Сабақтың тақырыбы: 4-ші пропорционал шаманы табуға берілген есептермен жұмыс



бет1/3
Дата08.10.2024
өлшемі84,58 Kb.
#205903
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Математика пәнінен сабақ жоспары


Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқу сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: 4-ші пропорционал шаманы табуға берілген есептермен жұмыс
Модуль /пән атауы: Бастауыш сыныптарда арифметикалық, алгебралық, геометриялық материалдарды, математиканы оқыту әдістемесі
Педагог Сыздикова Багила Болатқызы дайындады
2024 жылғы «08» қазан, «09» қазан


1.Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 3-курс, МБТ 22-9/1, МБТ 22-9/2


Сабақ түрі: Тәжірбиелік сабақ


2. Мақсаты, міндеттері:

- есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік/ егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт/ биіктік, ені, ұзындық, көлемі шамаларырының өзара тәуелділігін пайдалану




3.Күтілетін нәтиже:
- шамаларды және олардың бірліктерін атай алады;
- шамалар арасындағы тәуелділікті түсіндіре алады;
- есептерді талдап, шығара алады.


4.Қажетті ресурстар:
Ә.Н.Шыныбеков, 11-сынып. Геометрия оқулығы. «Атамұра» баспасы, 2020 ж.
5.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Cәлемдесу,топты түгелдеу,жағымды ахуал туғызу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
-Дұрыс орындалуын тексеру
-Өтілген тақырыпты қайталау тапсырмалар беріледі. Және тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.
Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептерде тура және кері пропорционал тәуелділіктегі үш шама берілген, олардың екеуі айнымалы, біреуі тұрақты шама, мұнда бір айнымалы шаманың екі мәні және екінші айнымалы шаманың сәйкес мәндерінің бірі берілген, ал бұл шаманың екінші мәні белгісіз болып табылады. Пропорционал тәуелділік арқылы байланысқан кез келген үш шаманы пайдалана отырып, төртінші пропорционалдық шаманы табуға берілген есептердің алты түрін құруға болады.
Таблицада 1 нәрсенің бағасы, саны, қүны шамалары бойынша төртінші пропорционалдық шаманы табуға берілген есептердің классификациясы берілген.
Таблицада көрініп түрғандай, бірінші төрт есеп шамалары тура пропорционал тәуелділіктегі есептер, ал соңғы екеуі кері пропорционал тәуелділіктегі есептер. Осы алты есептің әрқайсысын тұрақты шаманың мәнін табу тәсілімен шығаруға болады, ягни әуелі тұрақты шаманың мәнін табу керек, содан кейін оны пайдалана отырып, ізделінді шаманы табу керек. I және II түрдегі есептер үшін бұл тәсіл, сондай-ақ бірге (бірлікке) келтіру тәсілі деп аталады.
Содан кейін шамалардың мынадай жаңа топтары енгізіледі: жылдамдық, уақыт, қашықтық; тік төртбұрыштың ұзындығы, оның ені мен ауданы; бірлік ауданнан алынған өнім, аудан, барлық өнім.Осы түрдегі есептермен жұмыс істеудің ерекшелігін карастырамыз.Балалар баға, сан, құн шамаларын операциялауда мол тәжірибесі болғандықтан алдымен осы шамалармен берілген есептерді енгізген жөн, сонымен қатар алдымен 1 турдегі есептерді қарастыру керек. Қарастырылып отырған есептердің алғашқыларын суретпен иллюстрациялап көрсету және таблицаға қысқаша жазуды орыңдаған пайдалы.Мысалы, мынадай есеп ұсынылады: «Оқушы бірдей бағамен 6 тор дәптер және 9 жолды дәптер сатып алды. Тор дәптерлер үшін ол 42 теңге төледі. Ол жолды дәптер үшін қанша ақша төлеген?». Есепті окығаннан кейін мүғалім тақтаға суретін салады немесе дайын суретті пайдаланады
(4-ші пропорционал шаманы табуға берілген есеп)

2. Дайындық жұмысы.Тұрақты шаманы табуға есеп құрастыру
2 қалам 10 теңге тұрады, бір қалам канша теңге тұрады?
3. Мазмұнын талдау.
Есепте не туралы айтылған? (Дәптер туралы)
Есепте не белгілі? (6 тор дәптер 42 теңге тұратыны)
Есепте не белгісіз? (1 дәптердің қанша теңге тұратыны)
Есеп не сұрайды? (9 жолды дәптердің қанша теңге түратыны).
4. Талдау:
Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? (Болмайды).
Неліктең? (Себебі 1 дәптердің канша теңге түратынын білмейміз).
Ал оны табуга бола ма? (Болады).
Қандай амал қолданамыз? (Бөлу).
Енді есептің сүрағына жауап беруге бола ма? (Болады).
Қандай амал қолданамыз? (Көбейту).

  1. Содан кейін мүғалімнің басшылығымен кысқаша жазылады

Бағасы

Саны

Қүны

Бірдей

6 дәптер


3 дәптер

42 теңге


?

6. Бірінші есептерді шығарғанда оны түсіндіре отырып жазу керек, ал кейінірек мұғалімнің нұсқауы бойынша орындалатын амалдарды кейде түсініктеме беріп, кейде түсініктемесіз орындауға болады. Шешуі:
1) 42 : 6 = 7 (тг)
2) 7  3 = 21 (тг)
Жауабы: 21 теңге
7. Тексеру үшін кері есеп күрастыру керек.
. 42 теңгеге 6 дәптер сатып алынды, осындай 21 теңгеге қанша дәптер сатып алуға болады?
21 теңгеге 3 дәптер сатып алынды, осындай 42 теңгеге қанша дәптер сатып алуға болады
Дескриптор:

  1. Есептің мазмұнын оқиды.

  2. Шешу жолдарын түсіндіреді.

  3. Өрнегін оқиды.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет