7.2.2.7– үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Үйкелістің түрлерін біледі , мысалдар келтіре алады.
Басым бөлігі: Әртүрлі денелердің беттеріндегі сырғанау үйкеліс күшін анықтай алады.
Кейбір оқушылар: сырғанау үйкеліс күшінің сандық мәнін есептеп, қорытынды жасай алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Сәлеметсіздерме балалар! Өткен сабақтарда біз үйкеліс күшімен таныстық.
Өткен тақырып бойынша кестені толтырыңыздар. (1 тапсырма) Өткен тақырыпты тексеру.
1 тапсырма бойынша кестені орындайды
1,5Ұпай
жұмыс дәптері
кесте
Сабақтың ортасы
Алдыңғы сабақта өткен үйкеліс күшінің мәнін тәжірибелік тұрғыдан қарастырамыз. Олай болса бүгінгі күн мен сабақ тақырыбын жазыныздар:
«№5 зертханалық жұмыс. Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»
-Бүгінгі сабақта әртүрлі денелердің беттеріндегі сырғанау үйкеліс күшінін мәнін анықтайсыздар.
Бейне сабақты көрсету:
Зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысу
Оқулықты ашындар: Физика, 7 сынып Б.А.Кронгарт 93 бет Физика, 7 сынып Р.Башарұлы 90 бет Оқып, қысқаша конспект жазындар(2 тапсырма) Зертханалық жұмыстың мақсатын, құрал жабдыктар, тапсырмасын және кестесін дәптерлеріңізге міндетті түрде қысқаша жазып, есептеулерді орындап, кестені толтырыңыздар.
Бекіт сұрақтары.(3 тапсырма) 1.Сырғанау үйкеліс күші үйкелесетін беттердің табиғатына және кедір бұдыр болуына тәуелді болады ма?
2. Сырғанау үйкеліс күшін қандай тәсілдермен арттыруға және азайтуға болады?
Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады.
Зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысады.
Дәптерлеріне зертханалық жұмыстан қысқаша конспект жазады.
Зертханалық жұмыс бойынша есептеулерді орындайды, кестені толтырады.
Оқушылар орындалған тапсырмаларын қолданып жүрген платформа арқылы және қол жетімді байланыс құралдары арқылы жібереді.
Оқушының сабаққа уақытылы қатысуына қарай, үй тапсырмасын орындау деңгейіне қарай,зертханалық сабақ кезіндегі тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай, есептеулерді жүргізу деңгейлеріне қарай 10 балдық жүйемен бағаланады.