Мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісіне 4г натрий гидроксидімен әсер еткен. Реакция нәтижесінде қанша тұнба түзілгенін есептеңдер.
30.04.2011 ж
Сабақтың тақырыбы: §67 Галогендер топшасына жалпы сипаттама.
Галогендер айқын бейметалдық қасиет көрсетеді. Ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде орналасқан валенттік электрондар саны 7 тең. Осы 7 электронның 2 s-электрондар,5 p электрондар: s2p5.
Топша бойынша элементтің ядро заряды артқан кезде ядродағы протон саны және атом қабатындағы электрон саны өседі. Галогендердің ішінде ең кіші атом-фтор, ең үлкені-астат.
Галогендер молекуласы екі атомнан тұратын жай заттар болып келеді. Олар: F2, Cl2, Br2, I2
Галогендер металдармен тікелей әрекеттесіп, тұз түзетіндіктен оларды “галогендер” деп атайды.
Галогендер табиғатта қосылыс түрінде кездеседі. Оның бірі NaCl- ас тұзы. Қорабында “йодталған тұз” деген жазуы бар. Ішетін суды хлор қосу арқылы микроорганизмдерден залалсыздандырады.
Бром - дәрі-дәрмек және фотоқағаз құрамында болады.Бос күйінде улы.
Йод – медецинада қан тоқтатуда және дезинфекциялауда қолданылады.
Йод адам ағзасында жетіспесе қалқанша бездің ісігі ауруына шалдығады.
Фтор – қосылыстары тіс эмалінде болады. Тіс эмалі бұзылмас үшін тіс пасталарының құрамына әр түрлі фтор қосылыстарын араластырады.
Керек құрал-жабдықтар:Картоп, нан тілімі, йод ерітіндісі, тамшуыр. Жұмыс барысы: Картоп пен нан тіліміне бір тамшы йод ерітіндісін тамызып,өзгерісті бақыландар.
Демонстрация
“Йодқа сапалық реакция”
Х
Р
М
Ж
Ұ
Ш
К
А
Ф
Л
О
Е
Н
М
А
П
А
Т
Т
С
І
С
Ы
Р
Т
Ж
А
Е
Г
Ж
І
Т
А
У
А
С
Н
Е
Ә
Р
І
Н
Қ
Е
Т
Д
Е
Т
И
Б
Е
А
Ж
Торкөздегі әріптерден сөздерді дұрыс құрастырып оқыңыздар, химия зертханасында естеріңізде болатын өте маңызды қауіпсіздік ережесімен танысасындар. Сөзді жоғарғы шеткі торкөзден бастау керек. Әр торкөздегі әріп бірақ рет оқылады.
Х
И
Ң
Д
Ә
М
Ы
Д
Й
И
М
І
Д
Р
І
Н
М
А
Я
Л
В
Т
Е
А
Т
Л
О
Қ
Ы
И
Т
Ы
Т
Р
У
Б
Р
Е
А
К
П
К
Ө
Г
Е
1. Бірінші дүниежүзілік соғыста хлорды тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған мемлекет.
2. Тез ыдырап кететін тұрақсыз радиоактивті элемент.
3. 1774 жылы швед оқымыстысы К. Шееле алған элемент (сарғылт жасыл түсті, тұншықтырғыш , улы газ).
4. Тоңазытқыш сұйықтар фреондар алуға жұмсалатын элемент.
5. Металдармен тікелей әректтесіп тұз түзетін элементтер.
6. Йодты 1811 жылы қай ғалым ашты.
7. 1886 жылы фторды ашқан химик.
8. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл.
9. Ауада түтінденетін концентрлі ерітінді.
10. Жүйкені жайландыратын, дәрі- дәрмек құрамына кіретін элемент.