Байқоңыр қаласы
№ 274 орта мектебі
биология пәнінің мұғалімі Жанузакова Акмарал Бегайдаровна
Сабақтың тақырыбы: §32. Жануарларды қолға үйрету – селекцияның бастапқы кезеңі
Сабақтың мақсаты:
білімділік - оқушыларға селекция ғылымы туралы білім бере отырып, жануарларды қолға үйрету - ғылымның дамуының басты негізі екенін айқындау, мәдени өсімдіктердің шығу тегі мен орталықтары туралы түсінік беру;
дамытушылық – оқушылардың ойлау, есте сақтау, топта шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік – оқушыларды белсенділікке, жауапкершілікке, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың түрі дәстүрлі Әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, «Кім жылдам?» ойын, сәйкестендіру тесті Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, слайдтар, стикерлер, бағалау парақшалары, нысана суреті Пәнаралық байланыс: география, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу; ә) ынтымақтастық атмосферасын құру (бір-біріне жылы тілек айту) ІІ. Үй жұмысын сұрау Сұрақ –жауап «Ғажайып алаң»
Тұқым қуалайтын аурулар неше топқа бөлінеді?
Даун ауруының пайда болу себебі неде?
Ерлер мен қыз балаларда кездесетін хромосомалық аурулардың айырмашылығы қандай?
Гендік аурулардың жиі кездесетін түрі және оның пайда болу себебін түсіндір.
Резус-факторды білу не үшін қажет?
Туыстық некенің жағымсыздығын қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Үй жұмысын қорытындылау Ойын «Кім жылдам?» (мағына –термин)
1.Организмнің ата-аналарынан гаметалар арқылы қабылданған гендердің толық жиынтығы (Генотип)
2. Организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы (Фенотип) 3. Кездейсоқ пайда болған тұқым қуалайтын тұрақты өзгерістер (Мутация) 4. «Мутация» деген терминді ғылымға енгізген ғалым (Де Фриз) 5.Адамның ататегіне шежірелік сызбанұсқа құрып, талдау жасайтын әдіс (Генеалогиялық) 6. Зат алмасудың бұзылуының аруларын зерттейтін әдіс (Биохимиялық) 7.Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңын ашқан ғалым (Н.И.Вавилов)
ІV. Жаңа сабақ 1.Сабақтын тақырыбын, мақсатын анықтау, сабақ жоспарымен таныстыру: Жоспары: - селекция ғылымы және оның әдістері; - жануарларды қолға үйрету – селекцияның бастапқы кезеңі; - жануарларды қолға үйрету аймақтары мен олардың жабайы ататектері;
- мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. 2.Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі (слайд арқылы)
Селекция (лат. «selectio» – сұрыптау) деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде селекция өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың бағалы қолтұқымдарын және микроорганизмдердің қажетті штамдарын алу әдістері туралы ғылым саласы болып табылады.
Іріктеме, қолтұқым, штамм – бұлар адамның қолымен түзілген организм популяциялары.
Қолтұқым – бұл үй жануарларының ерекше формалары, іріктеме – мәдени өсімдіктердің формалары, ал штамм микроорганизмдердің таза себіндісі. Олар нақты морфологиялық, физиологиялық және жоғары өнімділік сияқты тұқым қуалайтын ерекшеліктермен сипатталады. Бұл ерекшеліктердің фенотиптік көрінісі сыртқы орта жағдайларына байланысты. Сондықтан сұрыптау жұмыстарында климаттық факторлармен қатар күтіп – баптау шараларына үлкен мән беру керек.
Жануарларды қолға үйрету – селекцияның бастапқы кезеңі. Адам әуел бастан-ақ өзін қоректік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жабайы жануарларды қолға үйретті, жеуге жарамды өсімдіктерді өсіріп, өнімдерін пайдаланды. Жабайы жануарлар мен өсімдіктер бара – бара адамның іс-іректіне байланысты мәдени формаларға айналды.
Жануарларды қолға үйретудегі ең басты мәселе – оның мінез құлқын өзгертіп, қолға ұстауға бейімдеу, үй жағдайында көбейтіп, өсімтал ұрпақ алу. Б.з.д VI-VIII мың жыл бұрын басталған қолға үйрету әрекетінің нәтижесінде көптеген жануарлар мен өсімдіктерді адамның тұрмыс жағдайына, шаруашылыққа тиімді кеңінен пайдаланды.
Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің мәдени формаға айналу әрекетін зерттеу барысында Ч.Дарвин: «Жабайы түрлер қолға үйрету процесінде елеулі өзгерістерге ұшырады» деген қорытынды жасады.
Қолға үйрету жұмыстарының нәтижесінде байқалған сан алуан өзгерістер адамның шығармашылық рөлін айқындап, оның өсімдіктер мен жануарлардың белгілерін түрлі бағытта өзгертуге қабілетті екенін көрсетті. Кейінгі ғалымдардың зерттеулері бойынша өзгергіштіктің қай формасы болмасын өз алдына қолтұқым мен іріктеменің түзілуіне себеп бола алмайды. Оған тек адам ғана әсер етеді. Ал, тұқым қуалайтын өзгергіштіктің өзі мәдени формалар эволюциясының алғышарттары бола алады. Бұл эволюциялық процесте адамның мақсатты әрекеті бағыттаушы фактрдың рөлін атқарады. Дарвин бұл әрекеттерді қолдан сұрыптау деп атады. Қолдан сұрыптау қолтұқымдар мен іріктеме алудағы негізгі қозғаушы күш деп көрсетті.
Қолдан сұрыптау
Мақсатсыз (санасыз ) –құнды Мақсатқа сай әдістемелік сұрыптау -
белгілері бар дараларды сақтауға
және көбейтуге бағытталған сұрыптау.
Оқулықпен жұмыс
Енді мақсатсыз сұрыптауды толық біліп, түсіну үшін оқулықпен жұмыс жасаймыз. Алдымен, санау арқылы екі топқа бөлінеміз.
Топтық жұмыс (мәтінді оқиды, бір-біріне түсіндіреді, ой бөліседі): а) 1 –топтың тапсырмасы: Жануарларды қолға үйрету аймақтары мен олардың жабайы ататектерін, қай кезден бері қолға үйреткенін анықтаңдар. Адамның жануарларды не үшін қолға үйреткенін
талқылаңдар. 2 – топтың тапсырмасы: Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын, сол орталықта өсетін өсімдіктердің түрін анықтаңдар. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын білудің селекция үшін маңызы. ә) Постер құру, қорғау VІ. Жаңа сабақты бекіту
Сәйкестендіру тесті
Мәдени орталықтар
|
Өсімдік атаулары
|
Дұрыс жауап
|
1. Оңтүстік Азия
|
А. Картоп
|
1. Е, Ж
|
2. Шығыс Азия
|
Ә. Орамжапырақ
|
2. Д
|
3. Оңтүстік-Батыс Азия
|
Б. Банан, құмай (сорго)
|
3. Г, Ғ
|
4. Жерорта теңізі
|
В. Зәйтүн ағашы
|
4. В, Ә
|
5. Абиссиния орталығы
|
Г. Бидай
|
5. Б
|
6. Орталық Америка
|
Ғ. Қара бидай
|
6. И, 3
|
7. Оңтүстік Америка
|
Д. Тары, қарақұмық
|
7. А
|
|
Е. Күріш
|
|
|
Ж. Қант қамысы
|
|
|
З. Талшықты мақта
|
|
|
И. Жүгері
|
|
|
|
|
VІІ. Үйге тапсырма
1)§32. Жануарларды қолға үйрету – селекцияның бастапқы кезеңі (оқу);
2) Белгілі бір өсімдіктердің іріктемелері мен жануарлардың қолтұқымдары туралы хабарлама жазу.
VІІІ. Бағалау. Өзіндік бағалау парағы бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |