Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы. «Аққу, Шортан һәм Шаян»



Дата20.06.2018
өлшемі17,06 Kb.
#43960
түріСабақ
Ахмет Байтұрсынұлы "Аққу, Шортан һәм Шаян"

  • 0

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы. «Аққу, Шортан һәм Шаян».
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы туралы мағлұмат бере отырып, шығармаларының мазмұнымен таныстыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсінігін, өз ойларын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алуын
және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын ашу арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың көрнекілігі: А. Байтұрсынұлы мен И. А. Крыловтың портреті.
Мысал бойынша салынған сюжеттік суреттер.
Сабақта қолданылатын әдістер: Топтық жұмыс, түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың мақсатын таныстыру.
- Балалар, бүгінгі сабақта қазақ халқының ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры туралы сөз қозғап, мысал өлеңдердің ерешеліктері туралы оқып үйренеміз.

III. Жаңа материалды түсіндіру.


Балалар, бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Қана оқушылар топқа бөліне қоямыз. Топқа бөліну шарты: Қағазға салынған аққудың, шортанның, шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша
аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.
Оқушыларға алдын ала әр түрлі үй тапсырмалары берілген, олар әрқайсысы өз сұрақтары жөнінде ізденіп, оны тірек - сызбалары арқылы салып, соған жазып түсіндіруі керек.
1 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі.
2 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары.
3 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері.
Топ оқушылары бір - бірден шығып үй тапсырмаларын қорғайды.

Қысқаша толқтырулар. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым, ақын, аудармашы, бірнеше оқулықтардың авторы. Туған жері қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А. Байтұрсынұлы ең алғаш рет «Әліпби»оқулығын жазған. Оның «Қырық мысал», «Маса»деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін


Адал қызмет етуге арнаған адам. Оған «Халық жауы»деген жала жауып,
жазықсыз құрбан болды.
Ахмет Байтұрсынұлы И. А. Крыловтың мысалдарын қазақшаға аударып, оны кітап етіп шығарған. Солардың бірі – бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян»мысалы.
Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы - мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы - ақындар. Сонымен қатар 3 - сыныпта оқып кеткен «Бидай мен қаңбақ»мысалының авторы Асқар Тоқмағанбетов – жаңашыл мысалшы. Міне осындай ақын - жазушылардың арқасында мысал жанры қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.

Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып беремін. Бірнеше оқушыға мәнерлетіп оқытып, сұраққа - жауап аламын.


- Балалар, олар қалай өмір сүреді?
- Олар не істемек болды?
- Олардың жүктері неге қозғалмады?
- Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?
Оқушылар, мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік.
Негізгі ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті.

Ой қозғау.


1 - топ. «Аққулар»
- А. Байтұрсынұлының түйінді ойықай жерде жазылған?
- Бұл мысал бізді неге шақырады?
(Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру)
2 - топ. «Шортандар»
Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақалдарын жазу. Мысал:
1. Бірлік болмай, тірлік болмас.
2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Топ мүшелері жазған мақалдарының мағынасын түсіндіреді.
3 - топ. «Шаяндар»
Осы мысалды сахналық қойылым ретінде дайындайды
Бұл тапсырмада балалар алдын ала мысалды диалогке айналдырады.

Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген арба тауып алып, қатты қуанышқа кенеледі.


Аққу айтады: - Достар, келіңдер мына арбаны әуеге тартып шығарайық,
Шортан айтады:
- Мұны көлге апарайық,- дейді.
Шаян айтады:
- Жоқ онан да мұны құмға апарайық.
Автор:
- Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды
Осылайша балалардың әрқайсысы өз ойларын айтып, мысалды әр үрлі импровизация жасайды.

Сергіту сәті.


Ал, балалар, тұрайық,
Қане, қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық,
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп, жүзіп алайық,
Қане, айналып, қарайық.

Дәптермен жұмыс:


Мақал - мәтелдер жазу.
1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,
Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
2. Бірлік болмай, тірлік болмас.
3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Қорытындылау: - Не үйрендік? Не білдік?


Үйге тапсырма:
Мысалды мәнерлеп оқып, түсініп келу.
Кейіпкерлердің суреттерін салып, әрқайсысына мінездеме жазу.
Бағалау:




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет