Егер бір жүкті суы бар ыдысқа екінші жүкті басқа сұйық құйылған ыдысқа салсақ (батырсақ) таразы тепе-теңдігі бұзылады ма?
Қорытынды: Таразы тепе-теңдігі бұзылады себебі екі түрлі сұйықтың тығыздықтары әр түрлі (ρ) тығыздығы көп болса, кері ығыстырушы күш те көп болады.
Сабақты қортындылау: Оқушы нені білгісі келді.
Архимед күші FA= ρc gVg
ρc- cұйықтың немесе газдың тығыздығы
g- 9,8=10Н/кг
Vg-дененің немесе газдың көлемі
Бүгінгі жасалған зертханалық жұмыс бойынша: Егер (ρс) сұйықтың тығыздығы көп болса, FA-да көп болады.
Егер (Vg) сұйыққа батырылған дене көлемі үлкен болса, FA-даАрхимед күші де көп болады.
Сұйыққа батырылған дене өзі ығыстырып шығарған сұйықтың салмағыан тең салмақты жоғалтады. Оқушыларды бағалау зертханалық жұмысты тексеріп және бүгінгі жұмыс кезінде сұраққа жауап беріп ой бөлісіп отырған оқушылар ескеріледі.
Сабақты оқушылар қортыныдылап дәптерге жазып, зертханалық дәптерді мұғалімге тапсырады. Орнын жинастырып, үйге тапсырма алады.