Үйге тапсырма: «Қалай тамақтану керек?» тақырыбында 3 минуттық айтылымға дайындалу.
Жетістік критерийлері:
1. Сенімді, еркін сөйлей алады;
2. 2 нақты дерек келтіре алады;
3. Көркем сөздер қолданады.
Стикерлер,
А3 көлемді блоб ағашы.
|
|
Рефлексия
|
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
|
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
|
1.
|
2.
|
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты
|
1.
|
2.
|
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?
|
|
Жеке жұмыс
1-мәтін
Неге екенін кім білсін, ол тіккен тонның ақысына біздің үйдің алатыны картоп қана. Осы картоптан басқа адал ас жоқ.
Бір күні таңертең Ораз әкемнің көңілін сұрай отырып:
-Мұқан! Шариғатта айтады екен, «ең ауыр ақы – көрші ақысы» деп. Маған биыл көрші қондың ғой сен. Биыл қыс мылтықтың қарауылына, бүркіттің тұяғына ілінген олжаға екеуміз ортақ болайық, - деді.
Осы кеңестен кейін біздің екі үйдің дастарқаны қосылып кетті, Ораз үйінің қоян етінен пісіретін бәлішіне біздің үй де ортақ болады. Бірақ бұл бәлішті екі үй кезектесіп бір күні Ораздікі, бір күні біздікі пісіреді. Үлкендігіне кісінің құлашы әрең жетерліктей зор бәліштің ішіне қоянның етіне араласа картоп та салынады. Молдығы ма, берекелігі ме – бір бәліш екі үйдің жанын лық тойғызады. Әуелі олар бәлішті айнала отырып, қасықпен ішіндегі тұздықты етін соғып алады да, содан кейін сыртқы қабыршағымен шай ішеді...
2-мәтін
Құдайым-ау, қазаққа гендік өзгеріске ұшыраған өнімді тұтынудың қажеті қаншалық? Кең-байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы аймақта тұратын халқымыз жасанды тағамға зар болып отыр ма? Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды пайдаланбасақ та, күнімізді көре аламыз ғой. Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы газеттерден оқып, теледидардан көріп, неше түрлі адам шошырлық жағдайларды біліп жатырмыз. Кейде «Енді не ішіп, қандай тағамдарды пайдаланамыз?» деп ойланып қаламыз. Біз ештеңе емес-ау, жастардың болашағы не болмақ? Жан-жануардың гені қосылып өндірілген тағамды жеу ертеңгі ұрпағымыздың мінезі мен болмысына әсер етіп жүрсе ше? Қытай тамақтары, әрине, арзан ғой. Бірақ арзан екен деп, сапасыз тағамға жүгірмейік! «Ауру - астан» деген атам қазақ. Сондықтан жейтін тамақтарымыздың сапасына мән берейік!

Достарыңызбен бөлісу: |