Қысқа мерзімді сабақ жоспары:
Тарих пәнінің мұғалімі: Матышова Бибіажар Құндақбайқызы
Пәні: Қазақстан тарихы № 18 орта мектеп Сыныбы: 7 «а,ә»сынып Күні: 22.02.16
Сабақтың тақырыбы:§ 36 Қазақ хандығының құрылуы.
Мақсаты:
Білімдік: Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей хандар туралы мәліметтер бере отырып, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің алғашқы аумағы, этникалық құрылымы туралы мәлімет беру;
Дамытушылық:Жас буынның ата тарихын терең оқып білуге деген қажеттіліктерін қалыптастыру, шығармашылық ізденісін ұщтау арқылы ой қорыту машықтарын дамыту;
Тәрбиелік:Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, тірек - сызбалар, кестемен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: оқулық, карта, сызба, суреттер, электронды оқулық, видео материал
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Әбілхайыр хандығы мен моғолстанның күш-қуаты әлсіреп, күйреуге жетті.
І тапсырма. І тапсырма. Кестемен түсіндір: Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғы шарттары.
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ
хандығының туын тікті.
1465-1466жж. Қазақ хандығы құрылды.
Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасында өзара талас-тартыс толастамады.
Қазақ тайпалары мен рулары мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
ІІ тапсырма. Сыйқырлы таяқша. Кім тапқыр?
XVғ басында қазақ жерінің батысында өмір сүрген мемлекет? (Ноғай Ордасы)
Жетісу аймағында өмір сүрген мемлекетті ата? (Моғол хандығы)
Әбілхайыр хан Ақ Орданың билігін қолына алу үшін күрес жүргізген уақыт: (20жыл)
Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы топтасқан аймақтар саны және оларды ата? 3 аймақ, олар: Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағы
XVғ. өмір сүрген ру-тайпалардың ішіндегі ең күшті саны жағынан көбіде қазақтар деп атаған кім? Ф.Ибн Рузбихан
Қазақстанның қай аймақтарында қалалық отырықшы шаруашылық өркендеді? Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы
Қазақ хандығының негізін салушылар. Керей мен Жәнібек
Мал өсірумен, егіншілікпен айналысқан қай аймақ? Сауран, Орырар, Түркістан, сығанақ, Сайрам, Тараз төңірегіндегі қыстақ-кент тұрғындары
Халықаралық сауда-саттықтың дамығандығын қалай дәлелдейміз?
Қазба жұмыстары кезінде шетелдік теңгелер,ыдыс-аяқтар, қола, күміс бұйымдар табылды.
Жаңа сабақ. §36. Қазақ хандығының құрылуы
«қазақ хандығы» видео ролик көрсетіледі.
Сабақ жоспары:
1. Хандықтың негізін салушы Керей мен Жәнібек.
2.Хандықтың аумағы.
3.Халқының этникалық құрамы.
4. Көрші елдермен қарым-қатынасы.
«Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес.
Соңында қалдырған өнегелі үгісімен, өрнекті ізімен,
кемелді ісімен өлшенеді.»
Мұрат Иман Жапар
Қазақ хандығының негізін салушылар:
Достарыңызбен бөлісу: |