Сабақтың тақырыбы: §28. Алқа тұқымдасы-кіріккен күлтелі өсімдіктер Сабақтың мақсаты



Дата21.04.2017
өлшемі39,86 Kb.
#14453
түріСабақ
Атырау облысы

Атырау қаласы

Б.Момышұлы атындағы № 25 орта мектебінің

І санатты биология пәнінің мұғалімі

Құбаева Арайлым Ұлантайқызы

Сабақтың тақырыбы: §28.Алқа тұқымдасы-кіріккен күлтелі өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: алқа тұқымдасына жататын өсімдіктердің түрлерін,жемісі мен гүлінің құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру.Олардың тағамдық,дәрілік және сәндік мақсатта өсірілетін түрлерін ажырата білуді үйрету.

Тәрбиелілігі: дәрілік мақсатқа өсімдіктің қандай бөліктері алынатынын білу.Темекі құрамындағы никотиннің адам ағзасына келтіретін зиянын,одан пайда болатын ауру түрлерін атап көрсету.

Дамытушылығы: бақшада өсірілетін алқа тұқымдастарын өсіруге қойылатын талаптарды үйрету.Олардың санын көбейту ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,кесте,көкөністер жиынтығы,гүл үлгісі,гүлдердің түрлі-түсті суреттері

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: «Мені түсін», «Сандар сөйлейді», «Даналық ағашы»

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Даналық ағашы»

1.Раушангүлділердің гүл құрылысы қандай?

2.Бұршақтың жемісі қалай аталады?

3.Раушангүлді өсімдіктердің пайдасы туралы не білесің?

4.Бұршақ тұқымдасының гүл бөліктері қалай аталады?

5.Раушангүлділердің тағамдық түрлерін ата.

6.Бұршақ тұқымдастардың тамырындағы азотты түйнектердің маңызы қандай?

7.Раушангүлділердің тікенекті түрлерін ата.

8.Бұршақ тұқымдастарының ішінде жөтелге қарсы дәрі алынатын қандай түр?

9.Раушан гүлінің арғы тегі.

10.Раушан гүлінің қай бөлігін хош иісті заттар алуға пайдаланады?

11. Бұршақ тұқымдасы қай класқа жатады?

12. Бұршақ тұқымдасының сәндік түрлерін ата.

13. Кассия-қай тұқымдасқа жатады және қандай пайдасы бар?

14. Тамырында 150 кг.дейін азот жинақталатын қандай өсімдік?

15. Бұршақ тұқымдасының ішінде тері бөртпесін емдеуге қандай өсімдік

қолданылады?

ІІІ.Жаңа материалды меңгерту

Жоспары:


1.Алқа тұқымдасының ерекшелігі

2.Түрлері:

а/ Меңдуана,сасық меңдуана т.б

б/ Шырайгүл,қызылқұлақ т.б

с/ Баклажан,картоп,бұрыш,қызанақ т.б

3. Маңызы

4. Темекінің зияны

Алқа тұқымдастары 90-ға жуық туысты топтастыратын,тропиктік,субтропиктік тік,қоңыржай атырапта кең таралған қосжарнақты өсімдіктер.Олар Орталық және Оңтүстік Америкада өсіріледі. Олар шөптекті,бұталы немесе алма ағашы тәрізді болып келеді.Гүлі тұтасып біріккен тостағаншадан және кірігіп тұтасқан бес күлтежапырақшадан тұрады.Сондықтан кіріккенкүлтелі өсімдіктер деп аталады. Жемісі-жидек (қызанақ,қара алқа),кейде қауашақ (меңдуана,шырайгүл,темекі).

Алқа тұқымдас картоп-тағамдық,техникалық және малазықтық дақыл. Дәмді және витамині көп баклажан,қызанақ та тағамға пайдалы.Алайда алқа тұқымдасына жататын меңдуана,сасық меңдуана-улы өсімдіктер.Бұлардан құнды дәрі-дәрмектер жасалады.Темекі де улы өсімдік.Әсіресе оның улы заты никотин қанды уландырып,жүрек және тынысалу мүшелерінің жұмысын бұзады.Сөйтіп шылым шегу адамның денсаулығына зиян келтіреді.

«Темекінің зияны» - бейнеклип көру

Темекінің адам ағзасына келтіретін зиянын,одан пайда болатын ауру түрлерін атап көрсету.

ІV. Бекіту тапсырмалары



А. «Мені түсін»

1) Менің 100-ге жуық туысқандарым бар.Біздер тропиктік және субтропиктік аймақтарда көптеп өсеміз. Жидек жемісім қампиып тұрғандықтан атымды соған байланысты атаған. Ал ендеше мен кіммін? /Қызылқұлақ/

2) Мені аса ешкім жақтыра бермейді.Бірақ демікпе және құрыспа ауруларына шалдыға қалса мені іздеп тауып алады. Онда да тек жапырағым мен тұқымымды ғана жинап алып,қалғанын лақтыра салады.Мені түсіндің бе? /Меңдуана/

3) Гүлім сары уақ,аса көзге түсе бермейді. Ал жемісімнен түрлі-түрлі тағамдар әзірлейді.Атап айтсам, «ет» және «тонасты» салаты,бешбармақ,чипсы,фри т.б. тәтті-тәтті тағамдар дайындайды.Сонда мен кіммін? /Картоп/



Б.«Сандар сөйлейді»

2900 5 1700

23 30-70 см. 0,05 г.

С.«Сөз мерген»

Кіріккенкүлтелілер-

Холестерин-

Никотин-


Физалис-

Петуния-


Шырайгүл-

Е. Кесте толтыру


Пайдаланылуы



Раушангүлділер


Бұршақтұқымдасы


Алқатұқымдасы























V. Қорытынды

VI.Үйге тапсырма §28. Алқа тұқымдас өсімдіктердің дәрілік маңызы туралы қосымша іздену.



VII. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет