Деңгейлік тапсырмалар
№1
1.Электр кернеуі 4 В, кедергісі 1 Ом өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші неге тең?
2. Кедергілері 2 Ом және 3 Ом екі өткізгіш тізбектей жалғанған. Тізбектегі ток күші 1 А. Тізбектің жалпы кедергісін, әр өткізгіштегі кернеуді және жалпы кернеуді тап
3. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 Ампер тоқ күші өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген
4.Егер қалта фонары шамының кернеуі 3, 5В, ал ток күші 0, 28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?
№2
1. Электр кернеуі 6 В, кедергісі 1,5 Ом өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші неге тең?
2. Мыс сымның ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 .Сымның кедергісі неге тең?
ρ =1,68 10-8 Ом*м
3.Кедергілері 3 және 6 Ом резисторлар параллель жалғанғанда, жалпы кедергілері неге тең?
4. Кедергісі 1 кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
№3
Электр кернеуі 8 В, кедергісі 2 Ом өткізгіштен тұрады. Тізбектегі ток күші неге тең?
Алюминий сымның ұзындығы 150 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 .Сымның кедергісі неге тең? ρ =2,7 10-8 Ом*м
Қалта шамының тұғырында 3,5В, 0,28А деп жазылған. Шамда тұтынылатын қуатты табыңыздар.
Егер резистордағы ток күші 10 мА, ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу
мөлшері бөлініп шығады?
IV. Жаңа сабақ Электр тогының жұмысы. Джоуль- Ленц заңы
Елімізде 2017 жылы не өтейін деп жатыр? (ЭКСПО 2017 көрмесі)
Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? («Болашақ қуаты»)
Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? (7 сыныпта механикалық қуат)
Қуат неге байланысты? (жұмыс).
Қазақстан сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар. Алайда, қазір іске қосылған 4 станция небәрі 10 Мегават (МВт) қана энергия өндіреді.
Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады. A=qU; I=q/t
Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең: A=IUt егер I=U/R; U=IR; A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q
SI жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді. 1 Дж = 1А·1В · 1 с
Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады
=
егер I=U/R; U=IR; A=IUT=I2Rt=U2/Rt=Q
Өткізгіштерді тізбектей жалғау үшін A=I2Rt
Өткізгіштерді параллель жалғау үшін A=U2/Rt
1 Вт∙сағ. = 3600 Дж. 1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж. 1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж.
Токтың қуаты Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатыныасына тең:
P=A/t=IU егер I=U/R; U=IR; P=IU=I2R=U2/R
Өткізгіш неге қызады:
Джоуль- Ленц заңы.
Ағылшын физигі Ресей физигі
Джеймс Джоуль Эмилий Христианович Ленц
(1818-1889) (1804-1865)
Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең: Q=I2Rt
Үйреніп ал, қажетіңе жарайды! Электр санауыштар туралы
Электр санауыштардың пайда болу тарихы XIX ғасырдан басталады. XIX ғасырдың бірінші жартысында электр және магниттік қасиеттердің біртұтастығы теория жүзінде дәлелденді. XIX ғасырдың екінші жартысында теорияны практика жүзінде дәлелдеу басталды. Су турбинасына, санауышқа, ток трансформаторына, әр түрлі двигательдерге, динамо- машинаға, шамдарға патент берілді, яғни бұл қондырғылар әр түрлі мақсаттарға қолданыла бастады. Осыған дейін трансформатор жасаған венгр Отто Титус Блати және динамо-машина жасаған Аньош Йедлик и Вернер фон Сименс ең алғашқы индукциялық электр санауыш жасады. Тағы да бұдан басқа (Галилео Феррарис— 1885 жылы, Никола Тесла — 1888жылы, Шелленбергер — 1888жылы), сол кездегі ұдайы электромагнитизмді теориясын дамыта отырып, электр энергиясын өлшейтін электр санауыштардың пайда болуына үлес қосты.
Бұл комерсиялық өнім көпшіліктің сұранысына ие болды. Осы электр санауыштардың көмегімен тұтынған электр энергиясын есептеуге мүмкіндік туды.
1888 ең бірінші айнымалы токтың электр санауышын жасаған ғалымдар Оливер Б.Шелленбергером.
Электр санауыштар классификациясына, түріне, құрылысына қарай бөлінеді.
Электрөлшеуіштер өлшеу шамасына қарай бір фазалық (айнымалы ток өлшеу үшін 200В, 50 Гц) және үш фазалық (380 В, 50 Гц).
Электрмеханикалық индукциялық санауыштың айналатын индукциялық бөлігі (алюминий диск) электр тұтынушыларын қосқанда айналып, есептік тетіктің көрсетуі бойынша шығынды көрсетеді. Құйынды токтың әсерінен алюминий диск айналады.
Электронды санауыштар, айнымалы ток пен кернеудің шығу сигналдарын түрлендіріп, есептеу импульсіне айналдырады. Импульстердің саны белсенді энергияға тура пропорционал.
Электронды электр санауыштардың кепілдік мерзімі электрмеханикалық индукциялық санауыштарға қарағанда көп (4-16 жыл)
Әр айдың соңында әрбір отбасы электр энергиясын төлеу үшін түбіртек алады.Парталарыңда электр энергиясын төлеу түбіртегінің үлгісі жатыр. Әрине электр энергиясының шығынын электр санауыштың көрсеткіші бойынша есептедік. Ал формулаларды пайдаланып электр энергиясының
құнын қалай есептеуге болады?
V. Жаңа сабақты бекіту
Электрондық оқулықты пайдалану (бейне көрініс) Плойка-шаш бұйралағышты 0,5 минут қыздырып барып, одан бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |