|
Сабақтың тақырыбы: "7 саны мен цифры" Сабақтың мақсаты: Білімділік: 7 цифрымен таныстыру, 7 санының құрамын анықтай
|
Дата | 25.08.2017 | өлшемі | 9,51 Kb. | | #27270 | түрі | Сабақ |
| - Алматы облысы
- Еңбекшіқазақ ауданы
- Шелек ауылы
- “Бәйтерек” балабақшасы
- 7 саны мен цифры
- “Алтын-ай” ересек тобының
- тәрбиешісі: Нурбекова А.Ж.
- Сабақтың тақырыбы: “7 саны мен цифры”
- Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: 7 цифрымен таныстыру, 7 санының құрамын анықтай
- білуге үйрету. Тура және кері санауға “+”, “-”
- таңбаларын пайдаланып есептер шығаруға үйрету.
- Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың логикалық ойлау
- қабілетін дамытып, пәнаралық байланыс арқылы
- математика пәніне деген қызығушылығын
- арттыру.
- Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру,
- еңбекқорлыққа тәрбиелеу
- Сабақтың түрі: аралас сабақ
- Сабақтың әдісі: ойын, түсіндірме, әңгімелесу
- Көрнекілігі: слайдтар, суреттер
- Құрал-жабдықтар: үлестірмелік дидактикалық материал
- Сабақтың барысы:
- І.Ұйымдастыру кезеңі /2 минут/
- Психологиялық дайындық.
- Балаларды математика сабағына дайындау
- Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерге бүгінгі күндерің нұрлы болсын, көңіл-күйлерің
- жақсы болсын, сабақтарың жақсы өтсін деп тілеймін.
- Балалар енді біз орнымызға отырайық
- Сабаққа дайынбыз ба?
- Олай болса сабағымызды бастайық
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай?
- Аптаның қай күні?
- Апта күндерін атап шығайықшы?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін біз 7 саны мен цифрымен танысамыз.
- Ал енді ел ауызынан алынған қазақ халқының жеті санын қастерлеп
- Мынандай 7 өсиетін атап өтейік:
- Мектепке бала 7 жастан барады
- 7 шелпек
- 7 ата
- 7 күн
- 7 қазына
- 7апта
- 7 қасиетті сан
- 7 санның құрамы (көрнекілік арқылы балалармен әңгімелесу)
- 7 саны 7 бірліктен тұрады.
- Егер 6 санына 1-ді қоссақ 7 болады + =
-
- Егер 7-ден 1-ді алсақ 6 болады - =
-
- 7 саны 6-дан бір санға үлкен >
- 7 саны 6 санынан кейін тұрады, 7 саны тақ сан.
- Балалар, бүгінгі сабақ ерекше болмақ , себебі бүгін біз орманға серуендеуге
- барамыз.
- Қасқырдың тапсырмасы:
- 1-ден 6-ға дейін тура сана
- 6-дан 1-ге дейін кері сана
- Мынау түлкі: Түлкі бізге қандай тапсырма беретін екен? Түлкі қу, айлакер, сондықтан да қулығын асырып кетіп жүрмесін. Абай болайық.
- Түлкінің тапсырмасы:
- 1. 6 іннен 6 тышқан шықты. Оларға 1 тышқан қосылды. Сонда барлығы неше тышқан болды?
- (Балалрды 7 цифрымен таныстыру)
- 2. 6 қой жайылып жүр. Оларға 1 қой қосылды.
- Сонда барлығы неше қой болды?
- Серуенді одан әрі қарай жалғастырамыз.
- Келе жатып қоянды кездестіреміз. Қоян өзінің жауынан жүйріктігі мен шапшандығының арқасында оңай құтылады. Олай болса “Жоғалған сандарды жинау” ойыны.
- Қоянның тапсырмасы:
- Арыстанның тапсырмасы:
- “Құрамын тап” ойыны
- Аюдың тапсырмасы:
- Есепте:
- Кірпінің тапсырмасы:
- Балапанын көгалда,
- Санай алмай тауық жүр.
- Алтау жүр жүгіріп,
- Біреуі тұр жылынып.
- Бұғының тапсырмасы:
- “Ойлан тап” ойыны
- Маратта бар 5 іні,
- Мұратта бар 2 іні
- Қоссақ 5 пен 2-ні
- Неше болды шешуі?
- 2. Жеті үшбұрыштың үшеуін
- Досың сұрап алады
- Айтшы сонда нешеуі
- Өз қолыңда қалады?
- Дүйсенбіде, доп ойнадық қорада
- Сейсенбіде, серуен құрдық далада
- Сәрсенбіде, сурет салдық сәнді етіп
- Бейсенбіде, би биледік әндетіп
- Жұма күні, жидек тердік қыратта
- Сенбі күні, суға түстік бұлаққа
- Жексенбіде, үйде болдық, демалдық
- Осылайша, өте шықты бір апта
- Дәптермен жұмыс:
- 1. тапсырма
- 7 цифрын ауада жаздыру, дәптерге жаздыру
- 2. тапсырма
- Қорытындылау:
- Балалар бүгін сабақта 7 санымен таныстық, 7 цифрін жазып
- үйрендік.7 санының құрамын анықтай білік.
- Бағалау.
- Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|