Сабақтың тақырыбы: Абай -дана, Абай дара Сабақтың мақсаты



Дата08.06.2018
өлшемі20,54 Kb.
#41587
түріСабақ
Абайтану 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Абай –дана, Абай – дара Сабақтың мақсаты: Білімділік: Абай шығармашылығы туралы іздену, Абай шығармасын, өмір жолын тереңдеп оқытып үйрету. Абайдың қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, адамзат өміріндегі маңызын танып білу, Азбайтын, тозбайтын басты байлығымыз – білім мен ғылымды жастардың санасына сіңіру; 2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өмірге көзқарастарын дамытып, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, Абай тілінің мағынасын, шеберлігін, тереңдігін түсініп, әдеби тілдік қорда қолданып, сөйлеу тілдерін шыңдау.;3. Тәрбиелік мақсаты: Сөз өнеріне қызығушылыққа, ізденушілікке баулу, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу, сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу; Сабақ түрі: дамыта оқыту Сабақ типі: жаңа білім үйрететін сабақ. Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс, топпен жұмыс, баяндау, талдау, венн диаграммасы, қосымшаәдебиетпен жұмыс, проблемалық сұрақтарды шешу, іздену. Көрнекілігі: Абай портреті, буклеттер, қосымша әдебиеттер, интерактивті тақта, бейне көрініс, карта, қанатты сөздер: Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру. (оқушыларды түгелдеп, топқа бөліп отырғызу) Жаңа сабақ ІІ. Кіріспе сөз. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла, Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деген ұлы Абай өмірінің қыр-сырын, өсу жолдарын, қоршаған ортасын тереңдей оқып, шығармашылық қайнарына бас қою, үйрену, талдау – мақсатымыз. Белгілі абайтанушылар: Мекемтас Мырзахметов,Таласбек Әсемқұлов, Тұрсын Жұртбай. Міне, осындай абайтанушылардың ізімен сендер де өздеріңе берілген тапсырмалар бойынша ізденген тақырыптарыңды ортаға салыңдар. Біз бес топқа бөлініп, Абай шығармашылығын төмендегіше топтаған болатынбыз. І топ. Абай ұрпақтары. ІІ топ. Абайдың өлеңдері мен поэмалары. ІІІ топ. Абай – сазгер. ІҮтоп. Абайдың қара сөздері. Ү топ. Абай –аудармашы. Әр топ өздерінің ізденген тақырыптары бойынша сөйлейді. Мысалы. І топ. Абай мен Құнанбай арасындағы қарым-қатынасты, әке тәрбиесін Абай туралы түсірілген деректі фильм арқылы көрсетеді. ІІ топ. Абайдың өлеңдері мен поэмаларының тақырыптары, Абай тілінің шеберлігін айта келіп, өлеңдері мен поэмаларынан жатқа үзінді оқиды, кейбір өлеңдерін әнімен тыңдатады. ІІІ топ. Абайдың сазгерлігі туралы айтып, халық арасында әнімен айтылып жүрген өлеңін тыңдатады. Сонымен бірге, француз әншісі ----- Абайдың «Көзімнің қарасы» деген өлеңін қазақша айтқанын айта келіп, тыңдатады. Өздері де бір әнін орындайды. ІҮ топ. Абайдың қара сөз жазудағы мақсатын, яғни бірінші қара сөзін тыңдата отырып, өздері бір қара сөзін жатқа айтып, олардың тақырыбы, тәрбиелік мәнін түсіндіріп кетеді. Ү топ. Абайдың аудармаларына тоқталып, Абай аудармасының ерекшелігі туралы айтып, аудармаларынан үзінді оқиды, «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің немісше, орысша және қазақшасын тыңдатады. Оқушылардың жалпы білімін тексеру. Тест:

1. Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды? А. 18 Ә. 14. Б. 17. В. 25. 2. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?


А) «Әзім әңгімесі»
В) «Масғұт»;
С) «Ескендір»;
Д) «Еңлік - Кебек»;
Е) «Ләйлі - Мәжнүн». . 3. Құнанбай Абай бойынан неше кемшілік табады? А. 3. Ә. 2. Б. 5.

4. Абай нешінші қарасөзінде мақал- мәтелдерді сынайды?

А. 29. Ә. 17. Б. 29. В. 15. 5. Абайдың неше күйі бар?



А) 3
В) 2
С) 1
Д) 4
Е) 5. 6. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
А) 1909ж. Петербург
В) 1898ж. Орынбор;
С) 1904ж. Қазан;
Д) 1908ж. Петербург;
Е)1896ж. Қазан;

7. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады».
А) Жетінші;
В) Он сегізінші;
С) Он тоғызыншы;
Д) Отызбірінші;
Е) Отызсегізінш 8. Абай мұражайына бейнефильм арқылы саяхат жасаймыз.

9.Қорытынды. Мен үшін жаңалық. Оқушылар осы сабақтан қандай жаңа мәліметтер алғанын айтып, ортаға салады. 10. Үйге тапсырма. Абай жайлы ізденуді жалғастыру.


Теміртау қаласы әкімдігінің

«Теміртау қаласының №17жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «Абай – дана, Абай – дара»

(қалалық семинар)



9-сынып

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің

мұғалімі М.С. Алиева

Теміртау -2015 ж.
Каталог: uploads -> doc -> 116f
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
116f -> Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктер. Сабақтың мақсаттары
116f -> Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп балабақшасының бастауыш пән бірлестігі
116f -> Сабақтың тақырыбы : Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі
116f -> Қадыр Мырза Әли. Етістіктің болымды, болымсыз түрі
116f -> Тақырыбы: спид – ХХІ ғасыр індеті. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет