.

Жүздік-100мың әскер,басқарушысы-жүзбасы.

Ондық-10 әскер,басқарушысы-онбасы.
Хан–Уәзір-Түменбасы-Мыңбасы-Жүзбасы-Онбасы.

Шыңғыс ханның жаулаушылық жорықтар жүргізудегі мақсаттары:


  • билігін күшейту,

  • ішкі тартысты болдырмау,

  • ақсүйектердің талабын орындау,

  • халқын жаңа жайылымдармен қамтамасыз ету.

Ой қозғау стратегиясы

Шыңғыс ханның соғысу тәсілдері:

    • Жорыққа шықпастан бұрын сауда керуенін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер алған.

    • Дінге қысым көрсетпеген.

    • Жаулап алған елдердің соғыс техникасын, халқын шапқыншылық соғыстарға пайдаланған.



Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» деп аталды.

Ол екі бөлімнен тұрады.



Бірінші бөлім Шыңғысханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы кейбір мәселелер жөніндегі шешімдерден тұрады.

Екінші бөлім- әскери азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдарды және заңды бұзғандарды жазалау ережелерінен тұрады.

«Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы Құрылтай болды.Ол жылына бір рет жаз айында шақырылды.

Құрылтайда қаралған мәселелер :

- Алдағы болатын жоспарлар талқыланды.

-Соғысты бастау мерзімі шешілді.

-әрбір он отбасынан қанша адам әскерге алыну керектігі қарастырылды.

-Империяның ішкі мәселелері қарастырылды.

«Жасақ» заңының талабын орындамаған хан тұқымы білік (білім) деген түрік сөзімен аталған Шыңғысханның нақыл сөздеріне сәйкес қатаң жазалған.

Шыңғысхан «киіз туырлықты халықтарды» біріктіру ұранын көтеріп,Орталық Азияның барлық көшпелілерінің бірлігі жөнінде насихат жүргізді.
Моңғол тарихы туралы деректер:

«Шыңғыснама»авторы :Қажы ибн Маулана Маулана Мұхаммед,ХҮІғасыр.

«Моңғолдардың құпия шежіресі» .
1-тапсырма Тарихи оқиғалар мен олардың нәтижелерін сәйкестендіріңіз :

1Қазақстан Моңғол шапқыншылығы

2 Орта Азияға арабтардың келуі

3 Жетісуға соғдылардың көшіп келуі
А)Біртұтас қазақ хандығының құрылуын тездетті.

В)Сауда мен отырықшылық дами бастады.

С)Халықтардың этникалық құрамы бұзылып,қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы ұзақ жылға кешеуілдетті.

Д)Халықтардың арасында тұңғыш рет моңғолоидтық белгілер қалыптасты.

Е)Қазақстанға ислам діні ене бастады.

Ж) Қазақстанда тұңғыш рет мемлекеттік бірлестіктер құрылды.



Жауабы:1-С,2-Е,3-В.

2-тапсырма

Мерзім мен оқиғаларды сәйкестендіріңіз:

  1. 1207-1209жж

  2. 1207-1208жж

  3. 1211-1215жж


А)Сыр бойындағы қалалар толығымен монғолдардың иелігіне өтті.

В)Шыңғысхан әскерлері Жетісуға басып кірді.

С)Отырар апаты болды.

Д)Жошы Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды.

Е)Шыңғысхан таңғұттарды ,Тұрфан князьдігі,ұйғырларды бағындырды.

Ж)Шыңғысхан әскерлері солтүстік Қытайды басып алды.

Жауабы :1-Е,2-Д,3-Ж

3-тапсырма
Мәтінде берілген мәліметтен Шыңғысханның қабылдаған шешімін анықтаңыз :

«Мәуереннахрдың бірнеше саудагері өзара келісе отырып,

Шыңғысханның ордасына түйеге артып тауар алып келді. Хан олар әкелген тауардың бәрін алды.Бір теңге тұратын затына 10теңге төледі,қошемет көрсетіп ,ас-су берді. Мұның үстіне кінәздеріне әр саудагерге бір адамнан қосып жіберуді бұйырды:барлығы 450 адам аттанды.Үшеуін Шыңғысхан Мұхаммед сұлтанға елшілікке жіберді.Бұлар-хорезмдік Махмұд ,бұхаралық Әлиқожа және үшіншісі отырарлық Жүсіп (Юсуф) еді,бұларға мына сөзді айтуды міндеттеді: «Сіздердің саудагерлеріңіз бізде болып,құрмет-сыйға бөленді,біз де сол сияқты өз тарапымыздан сіздерге бірнеше кісі жөнелтіп отырмыз,жаксылап күтіп ,сыйымен жібереді деп сенемін.Менің балам болғын,Алла тағала сен екеуімізге әлемді берді,егер мен әкең болсам ,сен менің ұлым болсаң,онда біз бір-бірімізге достық рәуіште боламыз,барлық жол қауіпсіз болады,барлығы да тыныштықта хам ризалық өмір сүреді».Елшілер Отырар келді.Отырардың билеушісі Иналшық Мұхаммед сұлтанға анасы жағынан туыс еді.Мұхаммед сұлтан оған Қайырхан деген жаңа ат берген болатын.Саудагерлер өздерін таныстырды;олардың бірі Иналшықты білетін еді,сол Қайырхан деудің орнына Иналшық деп атап қалды.

Бұл сөзге ренжіген ол саудагерлерді қамауға алуды бұйырды да ,Мұхаммед сұлтанға Отырарға бірнеше тыңшы келіпті деп мәлімдеді.Мұхаммед сұлтан істің анығына жетпей,олардың басын кесіп,тауарын тартып алуды бұйырды.Қайырхан оларды өлтіріп,тауарын алды.Бір саудагер қашып құтылып, Шыңғысханға келді де,өздеріне не істегенін айтты.Мұны істеген Шыңғысхан өте қатты күйінді,кінәздерін шақырып алып,кеңесіп......шешім қабылдады »: Хорезмшахы Мұхаммедке соғыс ашу.



Тапсырма

«Жылдар сөйлейді» ізденушілік тапсырмасы.
1207-1208жж --------------------------------------------------------------------

1207-1209жж--------------------------------------------------------------------

1211-1215жж--------------------------------------------------------------------
1217ж-----------------------------------------------------------------------------


1218ж------------------------------------------------------------------------------

1219ж------------------------------------------------------------------------------

1219-1220ж-----------------------------------------------------------------------

3.Кестемен жұмыс Шапқыншылық соғыстары:

Жылдар

Оқиғалар

1207 – 1208

Жошы – Енисей қырғыздары, Сібір халқы.

1207-1209

Шыңғысхан – Таңғұл, Тұрфан, Ұйғыр

1211-1215

Қытай жері, соғыс техникасы

1216

Жошы – керей, торғай даласы

1217

Жебе Ноян – Жетісу – Күшлік хан

1218

Отырарға керуен

1219

200 мың әскер – Орта Азия, Үгедей, Шағатай – Отырар; Жошы – Жент,

Янгикент; Шыңғысхан, Төле – Бұхара.



1220

Мауереннахр

1221

Мерв, Хорасан, Кавказ, Иран

1223

Калка өзені бойы Орыс – қыпшақ


Тапсырма Тарихи диктант

Шарты :диктант ішінен бүгінгі сабаққа қатысты есімдерді

(Адам аттарын) ғана теріп жазу.

Әл-Фараби,Айша,Торы,Әл-Бируни,Жеңісхан,Гаухар-Шахназ, Жошы,Арыстан баб, Темүжін, Сүлеймен Бақырғани, Жебе, Жүсіп-Зылиқа,Шағатай,Әли,Жүсіп Баласағұн,Әли-Максиди, Ахмет, Төле,

Хамиадани,Мөңке,Ибрахим,Үгедей.



Тапсырма Мәтінде берілген «Інжу » терминінің мағынасын анықтаңыз.

«Осы жер «Інду» деп атаған.Ол «Жасау»деген мағынаны берген.Жерден немесе онда тұратын халықтан түсетін алым-салық інжу болып ,ханның қазынасына немесе оның ұрпақтарының қолына түсетін.Інжулік иеліктер хандық өкіметтің немесе ұлысттың орталығы орналасқан шұрайлы жерлерінде болған.Мысалы,Алтын Орда хандарының Інжулік жерлері Еділ бойында болса,Шағаттай мемлектінің інжулік жерлері Шу,Талас алқаптарының шұрайлы өңірлерін алып жатқан ».



Ханның иелігіндегі жерлер .

Тапсырма

«Сөйлемдерді толықтыр» тапсырмасы.
Шарты: Сөйлемнің ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен толықтыру.

1 ХІІІғасырларда моңғолдар (Керей,Найман,Жалайыр) хандықтарымен шекаралас жатты.

2 Шыңғысханның шын аты?Темүжін

3 «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы ?

Құрылтай.

4 1217жылы Шыңғысхан Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға кімді жіберді? Жебе ноянды .

5 Шапқыншылықтың әсерінен қай қала жойылып кетті?

Баласағұн .
Тапсырма Жылдармен жұмыс

Жылдар

Оқиғалар

1207 – 1208

Жошы – Енисей қырғыздары, Сібір халқы.

1207-1209

Шыңғысхан – Таңғұл, Тұрфан, Ұйғыр

1211-1215

Қытай жері, соғыс техникасы

1216

Жошы – керей, торғай даласы

1217

Жебе Ноян – Жетісу – Күшлік хан

1218

Отырарға керуен

1219

200 мың әскер – Орта Азия, Үгедей, Шағатай – Отырар; Жошы – Жент, Янгикент; Шыңғысхан, Төле – Бұхара.

1220

Мауереннахрды жаулап алды.

1221

Мерв, Хорасан, Кавказ, Иран

1223

Калка өзені бойы Орыс – қыпшақ


Бекіту.

Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет