Сабақтың тақырыбы: §7 Революция кезінде және Кеңес билігінің алғашқы жылдарындағы Қазақстандағы ұлттық қозғалыс



Дата04.08.2017
өлшемі68,49 Kb.
#22847
түріСабақ
ШҚО Семей қаласы.

«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат» КММ

Тарих пәні мұғалімі Жунусханова Карлыгаш Кенесхановна
9-сынып. Қазақстан тарих

Сабақтың тақырыбы: §7-8. Революция кезінде және Кеңес билігінің алғашқы жылдарындағы Қазақстандағы ұлттық қозғалыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстандағы қоғамдық ахуал, уақытша үкімет беделінің төмендеуі және ұлттық мемлекет құру идеясының жандануы туралы түсіндіру;

Дамытушылық: Қоғамдық өмірдегі саяси шиеленістер кезеңінде қазақстанның қазақстанның саяси жағдайы, ұлт зиялыларының іс-әрекеттері мен нәтижелерін көрсету.

Тәрбиелік:Ұлттық бірлік, ұлттық тұтастық хақындағы оқушылардың отаншылдық сезімін ояту;

Коррекция:Ұсыныс бойынша көру қабілетіндегі кемшіліктерді түзету

Сабақтың көрнекілігі. карта, сызба, кесте.

Сабақтың әдісі. Аралас сабақ.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Кеңес өкіметінің орнауы.

2.Қазан ревалюциясының жеңісі

3.Болшевиктердің алғашқы шаралары.

4.Ұлт мәселелерінің қойылуы.

Жаңа сабақтың жоспары:

1.«Алаш» партиясының құрылуы

2.Алаш қозғалысының тарихи маңызы

3.Мұсылман үкіметінің құрылуы және олардың большевиктермен қақтығысы.

4.Алашорда үкіметі және оның бұқара арасындағы беделінің артуы.

Сабақты «Алаш» партиясының құрылуына 100 жыл». Семей Алаштың астанасы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы универститетінен құрылған ғылыми-зерттеу орталығы құрылған сол орталықтың директоры тарих ғылымының профессоры Мұхтарбек Карпыковичтың сұхбатынан бастайық.








Не? Неге?

Қайда? Қашан?

Қашан?

Кімдер?

Уақытша үкімет беделінің төмендеуі













Қоқан автономиясының құрылуы













Алашорда үкіметінің саясаты













Алаш және кеңестер тайталастығы












«Алаш» партиясының шын мәнінде қандай партия болғандығы туралы өз тұғырымнан зерттеп, оқырманға өз ойымды жеткізе білу.

Ал оны білуде алға қойған міндеттерім:

«Алаш» партиясының құрылуын, оның не мақсатпен құрлығандығын;

Партия өмір сүргенінде қандай қызмет атқарды;

Өз алдына қойған мақсатына жетті ме;

Партияның бағдарламасын толыққанды зерттеу.

«Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі

1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық – демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жқнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов кейінірек «Қазақ» газетінің 1917 жыылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында (хат «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы №29 санында басылды) жан-жақты негіздеді. Осы сұраққа кадет партиясынан неге шықтым» деген сұраққа жауабында Ә.Бөкейханов негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: «кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн» дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса. Башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып қалады.

Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық.

1. Мемлекеттік басқару формасы.

2. Автономия құру мәселесі.

3. Жер мәселесі.

4. Халық милициясын құру.

5. Сот ісі.

6. Дін мәселесі.

7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.

8. Құрылтай жиналысын шақыру.

9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.

10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.

11. Халық ағарту ісі.

12. Земство

13. Әйел мәсселесі

14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

Сабақты бекіту:

1.Қазан төңкерісі қарсаңындағы революциялық өрлеу үрдісі неден көрініс береді?

2.Түркістан және Қазақстан халықтарының ұлттық өзін-өзі билеуге ұмтылысы немен аяқталады?

3.Мұсылман үкіметтері алдарына қандай мақсат қойды?

4.Алашордашылардың алдарына қойған мақсаттары мен нақты әрекеттеріне сипаттама беріңдер.

Қазақ зиялылары Ақпан төңкерісін қуана қарсы алды. Себебі, уақытша үкімет демократиялық бостандықтар сөз, баспасөз, партиялар құруға ерік берді. Ә.Бөкейханов «қазақ халықтары үшін Туысқандық, Теңдік, Бостандық күні туды» деп жазды. Алаш зиялылары 1917ж. Орынборда бірінші жалпы қазақ съезін өткізді.








Саяси партиялар мен ұйымдар



Құрылған уақыты



Ұстанған бағыты




Төрағалары




























1




Алашорда




1917ж




Қазақтар Ресей құрамында автономия алуы тиіс



Ә.Бөкейханов

2




Үш жүз




1917ж




Кеңес өкіметін жақтады 




К.Төгісов

3




Большевиктер (КОКП)




1903ж




Ресейде және ұлт аймақтарында Кеңес өкіметін орнату



В.И.Ленин

4




Эсерлер (социалист-революционерлер



1900-1902ж




Ұраны: Жер оны өңдейтіндерге берілсін



В.М.Чернов

5




Кадеттер партиясы: (Конституцияшыл-демократиялық


1905ж




Ресей конституциялық монархия болуға тиіс



П.Н. Милюков

6




Түркістан Федералистер Партиясы (тұңғыш мұсылман партиясы)


1917ж




Түркістан федерациялықПарламенттік республика болуға тиіс


Зәки Валидов




Сабақты бекіту:

1.«Алаш» партиясының құрылуы

2.Алаш қозғалысының тарихи маңызы

3.Мұсылман үкіметтері алдарына қандай мақсат қойды?

4.Алашордашылардың алдарына қойған мақсаттары мен нақты әрекеттеріне сипаттама беріңдер.

Бағалау: өзін-өзі бағалау



Үйге тапсырма: §7-8

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет