Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№8-тапсырма. Абай қарасөздерінің тарихи құндылығы неде? Ойларыңды дәлелдеп айтып беріңдер.
Абай қарасөздерінің тарихи құндылығы туралы өз ойларымен бөліседі. Пікірлеседі.
Дескриптор: Жалпы -5 балл. - Өз ойымен бөліседі.
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
№9-тапсырма. «Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласамыз...» деген ойшыл ақын тағылымына сыни хабарлама жазыңдар.