Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы»



бет2/3
Дата30.01.2023
өлшемі89,14 Kb.
#166842
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Саба ты та ырыбы А. Байт рсын лы «Адамды ди аншысы» (1)

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың ортасы
15

15 мин


1-тапырма.
Ж.Шығарма үзінділерін жатқа айтады.
Ж/Ж Олар жұпта отырып дауыстап оқиды. Оқушылардың бірі екіншісіне дұрыс айту жолдарын керектігін үйрете алады. (екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т.б.)
С.Мұғалім кейбір оқушыларды сыныптың алдында мәнерлеп оқуға шақырады. Олар негізгі жерлерін жатқа айта алады.
Адамдық диқаншысы
1-оқушы: Адамдық диқаншысы қырға шықтым, 
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!

2-оқушысы: Жаратқан малды Құдай не керекке-


Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
Қалыптастырушы бағалау
2-тапсырма.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу үшін төмендегі кестені толтырады. Оқушы деңгейіне қарай сұрақтарға жауап береді.
Ж/Ж. Мәтіндік зерттеу

Мәтіннен негізгі ойды табыңыз.




Тосын жағдай (Мәтінде қандай тосын ойға кездестіңіз?)




Мәтіннен шығар өмірлік қағида. Әңгімедегі өмірге деген құштарлықтың берілу сипаты, ерлік пен жігер.




Белгісіз және белгілі мәліметтер. Мәтіннен сізге бұрыннан таныс және таныс емес ақпараттарды белгіле.




Ойыңды суретпен бейнеле.




Тәрбиелік мәні бар қорытынды. Оқыған мәтіннен өз өміріңе, іс-әрекетіңе септігін тигізер қандай қорытынды жасадың?




Талдауды қажет ететін тақырыптар. Мәтінге сүйене отырып, осында көтерілген тағы қандай мәселені талдар едің?






3-тапсырма.
Ж. Сыни хабарлама жазу үшін нұсқаулық дайындау:

  • Ақын өлеңі кімнің атынан баяндалады?

  • Лирикалық кейіпкер қандай мінезімен танылады?

Өлең сізге қалай әсер етті?
Деңгейі төмен оқушылар мұғалім көмегімен ақын қолданған өзге сөздердің әсері туралы жаза алады. Үй тапсырмасы: Оқылым тапсырмасы. 5,6-тапсырма.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет