Сабақтың тақырыбы :§28. Қанның құрамы мен қасиеттері Сабақтың мақсаты : Білімділік



бет1/3
Дата10.11.2023
өлшемі2,8 Mb.
#190697
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
kannyn-kuramy-men-kasietteri-8-synyp-51ac2165135f0-1


Сынып: 8 Күні:


Сабақтың тақырыбы:§28. Қанның құрамы мен қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушыларды организмнің ішкі сұйық орталарымен таныстырып, алған білімдерін тиянақтап, одан әрі лабораторияларда өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қан ауруларының алдын – алуға, тазалық сақтауға, адамгершілігі мол азамат болуға, алғырлыққа үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі:
І Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу
- сыныптың тазалығын тексеру
- сыныптың кезекшілігін анықтау
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру


Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Зардап шеккен адамға басқа адамның қан беруі оны өлімнен аман алып қалады. Ойланып, түсіндіріп беріңдер:
а) неліктен көп қан жоғалтқан адам қайтыс болады?
ә) адам өміріңдегі қанның қандай маңызы бар?
Сұхбаттасу барысында қанның организмдегі ең маңызды сұйықтық екені туралы қорытынды жасаймыз. Себебі ол түрлі қызмет атқарады: оттек пен коректік заттарды тасымалдайды, ыдырау өнімдерін шығарады, организм әрекетінің гуморальдық реттелуін жүзеге асыруға қатысады.





Қан неден тұрады? Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшеді.

ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Оқушылар жаңа тақырып бойынша өздері мақсат қояды.

Жұппен жұмыс. Әр топқа мәтін беріледі.


Қан – қан плазмасынан және формалы элементтерден тұрады. Формалы элементтерге – эритроцит, лейкоцит, тромбоцит (қан пластинкасы ) жатады.
Қан плазмасы – қанның барлық 55 – 60 % құрайтын түссіз сұйықтық, 90-92 % судан, 7–8 % нәруыздан, 2 % глюкоза, май, минералды тұздардан тұрады.
Қан плазмасының нәруыздары глобулин (организмдерді бактериялардан қорғайды. Альбумин (плазмадағы су мөлшерін реттейді). Фиброноген (қанның ұюына қатысады.)
Плазма – су - 90-92%
- глюкоза – 0,12%
- май – 0,7-0,8%
- тұз – 0,9%
- сүт қышқылы
- ферменттер, гармондар
- нәруыз – 7-8% - альбуминдер (4,5% )
- глобулиндер (1,7-3,5%)
- фибриногендер (0,4%)
Фибриногендер – қанның ұюына қатысады.

- құрамынды фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын – қанның сарысуы


(сыворотка) дейді.


Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0,04% -дан аз
болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырылып, тырысып (судороги)
қалады.
Қан жасушалары – эритроциттер (қанның қызыл түйіршікттері)

- лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары)

- тромбоциттер (қан пластинкалары)
Қ ан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты
4,5–5 л. Қанның құрамы – плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады Қан плазмасы – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет