Сабақтың тақырыбы: §43Ас қорыту мүшелерінің құрылысы Мақсаты



Дата07.05.2017
өлшемі30,84 Kb.
#15695
түріСабақ
Астана қаласы

Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы

Биология пәні мұғалімі:Ахмедиярова Мақпал Бауыржанқызы


8 сынып

Биология




Сабақтың тақырыбы:

§43Ас қорыту мүшелерінің құрылысы




Мақсаты

Білімділік: Оқушылардың білімділігін жан- жақты жетілдіру.Ас қорыту мүшелері жайында түсіндіру.
Дамытушылық : Тақырып бойынша сызба, схемаларды пайдалана отырып оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке, адалдыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.Маңызын ескере отырып қорғау



Сабақтың_түрі__Дәстүрлі_сабақ__Сабақтың_әдіс-тәсілдері'>Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері

түсіндіру, сызба-нұсқа, сұрақ-жауап

Сабақ


1.Ұйымдастыру/1мин/

2.Үй тапсырмасын тексеру/12мин/

Сұрақ-жауап

  1. Ас қорыту сөлі мен ферменттердің рөлі қандай?

  2. Тамақ өнімдері дегеніміз не?

  3. Қоректік заттар дегніміз не?

  4. Ас қорыту дегеніміз не?

  5. Адам ағзазы үшін тамақтың маңызы қандай?

  6. Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері мен қызметі қандай?

2.№1 тапсырма: Адасқан әріптер

1.Са урыоқт – (Ас қорыту)

2.Кітркеоқ разтта – (Қоректік заттар)

3.Менрефретт- (Ферменттер)

4.Зурынә – (Нәруыз)

5.Міскөру – (Көмірсу)

6.Мйа – (Май)

7.Инматив – (Витамин)

8.Дыреналим ратзат – (Минералды заттар)

9.Тікмісөкід  тқама – (Өсімдікті тамақ)



3.№2 тапсырма: Сәйкесін тап

1.Ферменттер                а)организмдегі негізгі құрылыс материалы

2.Нәруыздар                  ә)организмдегі негізгі энергия көзі

3.Көмірсулар                 б)нәруыз текті зат

4.Майлар                        в)өсімдікті,жануартекті тамақ өнімдері

5.Витаминдер                г)әрі құрылыс материалы,әрә энергия көзі

6.Тағамның құрамы     д)организмнің тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың

жеке тобы



Жаңа сабақ/20мин/

Жаңа сабақ жоспары:

1.Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

2.Асқорыту мүшелерінің бездері

Адам ағзасының қалыпты тіршілік рекеттері үшін оның барлық жасушалары мен ұлпалары үнемі қоректік заттармен қамтамасыз етілуі керек.Қоретік заттарды қажетсінуі,ең алдымен,ағзасының энергетикалықшығынына байланысты.Жұтқыншақ ұзындығы 11-13см болатын бұлшықетті мүше.Мұнда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады.Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді.Өңеш-ұзындығы ,шамамен 20 см болатын бұлшықетті түтік.Өңеш көкет арқылы өтіп,ХI кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.Асқазан –асқорыту жолынының көлемді ұлғаюы.Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан.Пішіні сыйымдылығы 2-3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді.



Жаңа сабақты бекіту/10мин/

1.Ас қорыту мүшелерінің орналасу реттілігін дұрыс тауып,астын сызыңдар

2.Ұғымдардың анықтамасын жазу


Бағалау

Оқушының білім деңгейіне және белсенділігіне қарап бағалау/1мин/

Үйге тапсырма

Кесте толтыру/1мин/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет