Ыдыста тұндырылған қанның екінші және үшінші қоңыр-қызыл
қабаты қан жасушалары.
Қанның құрамы - қан плазмасы және
қан жасушалары
Қанның құрамы плазмадан,
қызыл және ақ жасушалардан тұрады.
Қан жасушаларына – эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады
Эритроцит – қанның қызыл түйіршіктері.Диаметрі 7 – 10 мкм – ге дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді.Жетілгендерінде ядро болмайды.1 мм ³ қанда 4,5 – 5 млн эритроцит болады. Эритроцитте қанға қызыл түс беретін гемоглабин болады. Гемоглабиннің негізгі қызметі оттекпен көмірқышқыл газын тасымалдау.Эритроциттің тіршілік ұзақтығы 120 күн. Гемоглабин оттегімен қосылып оксигемоглабин түзеді.
Гемоглобин оттектен басқа иіс газымен қосылып, карбоксигемоглабин түзеді.
Қан жасушалары:
1– қанның эритроцит жасушалары
Адамның эритроциттерінің диаметрі 7,5 мкм, қалыңдығы 1-2 мкм. Қанның 1 мм3-де шамамен 4,5–5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм3 қанында 6-7 млн эритроцит бар. 3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (латынша «haіma» – гемоглобиннің құрамында темір бар нәруызы жоқ бөлігі, «globus» – нәруызды бөлігі) байланысты. Гемоглобин – қанның қызыл түсті пигменті.
Гемоглобин құрамында темір (гем) және нәруыздық бөліктер (глобин) кіреді.
- қанның 1мм көлемінде 4,5-5млн эритроцит бар.
- олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінді . Бұл эритроциттердің бетін 1,5 есе үлкейтеді
және газдардың мол көлемде алмасуына бейімірек келеді.
- орташа тіршілік ұзақтығы 120 күн.
- сүйектің қызыл кемігінде түзіледі.
- бауыр мен көкбауырда жойылып отырады.
- қызметі: өкпеден ұлпаларға оттегіні, ал ұлпалардан өкпеге көміртегіні тасымалдайды.
Нв + О2 = НвО2 (оксигемоглобин)
Қандағы эритроциттер санының кемуінен, гемоглобин мөлшерінің азаюынан.
2. Адамнан көп қан кеткен жағдайда.
3. Интоксикацияда.
4. В12 витаминінің жетіспеуінен де болады.
Мәтінді жұппен талқыланады. Сынып екі топқа бөлініп, бір – біріне өз мәтіндері бойынша түсіндіреді. Түсіндіріп болған соң, тапсырмаларды орындайды.
№1 тапсырма. Дұрыс жауапты таңда
□ плазма – қанның мөлдір, түссіз сұйықтығы;
□ плазма құрамында
58 – 70 % су бар;
□ плазма құрамында
90 – 92 cу бар;
□ плазма құрамында 0,2 – 1,8 % cу бар;
□ фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.
□ плазма құрамында
7 – 8% нәруыз бар;
□ плазма барлық қанның
55% - ын құрайды;
□ плазма барлық қанның
65% ын құрайды;
№2 тапсырма. Эритроциттерге тән қасиеттерді таңда.
1) Қызыл қан жасушалары;
2) 1 мм2 қанда олардың 6 – 8 мыңы бар;
3) 1 мм2 қанда олар 4,5 – 5 млн болады;
4) Сүйек кемігінде түзіледі;
6) Қызметі – қанды ұйыту;
7) Тіршілік ұзақтығы – 120 тәулік;
8) Ядролық жасушалар;
№3 тапсырма. Мәтіндегі бес қатені тап, олардың астын сызып, дұрыс жауаптарын сәйкес рамкаларға жаз.
Эритроциттер – қызыл қан жасушалары. Олар өте кішкентай. 1мм2 қанда олардың 10 млн болады. Бұл – өз беттерінше қозғала алмайтын, шар пішіндес жасушалар. Жасушалардың ішінде нәруыз бен мыстың қосындысы - гемоглобин бар. Эритроциттер көкбауырда түзіліп, сүйек кемігінде бұзылады. Олардың негізгі қызметі - нәрлі заттарды тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |